Аңыз кейіпкері 1 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: АҢЫЗ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

Мектеп:М.Б.Ықсанов атындағы №36 ОЖББМ


Күні:11.03.2016жыл

Мұғалімнің аты-жөні:Жайманова А А

Сынып: 1 б

Қатысқаны:23 Қатыспағаны:0

Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар:

1.1.1.2.Шағын мәтіннің /ақпараттың мазмұнын түсіну; 1.2.6.1.Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін ерекшелігіне қарай анықтау;

Табыс критерийлері:

Барлық оқушылар:

Аңыз – өмірде болған белгілі адамдардың іс-әрекетіне, сөзіне байланысты ел аузында сақталып қалған әңгімелер екендігін біледі.


Оқушылардың көпшілігі:

Әңгімедегі кейіпкерді сипаттауды үйренеді, іс-әрекетіне талдау жасайды.


Кейбір оқушылар:

Тақырып бойынша алған білімін өмірмен байланыстырады. Кейіпкердің іс-әрекетіне талдау жасайды.

Өз ойын толық жеткізіп, дәлелдеуге тырысады.

Осыған дейін меңгерілген білім:

Бейбарыс сұлтан туралы мәлімет алады. Ақыл мен ерлік т.б. жақсы қасиеттер арқылы жетістікке жетуге болатындығын түсінеді.

Жазу жолына сыймаған сөздерді тасымалдайды.

Күтілетін нәтиже:

Аңыз туралы мәлімет алады. Қожанасыр мен Алдаркөсе жайлы қызықты оқиғаларды оқып біледі.

Керекті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:

Оқулық, флипчарт, маркерлер, интербелсенді тақта.



Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Қызығушылықтарын ояту

4-5 минут

Интербелсенді тақтадан «Алдаркөсе» мультфильмінен үзінді көрсетіледі.

«Кіріспе сұрақтар» әдісі пайдаланылады.

Алдаркөсе жайлы не білеміз?

Қожанасыр туралы естігендерің бар ма?

«ББҮ» кестесін толтыруды ұсыну.

Балалар алдымен «Білемін» бағанына не білетіндерін жазады, топта бөліседі, ұжымға жариялайды. Сосын тақырып бойынша не білгісі келетіні жайында «Білгім келеді» бағанына жазады. Өз ойымен топта бөліседі, үздігін жариялайды. Ал «Үйрендім» бөлігі сабақ соңында толтырылады.



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім








Қожанасыр мен Алдаркөсе жайлы не білетінін қысқа жазады.

Топтар бір-бірінің айтқанын қайталамауға тырысады. Жазғандарын талқылайды, жауаптарын толықтырады. ой қорытады, жариялайды.

Мағынаны тану

8-9 минут

Оқулықпен жұмыс.

Мәтіндер «Джигсо-2» әдісі бойынша таныстырылады. Оқушылар мәтінді толық оқиды. Мазмұнын талдайды.

«Сұрақтар қоржынындағы» сұрақтарға жауап береді.

Алдаркөсе байға нені түсіндірді?

Көлдің суын шелекпен өлшеу оңай болуы мүмкін бе?

Мәтіндерді кейіпкерлер рөліне еніп, сахналаңдар.

Сөздік жұмысы. Аңыз – ... Күту – ...



Сергіту жаттығуы «Үнсіз хор» әдісі арқылы Алдардың әнін салғызу


2-3 минут






Дәптермен жұмыс.

1-жаттығу. Мәтіндегі жіпсіз байлау сөзіне мағыналас сөзді тап

(Оқушылардың сыни ойлауына мүмкіншілік беру)





4-5 минут

2-жаттығу. Мәтіндердегі адам есімдері мен жер-су аттарын көшіріп жаз.

Мәтіндерден кейіпкердің адамға қарата айтылған сыпайы сөздерін тауып оқы. Көшіріп жаз.

) Әр топ мүшелері өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

Ойтолғаныс

9-10 минут

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

Мұғалім топтық жұмысты қадағалайды. Бағыт-бағдар береді. Ашық, жабық сұрақтар қояды. Тыңдайды, бағалайды.

«РАФТ» әдісі пайдаланылады. Р – рөлі

А – аудиториясы, яғни кімдерге арналады

Ф – формасы, түрі

Т – тақырыбы

(Ұ, Ө) Әр оқушы тапсырманы өз түсінгенінше орындауға тырысады. Бағыт-бағдар алады. Мәтіндегі негізгі ойды анықтауға әрекеттенеді. Кейіпкердің

ісіне талдау жасап, баға беруге тырысады.

3-4 минут

Рефлексия. «Үйрендім» бөлігі толтырылады.





Білемін

Білгім келеді

Үйрендім






Оқушылар тақырып бойынша білгендерін жинақтап, кері байланыс жасайды.


Өткізілген сабақ бойынша мұғалім жазбасы:Бүгінгі сабақ мақсатына сай «ББҮ» кестесін пайдалану тиімділігі бала алдын ала бұл ақпарат туралы өзінің бұрынғы білгенін еске түсіре отырып білім білік дағдысын арттырды.Оқушылардың тақырып бойынша сыни ойлану арқылы сабақ тақырыбының ашуына мүмкіншілік алды.