Әдебиеттік оқу 2 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Кембаева Ләззат Әбдірәсілқызы


Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Буын. Тымақ


Сабақ мақсаты: Сөздерді буынға бөлуді үйрету. Сөйлем ішінен дауысты дыбыстарды таба білу.

Мәтінді түсініп, жүргізіп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сауатты, қатесіз жаза білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: Сөздерді буынға бөлуді үйренеді. Сөйлем ішінен дауысты дыбыстарды таба алады.Мәтінді түсініп, жүргізіп, мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады, қызығушылықтары артады.

Әдіс - тәсілі: «Қызықты сұрақтар» , Миға шабуыл, «Ойлан, топтас, бөліс»,диалог, әңгімелеу, топтық, жеке жұмыстар. Ойын: «Адасқан буынды тап»

Көрнекілігі: түрлі -түсті қағаздар,суреттер, буындар,смайликтер,


Сабақтың барысы:

Кезеңі

уақыты

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Кіріспе

9 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Психологиялық дайындық.


Оқушыларды 3 топқа бөлу:



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Не деу керек?» өлеңін мәнерлеп оқу.

Өлеңді 3 топтан үш оқушыға оқыту.

Бағалау: Смайликтер беру

«Қызықты сұрақтар» әдісі

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауысты дыбыстарды ата

  • Жуан дауысты дыбыстарды ата

  • Жіңішке дауысты дыбыстарды ата

  • Жұп дауыстылар қандай дыбыстар?

Бағалау 2 жетістік, 1 тілек

Сәлемдеседі


Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз.


Түр түске қарай 3 топқа бөлінеді.

(жасыл, көк, сары)


Өлеңді әр топтан 1 оқушы 1 шумақтан мәнерлеп оқиды.



Сұрақтарға жауап береді.







Тұсау кесер

5 мин

ІІІ. Жаңа сабақ: Миға шабуыл.

(Суретпен жұмыс)

Суретте не бейнеленгенін солардың аттарын атап, буынға бөлгізу және неше дыбыстан құралғанын сұрау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

Суретпен жұмыс

Суретте не бейнеленген солардың аттарын атап, буынға бөледі және неше дыбыстан құралғанын айтады.

Сабақтың мақсатымен танысып,

дәптерлеріне күннің ретін жазады.

Негізгі бөлім

23 мин

«Ойлан, топтас, бөліс» әдісі

60 – жаттығу.

1.Сөздерді буынға бөліп оқыту.

І – топ ІІ – топ ІІІ – топ

Апа көке ұя

.- .. .. - .. . -.

2.Төмендегі берілген сөздерді буынға бөліп, бағандағы көрсетілген тиісті сөздердің астына жаздыру.

Бала, ана, тәте, шеше, әке, ата, ою, әже, ию, үю, баба, құда, іні.

3.Сөз буындарының неше дыбыстан құралғанын айтқызу.


Ой шақыру

Жұмбақ шешу:

Төрттен қосқан басы бар,

Маңдайында шашы бар.

Өзің көрген баяғы,

Салпылдайды сабағы.

Тымақ.

Тымақ мәтінімен танысу.

Міржақып Дулатов туралы әңгімелеу.

Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру.

Сөздікпен жұмыс: тымақ – қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағалысы - түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі. Сырты мақпалмен, асыл маталармен тысталады.

Оқушыларға тізбектей оқыту.

Сергіту сәті.

Ойын: «Адасқан буынды тап»
Әр топқа әртүрлі буындар беріледі. Солардан сөз құрату.
1 - топ: қаң..., би...,

2 - топ: жұм..., қар...,

3 - топ: қо..., қа...,

Шығармашылық тапсырма

Суретпен жұмыс

[pic]


60 – жаттығу.

1.Сөздерді буынға бөліп оқиды.

І – топ ІІ – топ ІІІ – топ

Апа көке ұя

.- .. .. - .. . -.

2.Төмендегі берілген сөздерді буынға бөліп, бағандағы көрсетілген тиісті сөздердің астына жазады.

Бала, ана, тәте, шеше, әке, ата, ою, әже, ию, үю, баба, құда, іні.

3.Сөз буындарының неше дыбыстан құралғанын айтады.



Жұмбақты шешуі арқылы мәтіннің тақырыбын ашады.





Автормен танысады.


Мәтіннің мазмұның түсінеді.






Мәтінді тізбектей оқиды.


Сергіту жаттығуын жасайды


Әр топқа әртүрлі буындар беріледі. Солардан сөз құрайды.





Суретке қарап әңгіме құрайды

Қорытынды

8 мин

«Ойлан, топтас, бөліс» әдісі

1 - тапсырма. Нұрмаш әкесінің тымағын не үшін кигісі келді?

2 - тапсырма. Әкесінің тымағын киген Нұрмашты сипттаңдар.

3 - тапсырма. Бекбай атай неліктен тымаққа тіл қатты.

4 - тапсырма. Өзіңнің үлкендерге ұқсағың келе ме? Неліктен?

Рефлексия

Ұнады. Не қиын болды?


Бағалау

«Бас бармақ» әдісін ұсыну





ҮІ. Үй тапсырмасы:

Тымақ мәтінін мазмұндау.





Сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын айтады.






Сабақтан алған әсерлерін бөліседі.


«Бас бармақ» әдісін қолданады

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.


Үйге берілген тапсырманы жазып алады. Түсінбеген жерін сұрайды.