|
Құстар дүниетану 2 сынып
Автор публикации: Кажгалиева А.Е.
Дата публикации: 2016-04-10
Краткое описание: ...
Пәні: Дүниетану | 2 сынып |
| Тақырыбы: | Құстар | Мақсаты: | 1. Мәтінді түсініп оқуға төселу. Құстардың алуан түрлілігі туралы оқып үйрену. | Күтілетін нәтиже: | 1. Мәтінді түсініп оқуға төселеді. 2. Құстар туралы мәлімет алады, оларды ажырата біледі. 3. Құстардың табиғаттағы ролін ұғына отырып, өмірмен байланыстыра біледі. | Керекті жабдықтар: | Суреттер, кестелер, оқулық. | Тапсырмалар: | Топтық, жұптық, жеке. | Әдістер: | «Шынжыр» әдісі, «Кір жаятын жіп» әдісі, «Қапшықтағы фасоль» әдісі. | Акт | Слайд, құстар дыбысы. | Бағалау | Қолпаштау,басбармақ,бағдаршам. | Сабақтың барысы | Сабақтың кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Кіріспе | 1.Психологиялық көңіл-күй туғызу Қайырлы күн, достым, Қайырлы күн болсын Аптаның бұл күні Сәттілікке толсын 2.Сыныпты топтарға бөлу. Суреттегі құс атауларына қарай «Аққу», «Қыран», «Бұлбұл», «Қарлығаш» топтарына бөлу. | «Аққу», «Қыран», «Бұлбұл», «Қарлығаш» топтарына бөлінеді. | Тұсау кесер | І. Үй тапсырмасын сұрау. («Шынжыр» әдісі арқылы) І топ. Жануарлардың тіршілік ортасы. ІІ топ. Жануарларға қажетті жағдайлар. ІІІ топ. Жануарлардың қоректенуі. ІV топ. Жануарлардың табиғатқа бейімделуі. Бағалау. ІІ. Жаңа сабаққа көпір жасау.(«Кір жаятын жіп» әдісі арқылы) Жұмбақтар жасыру. -Жұмбақтың шешуін бір сөзбен қалай атаймыз? Топтастыру.
Ойын: «Құстар қалай дыбыстайды?» Оқушыларға құстардың дыбысын тыңдату. -Бұлбұл ұясын биік бұта басына салады. Ол сайрауық құс, тамаша әнімен көңілімізді шаттыққа бөлейді. -Қарлығаш балапандарының аяғын қылмен матап тастайды, ол татулық пен бірліктің белгісі. -Аққу – 30-40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек, жылан да аққудың жұмыртқасына тиіспеген. -Тоқылдақ – орман емшісі. Ол жыл сайын ұясын ауыстырып отырады. Ағаш қуысынан балапандарын қанаттандырғанша ұзамайды екен. - Құр – қардың үстінде шанамен сырғанағандай артына із қалмайды. Себебі, қыста табанының астына мамық қауырсын өседі екен. Бейнеролик Биші құстар | Әр топ өз тапсырмаларын айтады.
«Басбармақ» арқылы
-Құстар
Оқушылар дәптерлеріне жеке жұмыстанады.
Құстардың дыбысы арқылы топтар қай құстың дыбысы екенін ажыратып, суреттерін тақтаға іледі. | Негізгі бөлім
| І. Оқулықпен жұмыс Мәтін 4 бөлікке бөлініп, әр топқа беріледі. Әр топ өз бөлімдерін оқиды. «Қапшықтағы фасоль» әдісі арқылы -Түйеқұс пен дуадақ неге ұша алмайды деп ойлайсың? -Қыран құстарды қазақ халқы қандай кәсіп түріне пайдаланған? -Бөдене жерге қалай қонады? Оны қай шығармадан білесіңдер? -Бұлбұл жыл құсына жата ма? Туған өлкеге қай кезде оралады? Сергіту сәті: ІІ. Сәйкестендіру. -Балалар, тақтаға қарайықшы, не байқап тұрсыңдар? -Осы суреттердің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар? [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
ІІІ. Шығармашылық жұмыс. І топ. Құстарға байланысты тыйым сөздер жазу. ІІ топ. Құстарға байланысты теңеу сөздер жазу. ІІІ топ. Құстарға байланысты халық болжамдарын жазу. ІV топ. Жұптық жұмыс. Дәлелдеу.
Мен келіспеймін, өйткені
Себебі:
Бұл қате пікір, өйтені
Бағалау. |
Топтар өз бөлімдерін оқиды.
Әр топ түсінгендерін айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Ойларын ортаға салады.
Құстарды сәйкес суреттермен тауып байланыстырады.
Әр топ тапсырмаларын орындайды.
«Бағдаршам» арқылы | Қорытынды | Шығармашылық диктант. 1. Құстар – екі ..., екі ..., үсті ... жабылған жануарлардың бір түрі. 2. ... ... – қыран, бүркіт, кезқұйрық, жапалақ, үкі. 3. ... ұзақ ұша алмайды, жауынан тез жүгіріп құтылады. 4. ... ұясын биік бұтаға салады. | Дәптерде орындайды. | Үйге тапсырма | Мәтінді оқу, түс.айту. «Ең, ең...» құстарға мәлімет іздеу. |
| Кері байланыс | Смайлик | Смайлик арқылы |
|
|