Презентация по литературному чтению на тему Анамның қолдары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Анамның қолдары.


Сабақтың мақсаты: Шығарманың тақырыбын ашу, мәтін мазмұнындағы өмір шындығын немесе әсіреленуін ажырату арқылы кейіпкердің ойын қорғауға мүмкіндік беру арқылы талдау жұмыстарын жүргізу.
Оқушылардың сөздік қорын дамыту, мәтінді өз бетімен оқу, шығармашылық және мәселелі сұрақтар арқылы пікір айту дағдысын дамыту.
Өзгені де тыңдап, өзінше ойлап жауап беруге, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, еңбекке сын көзқарасын қалыптастыруға жағдай туғызу; балаларға
ұлттық тәрбие - адамгершіліктің қайнар көзі екені байқату, сезіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, безбен, кесте, плакат, маркер, бор, тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
-Балалар бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені көптеген қонақтар келіп отыр.
Сондықтан ережелерді сақтай отырып, барлығымыз білімдерімізді ортаға салайық. 
II .Үй тапсырмасын тексеру
III.Қызығушылықты ояту.
Бала-менің бауыр етім, Сенің тәтті балғын үнің,
Бала үшін бар бейнетім. Баурап алды мені бүгін.
Бөбегім деп өлеңдетіп, Қызығым сен, қыз бен ұлым,
Балбырасын алма бетің. Кеудемде өскен егіз гүлім.
-Бұл өлең кім туралы деп ойлайсыңдар?
-Ана.
«Ана деген кім?» деген сұрағына жауап беріп, кластер құрастыру.
дос пана
ақылшы мейірімді жан

ұстаз өмір сыйлаушы

қамқоршы аяулы жан

- Балалар, енді отбасыларыңда, үйде, күнделікті ең көп жұмыс жасайтын кім деп ойлайсыңдар? Соны анықтайық.
Ол үшін тақтаның бір жағына «анам», екінші жағына «әкем» деген жазулар жазылады. Олардың күнделікті істейтін жұмыстарын тізіп жазып отырады.

Анам Әкем


II.Мағынаны тану.
Олай болса, түрік халқының «Анамның қолдары» деген әңгімесін оқып көреміз. Мәтінді «Барлығымыз күле бастадық» деген сөйлемге дейін оқу. Мазмұнын түсіну.
Еркін түрдегі әңгіме, пікір өткізіледі.
Мәтін аяғына дейін оқылады. Талданады. Сұрақтар:
- Қыздың анасына деген қандай сезімдерін байқадыңдар? (Жанашырлық, аяушылық, т.б.)
- Олай болса, кестеге қайта үңіліп, қыздың шығармасына «Соңындағы баға» деген бөліміне бағамызды қоялық.
- Бағаңды неліктен өзгерттің?
- Осы мәтінді оқығанда өзіңде қандай сезімдер мен ойлар пайда болды?
Осы сұрақ оқушылардың өз анасы, апайы, әжесі, күтушісі, тәрбиешісінің еңбегі туралы айтуына сөзсіз мүмкіндік береді.
III. Ойтолғау.
Оқушыларды тыңдай отырып:
- Дүниеде не қымбат? (Ана)
- Ана неден қымбат? (Бәрінен)
- Ананың аялы алақанына, мейіріміне тең келер нәрсе жоқ. Ана біз үшін жалпақ дүниеден де жалпақ.
- Балалар, ендеше осындай аналарыңның осы қиын, таусылмайтын, күнделікті қайталанатын жұмысын жеңілдету үшін не істер едіңдер? 
IV. Сергіту сәті
Үйге берілген тапсырма бойынша ана туралы өлеңдерін жатқа айтады.
V. Дәптердегі тапсырманы орындау.
VI. Сабақты қорытындылау
- Бүгінгі әңгіме не жайында болды?
- Сабақ ұнады ма? Ұнаса неліктен?
- Өздеріңе қандай қорытынды жасадыңдар?
Оқушылардың ойларын тыңдап, толықтырып отыру.
- Айналайын адамдар,
Бәріңнің де анаң бар.
Қайғыға салмай жүрегін 
Анаға дұрыс қараңдар – деп бұдан былай аналарыңа қолғабыс боларсыңдар деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
VII. Үйге тапсырма.
Анаға байланысты мақал-мәтелдерді жазып келу. Мәтінді оқу
.