Поурочный план по начальным классам на тему Тіл табыса білейік

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ТІЛ ТАБЫСА БІЛЕЙІК


Түсінісе білу-жақсы қасиет

Халық даналығы

Пәні: өзін-өзі тану

Күні: 19.11.15

Мақсаты: «Өзара түсіністік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

  • өзара түсіністік, өзара сыйластық, тіл табысу туралы түсінік беру;

  • балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту;

  • балалардың өзара жағымды қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Психологиялық дайындық:

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын.

Тілейміз сізге ақ таңның

Қуанышын шаттығын.

Қайырлы таң, қайырлы таң!

Қуанышты күн бүгін.

Сәлеметсіздерме қонақтар! Балалар бізде бүгін ерекше күн бізге қонақтар келіпті, ал енді амандасып алайық.

Шаттық шеңбері:

Балалар шеңбер құрып тұрады да, бір-бірімен кезектесіп амандасады.Өткен сабақты қайталау. «Сәлем берем ізетпен»

-Сәлеметсің бе, Азамат!

-Қайырлы күн,Меруерт!

-Сәлеметсіз бе,Әсем Асқарқызы!

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

Осылайша бір-бірімен сәлемдесу аяқталған соң, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Жаңа сабақ: - Балалар қазір қай мезгіл? Күз. Күзде айнала қандай кілемге оралады? Сары. Енді, мына сынып бөлмемізге қараңдаршы? Жылдың қай мезгілін суреттеп тұр.

-Күз мезгілін.

-Оны қалай білдіңдер?

-Шашылған жапырақтардан

-Олай болса бәрің бері келіңдер. Шашылған жапырақтарды жинаймыз. (оқушылар тақтаға шығып шашылған жапырақтарды жинайды).

-Қолдарыңдағы жапырақтарға қараңдаршы. Бұл даладағы жапырақтардан өзгеше сияқты. Солай ма?

-Бұл жапырақтарды әріп пен сан жазылыпты.

-Олай болса сол жапырақтарды сандардың ретімен орналастырайықшы. 1-ші қандай сан тұрады?

-Балалар, сендер сандарды ретімен дұрыс қойдыңдар. Енді жапырақтардың әріп жағын ашайық не шығады екен?

-Қане, бәріміз бірге дауыстап оқиықшы, қандай сөйлем шықты?

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Тіл табыса білейік» деп аталады екен.

Әңгімелесу «слайд арқылы көрсету»

Алпамыс пен Махаббат ел аралап жүріп бір көңілсіз ауылға кезігіпті. Балалар көптен бері бір-бірімен ойнамақ тұрмақ, сөйлеспей де қойған екен. Балалардың қуанышы мен күлкісін естімегеніне көп уақыт өтіпті. Мұндай елде өмір сүру өте қиын ғой......

Алпамыс пен Махаббат осы жағдайға қатты ойланып, оларға көмек бермек болыпты. Олар әрі ойлап, бері ойлап, осы халыққа ақыл кеңес беруге Данышпан атаны алып келеді. Данышпан ата сол елдің жұртын жинап: Адамдар бірін-бірі тыңдаса, кешіре білсе, бір-біріне шыдамдылық танытса, бірін-бірі жымиып, күлімдеп қарсы алса, өзара сыйласа білсе, тату-тәтті достықта өмір сүреді, балалар қуанышқа бөленеді, бақытты болады, - деп айтыпты.

Данышпан атаның ақыл кеңесін түсінген балалар бір-бірінен кешірім сұрап, тіл табысып, тату-тәтті дос болады.

- Міне көрдіңдер ме? Сендер осындай жағдайда кімдермен татуластыңдар? Осындай жағдайлар сендерде болды ма?

(Оқушылар өздерінің басынан өткен жағдайларды айтады)

-Досыңмен ренжісіп қалсаң бір-бірлеріңе шыдамдылық танытып, татуласу керек екен. Әрқашан өзара сыйластық пен тіл табысу адам баласына өте қажет. Ендеше, осыған байланысты дайындаған көрінісімізді көрсетейік.

Тыныштық сәті. Баяу әуен қосылады.

- Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсандар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.Өздерінің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла-бойларыңа сезініңдер.

Далада күн жарқырап тұр, сендер орманда жүрсіңдер бәрі жарқырап тұр әдемі болып. Кенет аспанда бұлт қаптап, күн күркіреп жаңбыр жауа бастады. Сендер жүгіріп барып бір ағаштың астына тығылып қалдыңдар. Бір сәттен кейін, жаңбыр басылып, күн шайдай ашылды. Тоғайдағы ағаштар әдемі жарқырап тұр. Құстар сайрап жатыр.Біз сыныбымызға келіп орналастық. Өз көңіл күйлерімен бөлісу.

Әңгімелеу

Өзара сыйластық пен тіл табысудың қажеттілігін ұғындыру мақсатында мұғалім Ж.Мыңтұрғанованың «Әтеш лақ және күшік» әңгімесін айтады.


Әтеш, лақ және күшік

Ж.Мыңтұрғанова

Әтеш, лақ және кішкентай күшік бұрыннан дос еді. Бір күні ойнап жүріп, Лақ мүйізімен күшікті түйіп қалды. Қорыққан күшік қашып кетті. Енді бірде әтеш лақтың арқасынан шоқып алды. Лақ бақырып жіберді. Бір-біріне көңілі қалған достар жан-жаққа кетті.

Достарын ренжітудің дұрыс емес екенін түсінген лақ күшікке барып:

  • Дос болайық! Мен сені өткенде байқамай сүзіп жібердім, кешір, күшік-деді.

  • Жарайды, кешіремін,-деді күшік.

Күшік содан соң әтешке барды:

  • Дос болайық!

  • Сендерді шоқып алғанымды кешіріңдер, достарым!-деді әтеш.

Сөйтіп үшеуі қайтадан достасты. Қазір олар бір аулада тату-тәтті өмір сүруде.

  • Әңгімеде Әтеш, лақ және күшік қалай достасты?

  • Бір-біріңмен ренжісіп қалғанда қалай тіл табысуға болады?

Қорытынды:

-Балалар, дұрыс айтасыңдар. Адамдар бір-бірмен ренжісіп қалғанда, бірін-бірі кешірім сұрайды. Кешірімді міндет етпей, шын көңілден сұрайды. Түсіністік болмай қалған жағдайда болған істі немесе айтар жымиып тұрып, асықпай түсіндіріп айтады.

Сергіту сәті: «Балапан»

Жағдаятты талдау

Балалар мұғалімнің көмегімен төмендегіндей жағдаяттарды талдап, шешеді.

1-жағдаят:

-Балалар, суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Суреттен кімдерді көріп отырсыңдар?

-Осы балаларға ат қояйық?

-Жарайды. Сендерге түсінікті болу үшін мен әңгімелеп берейін.

-Әділ мен Мирас екеуі әдемі қайық жасапты. Олар қайықты өзенге жүздірмекші болғанда таласып қалыпты. Әділ мен Мирас ренжісіп қалады. Сендерге тапсырма Әділ мен Мирас қалай татуласады деп ойлайсыңдар.

-Олар бір-бірінен кешірім сұрап тез арада тіл табысады.

2-жағдаят:

-Суреттегі балаларға ат қояйық?

-Марат пен Айдос қайда отыр?

-Олар не істеп отыр?

-Олай болса мен суретті әңгімелеп берейін. Марат кітапханаға келіп кітап оқып отыр еді. Кенет Айдос үндеместен кіріп келді де, Мараттың бір кітабын алып оқи бастады. Бұны байқап қалған Марат Айдосқа ренжіп қалады. Айдостың не істегені дұрыс еді?

-Біреудің затын рұқсатсыз алуға болмайды. Рұқсат па деп сұрап алуы керек еді.

-Міне балалар көрдіңдер ме? Біреудің затын рұқсатсыз алуға болмайды. Енді осы жерде Айдос пен Мараттың қалай татуласқаны жөн?

-Айдос Мараттан өз кінәсін түсініп кешірім сұрау керек.

-Үш дос қыз бірге ойнап жүрді. Кенет олар ойынның шартына келісе алмай өзара дауласты. Қыздардың біреуі ренжіп қалады. Осы қыздардың ойынға бола дауласқандары дұрыс па?

-Ойнап жүріп ренжуге болмайды.

-Қыздардың бір-бірімен қалай татуласқандары жөн?

-Сендер 3 жағдаятты өте жақсы талдадыңдар.

Ойын: «Сыйқырлы сандықша».

Мақсаты: Балаларға музыка әуеніне ілесе айтуға үйретумен қатар,тез қимылдауға үйрету.

Ойын шарты: Балалар айнала шеңбер жасап тұрады. Балаларға сандықша беріледі. Ішінде «сыйлық» салынған. Музыка әуені естілісімен балалар сандықшаны бір – біріне береді. Музыка тоқтаған кезде сандықша кімде қалса, сол бала сандықшаны ашып, онда жазылған қағаздағы шартты орындайды. Қойылатын шарттар ән айту, би билеу, әтеш болып шақыру, т.б. сияқты болуы мүмкін.

Қорытынды:

- Адамдардың бір-бірімен, тіл табысуы үшін өзара түсіністік пен сыйластық, кішіпейілділік, сабырлылық қажет. Өзара түсіністікте, сыйластықта болса барлық адамдар бақытты болады.

-Адамдар түсіністікте өмір сүрсе, қуанышқа бөленіп, жақсылыққа кенеледі. Бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді жоғалтпай, өзара сыйласып, түсінісіп, бақытты өмір сүріп жүре берейік.

Балалар, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сендер Қазақстанның болашақ туын желбірететін ұланысыңдар. Өзара түсіністік, өзара сыйластық туралы өз ойларыңды ортаға салып, тақпақ айтып көрініс көрсетіп жатырсыңдар. Әрқашан сабақтарыңды жақсы оқып, осы өздерің айтқан жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңіріп, үлкейгенде өз істеріңмен осы Қазақстанның туын биікке көтере беріңдер.Ортаға жиналайық.

Жүректен-жүрекке

Мұғалім оқушыларды шеңберге жинап, тіл табысудың қажеттілігі мен маңыздылығын қорытындылау.Балалар күз немен ерекшеленеді?Ағаштар қандай болады?(Жапырақтары түсіп қалады)Қараңдаршы балалар мына ағашта жапырақтары түсіп жалаңаштанып қалыпты. Оны әдемілеу үшін, жайнату үшін не жетіспейді?Жапырақтар. Ендеше біз мұнда алма ілеміз жай алма емес, мен сұрақ қоямын сол сұраққа жауап беру арқылы ілеміз.

«Балалар, бір-бірімізбен тіл табысу не үшін қажет деп ойласыңдар?» Деген мұғалімнің сұрағына балалар өз ойларын айтып, кезекпен жауап береді.

Күтілетін жауаптар: бір бірімізбен дос болу үшін, бір-бірімізді сыйлау үшін, бірге ойнау үшін, тапсырманы бірлесіп орындау үшін, тату-тәтті ұжым болу үшін, жақсы өмір сүру үшін, бір-бірімізді қуанту үшін, т.б.

Ал енді өздеріңді мақтап бастарыңнан сипап, өздеріңді құшақтаңдар