№ 19 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі: Сулеймен Қ.Ш.
Сабақтың тақырыбы: Жазғытұры
Білімділік мақсаты: Өлеңді оқып, ақынның табиғатты, ауыл өмірін бейнелеудегі ерекшелігін сезуге және лирика туралы алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік жасау.
Ұштастыра дамытушылық: Қайталау арқылы еске түсіру, білетіндерін санада жаңғырту арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік: Өмірмен байланыстыру арқылы әсемдікті көре және ести білуге, көргені мен естігенін көркемдеп айта білуге жағдай туғызу.
Сабақтың типі: білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас, ұжыммен.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, СТО.
Формасы: топпен
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, табиғат суреттері, интербелсенді тақта, видеофильм, үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бүгінгі күннің сабақ үрдісі.
І. Ұйымдастырушылық кезеңі: Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын шолу.
1. Тұманбай Молдағалиев кім?
2. Жаттаған өлең шумағын айту.
3. Қазақстандағы көлдің аттарын айту.
Үй тапсырмасын қорытындылау: Ақын өлеңдегі көлдің бейнесі мен әдемілігін қалай суреттегенін сипаттап айтып көрейікші.
Логикалық сұрақ: Мұз құрсауынан босап, сең жүрген кез қалай аталады?
Жаңа сабақ.
І. Қызығушылығын ояту.
Абайдың бұрын өтілген, балалар білетін өлеңдерінен бір-бір жолдан үзінді оқу.
Тапсырма.
А) Оқыған өлеңді ары қарай жалғастырып айтып жіберу.
Ә) Ол үзінді қандай өлеңнен алынғанын айту.
Мысалы: 1. «Ой балалар, балалар!»
2. «...басқан жері сықырлап келіп қалды».
3. «...Аппақ қардан омбылап»...
- Ия, қыс кезінде Төлеген Айбергеновтың «Қыс» өлеңін оқығанда «Аппақ қардан омбығып көктем іздеп келем мен»-деп, іздеген көктеміне де жеттік. Бүгін біз Абайдың «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз.
ІІ. «Ой шақыру» стратегиясы
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыстың мезгілі несімен біздің есімізде қалды?
- Көктем мезгілін сендер қалай суреттейсіңдер?
- Көктем мезгілі несімен қызықты?
Сергіту сәті.
ІІІ. Мағынаны тану сатысы.
- Сендер Жазғытұры мезгілін осылайша суреттейді екенсіңдер, ал Абай атамыз қалай суреттейді екен. Тақырыпты бастамас бұрын Абай атамыз туралы не білеміз, еске түсірейік.
- Абай атаны сендер кім деп танисыңдар? (Абай ұлы ақын, сазгер, аудармашы т.с.с тақтада ілінеді)
- Қандай өлеңдерін білесіңдер?
- Табиғат туралы шығарған өлеңдері қандай?
- Абай ақынның бірқатар өлеңдерін біледі екенсіңдер. Бірнеше өлеңдерін халық мүддесін қорғауға алған. Сонымен қатар Абай атамыз азаматтық, махаббат, философиялық лирикаларды жырлаған.
Лирика деген не? Лирика дегеніміз ақынның көңіл-күйінен, ішкі толғанысынан, дүниетанымынан шығаратын өлең.
Соның айғағы Абайдың табиғат туралы лирикалық өлеңдері. Ол табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан көріністерін, құбылыстарын жырлаған.
Ендеше, бүгінгі сабағымызда Абай ата жырлап суреттеген «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз. Қазір табиғат көрінісінен қысқаша видеоролик тамашалайық.
IV. Оқулықпен жұмыс: Өлеңді түсініп, іштей оқу, шумақтап кезекпен оқу, шумақтың мағынасын ашу.
V. Сөздікпен жұмыс:
Масатыдай құлпылар – кілемдей түрленер.
Анталаса – топтала, үйіріле.
Мазатсып – рақаттану, масайрау.
Тапсырма:
1. Өлеңнің ішінен 4-5 сөз, немесе сөз тіркесін жазу.
2. Комментариймен
Кілтті сөз / сөз тіркесі Комментариймен
Үнтаспадан түрлі дыбыстарды тыңдап, есту арқылы ажырату және оны кітапта белгілетіп отыру (боздаған түйе, қордағы мал дауысының шуы, дуылдаған құстар, сыбдыр қаққан су, балалардың шуы, қаз бен аққулардың қиқуы).
Сергіту сәті: сұрақ – жауап:
- Өлеңдегі дауыстар қалаға тән бе, әлде ауылға тән бе?
- Ақын қай жердің көктемін суреттеген?
- Өлеңде күн көзін ақын неге ұқсатады?
- Көктемді көріп тұрған ақынның көңіл – күйі қандай? (дәлелдеу, үзінділер оқу)
VI. Ой толғаныс сатысы. Тілше қағаздардағы аралас сөздерді тауып, гүлдесте құрастыру. Абай көктемді, қала көктемі (ішіне/сыртына).
VII. Сабақты бекіту
Тақырыпқа сай 5 жолды өлең құрастыру.
Сабақты қорытындылау.
- Автор орындығы.
- Абай өлеңі несімен ұнады?
VIII. Рефлексия кезеңі:
- Қандай жаңа сөздермен таныстық? Абайды қандай ақын деп таныстық?
IX. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Тақырыпқа сай сурет салу.