Сабақтың тақырыбы: Лексиканы қайталау (Модульдік оқыту технологиясы)
Мақсаты:
Білімділік: Лексикадан алған білімдерін сұрақ, жаттығу, тапсырмалар арқылы тексеру.
Тәрбиелік: Тіл мәдениетін үйрету.
Дамытушылық: шапшаң ойлау, ұтқыр жауап беруге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, сөзжұмбақ, ребус, бейнетаспа.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды үш топқа бөлу.
І топ «Омонимдер»
ІІ топ «Синонимдер»
ІІІ топ «Антонимдер»
ІІ. Сайысты жүргізу.
1-сайыс: «Үндемес ойыны»
Әр топқа тақырып бойынша мысал жазу тапсырмасы беріледі. Бір сөзге 1 ұпай беріледі.
«Омонимдер» тобына- сөздің тура мағынасына сөздер жазу.
«Синонимдер» тобына-ауыспалы мағынадағы сөздер жазу.
«Антонимдер» тобына- көп мағыналы сөздер жазу.
2-сайыс: «Ойыңды сен жинақта,
Ой толғауды аяқта»
Үш топқа да бір тапсырма беріледі, бұл тапсырманы топ болып орындайды. Бір оқушы шығып тапсырманы оқиды.
Астана туралы бейнетаспадан үзінді көрсетіледі. Астана туралы ой толғаймыз. Астана туралы ойларыңды жаза отырып, лексика тарауы бойынша өткен антоним, синоним, омоним, мақал-мәтел сөздерді қатыстыруларың керек.
3-сайыс: «Ойлан тап»
Үйде дайындап әкелген сөзжұмбақтар мен ребустарды әр топтан бір оқушы шығып шешеді.
4-сайыс: «Интерактивті тапсырма»
Электрондық оқулық арқылы үш топқа интерактивті тапсырмалар беріп, білімдерін тексеру.
5-сайыс: Сурет бойынша қысқаша әңгіме айту. (Топ басшылары орындайды). Қалған оқушылар әңгімелерді дәптерге жазады.
ІІІ. Қорытынды. Әр топтың ұпайы есептеледі. Жеңімпаз топ пен белсенді оқушылар анықталып, марапатталады.
ІY. Бағалау.
Y. Үй тапсырмасы: тест сұрақтарына дайындалу.
Сабақтың мақсаты:1.білімділік: алған білімдерін, іскерлік дағдыларын тексеру, бағалау, таным белсенділігін арттыру;
2. дамытушылық: сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізуге машықтандыру, өткен ережелерге қорытынды жасауға үйрету;
3. тәрбиелік: тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, нақты түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сәйкестендіру тест.
Сабақтың көрнекілігі: карточка, слайд, интербелсенді тақта, кітап.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын қадағалау.
II. Мұғалімнің сөзі: – Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде ерекше сабақ, яғни, ашық сабақ.
Эпиграф: Қайталау – оқу анасы,
Мақалдың ішіндегі данасы.
Білімді берік игерсең,
Ешкімнің жоқ таласы.
-Қымбатты балалар! Сендер зерек, дарынды, білуге құмар, қиялы ұшқыр, ойы өткір, арманшыл ұрпақтың өкілдерісіңдер.
-Бүгінгі сабағымыз лексикадан өткенді қайталау. Лексика ғылымы нені зерттейді? (Тірек сызба арқылы)
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
III. Берілген антонимдер бойынша мақал-мәтел айту.
1-топ:
Дұшпан – дос (Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады)
Жақсы – жаман (Жаман адам қауып айтады, жақсы адам тауып айтады)
2-топ:
Әдепті-әдепсіз (Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала)
Туады – өледі (Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі)
IY. Жазылған синонимдерді сәйкестендіру.
1-топ:
Алыс биттей
Үлкен келбет
Кішкентай қажырлы
Ажар дәу
Қайратты шалғай
2-топ:
Тамақ лезде
Таңертең есендесу
Ертеде азанда
Жылдам ауқат
Амандасу баяғыда
Y. Карточкамен жұмыс.
1-топ: Табу сөздер.
I деңгей:
Табу сөз дегеніміз не?
II деңгей:
Мына сөйлемнен табу сөздерін көрсет.
- Ойбай, Тентекжан, жүр, ауылдың адамдары жүгіріп келеді,-деп, шелегін жерден көтеріп-ақ алды. (Б.Майлин)
III деңгей:
Мәтін қай ертегіден алынған үзінді? Ішінен табу сөзді көрсет.
- Бикеш-ау, күйеу таңдаймын деп, сен де жұртты басындырып болдың-ау! (Аяз би)
2-топ: Эвфемизм және дисфемизм сөздер.
I деңгей:
Эвфемизм және дисфемизм дегеніміз не?
II деңгей:
Эвфемизмді бір бөлек, дисфемизмді бір бөлек топтап жаз.
Мылжың, сараң, аузы жеңіл, өлді, қолынан түк келмейді, қолының жымысқысы бар, ұрлықшы,құлағының мүкісі бар, ақсақ, қоспай айт, ақ саусақ, саңырау, қолды болды, сөзуарлау, бақиға аттанды.
YI. «Сергіту» ойыны. Мен сендерге тұрақты тіркестерді оқимын, соның қандай мағына беретінін бір сөзбен айту керек.
1. Тайға таңба басқандай (анық)
2. Жұмған аузын ашпау (сөйлемеу)
3. Қырық пышақ болу ( араздасу)
4. Ит арқасы қиянда (алыс)
5. Жанын қоярға жер таппау (әлек болу)
6. Бауыр басу (үйрену)
Келесі ойын – «Қалай дер едіңіз?» (керісінше)
1. Айтпау (тіс жармау)
2. Көмектесу (ат салысу)
3. Өкіну (бармағын тістеу)
4. Жалқау (ақ саусақ)
5. Батыр (жүрегінің түгі бар)
6. Момын (қой аузынан шөп алмас)
YІІ. Сөйлем ішінен неологизмдерді табу.
1-топ:
1. Елбасы мінген ұшақ Астана әуежайына келіп қонды.
2. Қаламыздың Конституция даңғылы бойында Абай мен Пушкинге арналған ескерткіш орнатылды.
2-топ:
3.Үстіміздегі жылы атам мен әжемнің зейнетақысы көбейді.
4. Жазғы демалыста оқушылар мектеп үлескісінде жұмыс істейді.
YІІІ. Кітаппен жұмыс. 165-жаттығу
Тапсырма: мәтінді оқу, мазмұнын әңгімелеу, неологизмдерді тауып, теріп жазу.
Х. Лексика тарауы бойынша тест сұрақтары
1. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы.
А. Синтаксис. В. Морфология С. Лексика
2. Тұрақты сөз тіркесін ажырат.
А. Ашық жер. В. Қоян жүрек. С. Хат жазу.
3. Мақал-мәтелді тап.
А. Бала шаба жөнелді. В. Білімді бол. С. Ақылды бала-арлы бала.
4. Антонимді ажырат.
А. Қызыл-ақ. В. Ақ-қара. С. Қызыл-көк.
5. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.
А. Ел үмітін ер ақтар. В. Көк алманы алма. С. Қарақұс-жыртқыш құс.
6. Дұрыс жазылған сөз.
А. Жыуу В. Жуу С. Жуыу
7. «Жалығу» сөзінің синонимін табыңыз.
А.Зерігу, құмар болу. В. Еріну, көшіру. С.Зерігу, іш пысу.
8. Неологизм сөзді белгіле.
А.Несие. В. Гарантия. С. Процент
9. Көнерген сөзді тап
А. Саяжай. В. Найза. С. Сәулет
10. Табу сөзді көрсет.
А. Шырайлым. В. Бауырмал. С. Қайратты.
Тест жауаптарын тексерту (оқушылар жұптасып бір-бірінің жауаптарын тексереді).
Дұрыс жауаптары: 1-С 5-В 9-В
2-В 6-В 10-А
3-С 7-С
4-В 8-А
Бағалау нормасы:
«5»- 9,10
«4»- 8,7
«3»- 6,5
«2»- 4,3,2,1
ІХ. Қорытындылау: Лексика дегеніміз не? Топтастыру әдісі арқылы қорыту.
Х. Үй тапсырмасы.
«Лексика» тарауы бойынша ережелерді қайталау.
XІ. Бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, меңгерген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру, білімдегі олқылықтарды жою. ә) Дамытушылық: Сөз байлығын дамыту, сөздік қорын байыту, күрделендіру, ойлау қабілеттерін дамыту. б) Тәрбиелік: Білімге құштарлыққа тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, қайталау, тіл дамыту. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: Білімді қорыту және жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: күнтізбе, калейдоскоп, түрлі кеспелер, Домбыра.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылардың түгелдеу
ә) Оқу құралдарын тексеру
б) Сабақ жабдықтарын орналастыру
- Оқушылар, біз бүгін сабағымызда лексика тарауын қайталай отырып, тіл ұстарту жұмысымен айналысамыз.
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сынып оқушыларын түске топтастыру арқылы екі топқа бөлеміз.
Бірінші “Мирас” тобына сары түстілер, ал екінші “Мұрагер” тобына көк түстілер отырады.
Сабақ “Аптаның жеті күні” деген атпен сайысы түрінде өтеді
Ұпай сандары
1
Дүйсенбі күні: “Бастапқы сөз”
2
Сейсенбі күні: “Домбыра- дастан”
3
Сәрсенбі күні: “Кім жылдам?”
4
Бейсенбі күні: “Өзіндік жұмыс”
5
Жұм күні: “Топ басшылар сайысы”
6
Сенбі күні: “Қонақ кәде”
7
Жексенбі күні: “Демалу”
І. Дүйсенбі күні: ”Бастапқы сөз”
Біздің бастапқы сөзіміз лексика тарауын қайталап, пысықтауға арналмақ.
Лекика ғылымы нені зерттейді?
Омоним дегеніміз не?
Синоним дегеніміз не?
Антоним дегеніміз не?
Диалект сөз дегеніміз не?
Мақал- мәтел дегеніміз не?
Табу дегеніміз не?
Эвфемизм, дисфемизм неңдей сөздер?
Тұрақты тіркес туралы не білесің?
Кірме сөздер неңдей сөздер жатады?
ІІ. Сейсенбі күні: “Домбыра- дастан”
Домбыра- қазақ халқының қасиетті аспабы. Сендердің алдарыңда домбыра кескініндегі бірнеше кеспелер тұр. Сол кеспелердің артында тапсырмалар бар. Кімде- кім сол тапсырмаларды мүлтіксіз орындаса, домбыра кескінің өзіне естелікке алады.
1-домбыра:Айтулы ерлер бар екен,
Жүйріктері баптаулы.
Найзалары саптаулы ,
Дұшпанға атар жебесі.
Қорамсақпен қаптаулы.
Мына үзіндіден көнерген сөзді тауып,
көнерген сөздің қай түріне жататынын айт.
2- домбыра: Төмендегі тұрақты сөздер тіркесінің мағыналарын анықтап көр:
Тамырына балта шабу, төбе шашы тік тұру, қой аузынан шөп алмас
3- домбыра: Көл дария, көл болса,
Бай мен жарлы тең болса,
Диханшылық көп болса,
Қатерсіз- дағы ел болып. Үзіндіден антоним сөздерді тап.
4- домбыра: Дастархан жайып құрметтеп,
Төкті түрлі жемісті
Жез самаурын қайнаулы,
Союға бағлан байлаулы.
Үзіндіден кірме сөзді тап.
ІІІ. Сәрсенбі күні: “Кім жылдам?”
- Қазір сендердің алдарыңа кадоскоппен бірнеше тапсырма беріледі. Қай топ бірінші болып, қалақшаны көтерсе, сол топ жауап береді.
1. Барын жоқ деп құрынған,
Жұлдызды жатқа санасақ,
Қисап етіп қарасақ.
“Мың асқанға бір тосқан”
Бар емес пе еді бұрыннан. Үзіндіден мәтелді тап.
2.Қазақ тіліне енген төмендегі сөздердің орыс тіліндегі баламасын ата.
Самаурын, жәшік, кәрзеңке, кереует, бәтеңке, сөмке, тәрелке, стақан, шәйнек.
3. Жарлыны көрсе мысқылдап,
Кекесін сөзбен ысқылап.
“Аузы қисық болса да,”
Бай баласы сөйлесін!- Үзіндіден мақалды тап.
4. Ұлы Еділдің бойында,Жүзіп жүрген нән балық. Үзіндіден диалект сөзді тауып, әдеби тілдегі баламасын тап.
IV. Бейсенбі күні: “Өзіндік жұмыс”
Сонымен, балалар, мен “Мұрагер” тобына: “Лексика” атты үйді, ал, “Мирас” тобына: “Тұрақты тіркес” атты үйді беремін. Егерде сіздер Лексиканың немесе Тұрақты тіркестің барлық қасиетін таба алсаңыздар, екі топта үйді дұрыс құрай аласыздар.
V. Жұма күні: “Топ басшылар сайысы”
Бұл сайыс барысында топ басшылары шығармашылықпен айналысады. “Мұрагер” тобының топ басшысына: “Көп қорқытады, терең батырады”, “Мирас” тобының топ басшысына: “Көп түкірсе, көл болады” деген мақалдар беріліп, осы бойынша тіл дамыту жұмысы жүргізіледі. Жұмыстың негізгі мақсаты осы берілген мақалдың шығу тегін анықтау.
VI. Сенбі күні: “Қонақ кәде”
Қазақта қонақ кәде деген жоралғы бар. Онда келген қонаққа сый ретінде ауылдың алты ауызы айтылып, келген қонақтар тарапынан қонақ кәде жасалады.
Естеріңде болса, мен өткен сабақтарда ішінде антоним кездесетін жұмбақтар жазып алып келуді тапсырғанмын. Екі топ бір- біріне қонаққа барып, сол бойынша дайындаған 5 жұмбақтарыңызды жасырып, қонақ кәде жасайсыздар.
VII. Жексенбі күні: “Демалу”
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда жалпы лексика тарауы бойынша өткен материалды меңгердік деп есептеймін. Лексика- сөз байлығын зерттейтін ғылым. Тіліміз сөзге неғұрлым бай болса, соғұрлым жатық та әдемі сөйлей аламыз. Ол үшін көркем шығармаларды көп оқып, мақал- мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерін, синонимдерді орынды жерде пайдалана білуіміз керек.
Енді сабағымызды қорыта келе, екі топтың ұпай сандарын есептеп, жеңіске жеткен топты анықтаймыз. Оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма: Қайталау.
Лексика әлемін шарлау
Сабақтың мақсаты: а) білімділік – лексика тарауынан өткенді қайталап, нақты мысалдар келтіріп, оқушы білімін сарапқа салу;
ә)тәрбиелік – берілген мысалдар арқылы тәрбие тағылымдарынан үлгі алу, оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, тапқырлыққа баулу.
б) дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын арттыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, БИС элементтерін қолдану, жинақтау.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, интерактивті тақта, кеспелер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақтарда қазақ тілінің қай тарауымен таныстық?
Олай болса, «Лексика» саласы қарастыратын мәселелермен танысып, талдап, таратып айтып көрелік.
Көп мағыналы
Сөз мағыналары
[pic]
Омонимдер
тура
ауыспалы
Синонимдер
[pic]
Антонимдер
«Лексика» - дегеніміз не?
«Лексика» сөзі қандай ұғым береді?
Сөздің тура мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.
Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.
Сөздің көп мағыналығы дегеніміз не? Мысал келтір.
Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.
Антоним дегеніміз не? Мысал келтір.
I шапалақ
1.Әр оқушыға тапсырмалар беріледі (кеспелер)
Мұғалім сол нөмірленген кеспелер бойынша оқушылардан тұрақты сөз тіркесінен синонимдік қатар жасағандары туралы сұрақтарға жауап алады.
1.Азуы алты қарыс – қаһарлы.
2.Хабарласпау – ат ізін салмау.
3.Жолы болды – айы оңынан туды.
4.Жуас (момын) – қой аузынан шөп алмас.
5.Қорықты – төбе шашы тік тұрды, жүрегі аузына тығылды.
6.Үндемеу – дымын шығармау.
7.Өкінді – бармағын тістеді.
8.Әп сәтте - өң мен түстей.
9.Білімді – өрісі кең.
10.Ренжісті (өкрелесу) – қырғи қабақ болу.
11.Әдемі сөйлеу – сөздің мйын тамызу.
12.Айтпау – тіс жармау.
13.Дөрекі сөз – сөзі түйеден түскендей.
14.Зерігу – іші жарылу.
15.Жағымпаздану – шашпауын көтеру.
16.Қуану – екі езуі екі құлағына жету.
Сергіту сәті
Мұғалім өткен тапсырмалар бойынша сұрақтар қойып, айтқызып, жауабын сұрайды.
1.Антонимнің сыңарын хормен айтқызу
ақ –қара биік – аласа бала - қыз
ұзын – қысқа аспан – жер темір – ағаш
апай – ағай ата – әже тұр – отыр
семіз – арық оң – сол ал – бер
2.Көсемшенің жұрнақтарын жалғау арқылы көсемше жасау.
-ып, -іп, -п -а, -е, -й -қалы, -келі, -гелі
барып сыза барғалы
келіп бара келгелі
сөйлеп бере қайтқалы
тұрып көре кеткелі
санап қала тұрғалы
жүріп сөйлеп жазғалы
3. Есімшенің жұрнақтарын жалғау арқылы есімше жасау.
-ған, -ген, -қан, -кен -ар, - ер, -р -атын, етін, итын, итін
жазған жазар жазатын
көрген берер беретін
оқыған көрер көретін
берген оқыр оқитын
айтқан алар алатын
санаған айтар санайтын
4.У жұрнағын жалғау арқылы тұйық етістік жасау
бару тұру оқы-оқу
келу есту ойла-ойлау
жүру айту биле-билеу
көру отыру сөйле-сөйлеу
5.Сөзжұмбақ шешу
Б
І
Л
І
М
1. Саудагердің мақсаты (байлық). 2. Есікті ашатын құрал (кілт).
3.Есімше тұлғасындағы етістік (алған)
4.Білім бұлағы (кітап).
5.Оқушының мақсаты (білім)
II шапалақ
Дағды дәптермен жұмыс (5 минут).
Оқушылар кез-келген сөздерді жазады. (1-сөздің мағынасын сұраймын.)
III шапалақ
Әр оқушыға тапсырма
Интерактивті тақтада көрсетілген слайдтармен жұмыс жасау.
I қатар. Интерактивті тақтадағы слайдтар бойынша тақырып қойып, шағын мәтін жазады. Мәтіннің ішінде омоним, синоним сөздер болуы тиіс.
II қатар. Интерактивті тақтадағы слайдтар бойынша сөйлемдер құрау.
Сөйлем ішінде омоним, синоним, антонимдер болуы тиіс.
III қатар. Интерактивті тақтадағы слайдтар бойынша сөйлемдер құрау.
Сөйлемдердің ішінде мақал-мәтел мен тұрақты сөз тіркестерін қолдану керек.
Білімді бағалау
Сабақты бекіту
«Лексика» - дегеніміз не?
Сөз мағынасы нешеге бөлінеді?
Омоним дегеніміз не?
Синоним дегеніміз не? Тап, мысал келтір.
Үй тапсырмасы
Көркемшығармалардан тұрақты сөз тіркесіне омоним, синоним, антонимдерге мысал келтір.
Сабақты қорыту
Осындай жүйелі жұмыстар нәтижесінде оқушының күннен күнге білімге деген ынтасы арта түседі, олар өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптасады, өзін-өзі бағалап, оқудың мәні мен мақсатын айқын түсінеді. Сондықтан сабақ барысында БИС технологиясын қолдану өте тиімді деп ойлаймын.
Қазақ тілі пәні бойынша.
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Өткен материалдарды теориялық тұрғыдан қайталай отырып, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра білуді қалыптастыру;
2. Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін
дамытуда, оқушы сезіміне әсер ететіндей, сабаққа деген ынтасын арттыру үшін кестелер жәнее т.б. құралдар пайдалану.
3. Тәрбиелік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу, Абай өлеңдері арқылы сөз өнерін құрметтеуге, тіл құрметін сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ, топпен жұмыс.
Сабақтың типі: Білімді қорыту және жүйелеу.
Сабақтың әдістері: Талдау, жинақтау, жаттығу. Сұрақ жауап, қайталау.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу өнері.
Сабақ көрнекілігі: Тірек сызбалар, дидактикалық үлестірме материалдар, слайд, проектор.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық дайындық.
III. Сайыс шарттары:
Таныстыру
Зерделі сұрақ, дәлелді жауап
Талдау - табыс кілті
Ойын ой-өрісті дамытады
Мақал - сөздің мәйегі
Қызықты сабақ - қиялға қанат
Шығармашылық жұмыс
Қорытынды
IV. Үйге тапсырма.
V. Білімді бағалау.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеріп, назарларын сабаққа аудару;
2. Бүгінгі сабақ - ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр. Сол кісілерге ілтипатымызды білдіріп қояйық.
3. Үйге берілген тапсырманы сұрау. (Тест арқылы тексеру, бағалау)
II. Психологиялық дайындық:
Алыстан сермеп,
Жүректі тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғау тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл,- дей келе көркем де, сұлу қазақ тілімізге арналған сабағымызды ұлы Абай Құнанбаевтың өлеңімен бастаймыз.
III. Сабақтың мақсатымен таныстыру:
1. Білімділік: Өткен материалдарды теориялық тұрғыдан қайталай отырып, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра білуді қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін
дамытуда, оқушы сезіміне әсер ететіндей, сабаққа деген ынтасын арттыру үшін кестелер ж/е т.б. құралдар пайдалану.
3. Тәрбиелік: Ана тілін сүйуге, қадірлеуге баулу, Абай өлеңдері арқылы сөз өнерін құрметтеуге, тіл құрметін сезіне білуге тәрбиелеу.
IV. Сабақтың барысы: Сайыс сабақ, топпен жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлеміз:
1 топ - Омоним
2 топ - Синоним
3 топ - Антоним
V. Сайыс шарттарымен танысу:
1шарт – «Таныстыру»
1) Әр топ өзінің атымен таныстырады.
Сабағымызда «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын » пайдаланып отырғанымыздан орындайтын шарттарымызды стратегияға бөлеміз:
«Ой қозғау» стратегиясы.(Экраннан)
Эпиграф:
«Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез»
Абай
Үй тапсырмасын тексеру:
2 шарт- «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»
галереяда ой шарлау стратегиясы арқылы тексеру
«Қызығушылықты ояту» стратегиясы.(Экраннан)
Эпиграф:
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын,
оны да ойла».
Абай
деп Ұлы Абай айтқандай, лексикология тереңіне үңілейік.
1) Әр топ жеке тапсырма алады.
1 топ-
1. Сөздің тура ж/е ауыспалы мағынасы;
2. Тұрақты сөз тіркесі;
3. Жаңа сөздер;
2 топ-
1. Көп мағыналы сөздер;
2. Мақал-мәтелдер;
3. Көнерген сөздер;
3 топ-
1. Диалект сөздер;
2. Кәсіби сөздер мен терминдер;
3. Кірме сөздер;
2 шарттың қорытындысы:
3 шарт - «Талдау - табыс кілті»
Эпиграф:
«Білгенге маржан,
Білмеске арзан».
Абай
Карточкалармен жұмыс:
1 топ- «Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр»
(1.Синоним сөздерді табу.
2. Олармен сөйлем құрастыру
2 топ- «Біздің қарамызды көрген соң, олар қолын бұлғап шақырды»
(1.Омоним сөздерін табу.
2. Бұл сөзге сөйлем құрастыру
3 топ- «Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады»
(1. Антоним сөздерді табу.
2. Бұл сөзге сөйлем құрастыру
1 топ- Байлықтың атасы-еңбек, анасы – жер. Өнерлінің өрісі кең. Аузы күйген үріп ішер. Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.
1.Мақал – мәлелдерден сөздің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратыңыз.
2 топ- Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас (Абай). Арық атқа қамшы ауыр тиеді.
1.Асты сызылған сөздердің омонимін табыңыз.
3 топ-Түймедей затқа өкпелесең, ..........көретініңіз қалмаған, мырза.Қорлық .......... ерлік өлім артық.Ақымақ бұзуға бар, ....жоқ.
1.Көп нүктенің орнына тиісті аАнтоним сөздерін тауып қойыңыз.
3 шарттың қорытындысы:
4 шарт - «Ойын - ой дамытады»
Тақтаға қоржын алып ілінеді . Қоржынға сыйлықтар салынған.Ол сыйлықтарға ие болу үшін сұрақтарға жауап беру керек:
1сыйлық- қаламсаптар (4-еу)
Ондағы сұрақ: сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Тақтаға семантикалық карта ілініп, 1 топтан 1оқушы ашық көзді толтырып жатқанда сол топтан тағы 1 оқушыдан тапсырмаға байланысты ереже сұралады
2 сыйлық - сызғыштар (4-еу)
Ондағы сұрақ : көнерген сөздер мен неологизмдер. Тірек сөздер беріледі, сол бойынша оқушылар шағын мәтін құрайды. 1 оқушыдан тапсырмаға байланысты ереже сұралады
3 сыйлық - дәптерлер (4-еу)
Ондағы сұрақ: тұрақты тіркестер. «Бір сөзбен шеш» ойыны. 1 білім алушыдан тапсырмаға байланысты ереже сұралады:
1. Қой аузынан шөп алмайды - момын
2. Жүрек жалғау-
3. Төбе шашы тік тұру-
4. Қас пен көздің арасында-
5. Бетінен оты шықты-
6. Қырғи қабақ болу-
7. Бармағын тістеу-
8. Аузына құм құйылу-
9. Ит өлген жер-
10. Тайға таңба басқандай-
11. Ат ізін салмау-
12. Пейілі тар-
5 шарттың қорытындысы: «Кім жылдам?» ойыны. 3 топқа химиялық, физикалық және математикалық терминдер жазу тапсырылады:
Математикалық терминдер:
Орыс тілі терминдері:
Лексикологиялық терминдер:
6 шарт- «Мақал-сөз мәйегі»
«Қызығушылықты ояту» стратегиясы.(Экраннан)
Эпиграф:
«Арттағыға сөзің мен ісің қалсын».
Абай
3 топқа тапсырма беріледі: антоним,омоним және синоним сөздерді пайдаланып мақал-мәтелдер айтып жарысу.
Вен диаграммасы: мақал мен мәтелдің айырмашылықтары.
Лексикадан өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтары
1. «Мырза жігіт», «кенже бала» сөздері қай сөзге қатысты?
А) дисфемизм
В) эвфимизм
С) тату
Д) көнерген сөз
Е) тұрақты тіркес
2. Эвфемизмге жататын сөзді белгілеңіз
А)найзағай
В) қасқыр
С) бақиға аттану
Д) ұлыма
Е) жын
3. Қай сөз гректің «сыпайы сөйлеймін»деген мағынаны білдіреді?
А) эвфимизм
В) дисфемизм
С) тату
Д) идиома
Е) архаизм
4. Қайсысының көбінесе авторы белгілі болады?
А) мақал
В) иәтел
С)тұрақты тіркес
Д) нақыл сөз
Е) идиома
5.Тура мағыналы сөзді табыңыз
А) қара қас
В) жуас кісі
С) тас жүрек
Д) терең ойлы
Е) ыстық ықылас
6. «Суық хабар»асты сызылған сөз қай мағынада қолданылып тұр?
А) көптен күткен
В) сүйінші
С) қайғылы
Д) қуанышты
Е)күтпеген
7.Омонимді табыңыз
А) тал түсте далаға шықты
В) бала бал арасын тамашалады
С) жас шақта уақыттың қадірін біл
Д) ол тартпаның тұтқасын тартты
Е) ол менің бір аптадан бері нан жемегенімді ескермеді
8.Омоним бола алатын сөзді табыңыз
А) қағаз
В)кітап
С)оқулық
Д) бет
Е) мұқаба
9.Мақалдардан антоним сөздерді табыңыз
А) ер мойнында қыл арқан шірімес
В) аңдай сөйлемеген ауырмай өледі
С) ананың көзі балада, баланың көзі далада
Д) ойнап сөйлесең де ойлап сөйле
Е) көз-қорқақ,қол- батыр
10.Синоним емес қатарды табыңыз
А) байсалды,байыпты
В) шалғай,қашық
С) сәт,мезет
Д) ағайын,туыс
Е) көмексі,ескі