Тақырыбы: Мың көлеміндегі сандар
Мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушыларға мың көлеміндегі сандарды санау, оқу, жазу, салыстыру туралы түсінігін пысықтау, амалдарды орындауға үйрету;
2.Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3Тәрбиелік: Білімділікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: жолақшалар, суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбымен мақсатын хабарлау. Ондықтармен жүздіктермен мыңдықтармен санау. Ауызша жұмыс: Келесі сандарды оқы: 17, 602, 96, 300, 985, 1000. Бұл сандарда барлығы неше бірлік, неше ондық және неше жүздік бар. Әрбір разрядта неше бірлік бар?
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: Толықтыр:
Таңда:
Құрастыр:
Өздік жұмыс: ( 3 топқа бөлініп)
Сандарды жаз: жиырма төрт, жетпіс үш, жүз он алты, бес жүз қырық төрт,жеті жүз сегіз. (24,73,116,544, 708)
Берілген сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде көрсет:
78, 96, 234, 459, 627, 961. ( 78 = 70+8; 96 = 90+6; 234= 200+30+4; т.с.с.)
Салыстыр:
29 * 92 16 см * 32см 1кг * 356г
451 * 469 293 см * 300 см 1ц * 200 кг
302 * 328 28 см * 40 дм 1т * 695 кг
ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау: 1. түсіндіріп шығару.
№7.
Фермерде 57 сұр қоян, 30 ақ қоян және 8 қара қоян бар. Фермерде барлығы неше қоян бар? (Бұл сұраққа бірден жауап беру мүмкін бе? Жауабын табу үшін не істеу керек? Қандай амалды пайдалану керек?)
Қысқаша жазылуы:
Сұр қоян – 57 Шешуі: 57+30+8 = 95
Ақ қоян – 30 ? Жауабы: Фермерде барлығы 95 қоян болды.
Қара қоян - 8
№ 8.
Айнұр 75 шие терді. Олардың 23 ол жеп қойды. Содан кейін ол тағы 7 шие терді. Айнұрда барлығы неше шие болды? ( Есептен нені табу керек? Бірден жауап беру мүмкін бе? Есепті дұрыс шығару үшін не істеу керек? Есеп қандай амалмен шығады?)
Терді – 75 шие Шешуі: ( 75-23) + 7 = 52+7= 59
Жеді – 23 шие ? Жауабы: барлығы 59 шие болды.
Тағы терді – 7 шие
2. Өз беттерінше: № 9
а).Кесінділерді өлше. Ұзындығы осы кесінділердің ұзындықтарының мәндерінің қосындысына тең кесінді сыз. (1см + 6см = 7см)
ә) № 6. Бірдей қосылғыштары бар қосындыларды жазып, олардың мәнін тап:
6 +6+6 9+9 2+2+3
3+3+5+8 9+9+8 4+4+4+4+4
б) Мына қосымша тапсырмаларды орында:
1. Амалдарды орында: 450+260 380-190 320см + 670
932-675 576+284 505 мин + 189 мин
2. Таңбасын қой: 540 ... 50... 5 = 495 (-,+) 1000... 15 ... 200 = 1185 (-, +)
265...60...5 = 205 ( -,+) 400... 150...30 = 520 (-,+)
3. Бос орынға тиісті сандарды қой:
-10 . 0 576
. 81 + 45
85 10 4
Ү.Қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік?
Үйге тапсырма: № 5,10; 4 бет. Бағалау.