Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 04.03.2016
Білім саласы: Коммуникация
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Көктем сәні (ертегі)
Мақсаты: Ертегіні айта отырып, жыл мезгілдері туралы түсінік, табиғат құбылыстарының ерекшеліктері, олардың бір-бірімен байланысты екенін аңғарту. Балалардың сөздік қорын молайту, түсініктерін айта білуге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, табиғатты қамқорлауға, қорғауға баулу.
Күтілетін нәтиже: Балалар ертегіні оқып, мазмұнын ашады, табиғаттағы аң-құстардың тыныс-тіршілігімен танысады, топтық жұмыс жасап, рөлдік ойындар көрсетеді.
Сабақ әдіс-тәсілдері: диалог, ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, суреттеу
Қайырлы күн балалар! Қане, бір-бірімізбен амандасып алайық. Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
-Өте жақсы, балалар! Амандастық, енді осындай тамаша көңіл-күймен шаттық шеңберін құрайық:
Кел, балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік
Шеңберді біз құрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Бір-бірімізге шашайық.
Ұйымдастыру-іздестіру
Жұмбақ шешу:
Күн ұзарып, қар еріп,
Су сайларға толады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
Ойын шарты: «Бұл қай мезгіл?» «Көктемде шығатын алғашқы гүл?» «Көктемде ұшып келетін құстар?»
Қазір жылдың қай мезгілі екен?
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Қар еріп, қайда сіңеді?
Жер қандай түске өзгереді?
Ағаштар қалай өзгереді?
Көктемде қандай мерекелер бар?
Балалар сендер көктем сәні дегенді қалай түсінесіңдер?
Мінеки балалар, осының бәрін қосып бір сөзбен қалай айтуымызға болады?
Дұрыс айтасыңдар, бұл Көктемнің сәні.
Бүгінгі біздің сабағымызда өтетін тақырыбымыздың аты «Көктем сәні» ертегісі.
«Көктем сәні» ертегісін айтып, балаларды таныстыру.
–Арыстан аңдарды не үшін жинады?
–Аңдар не деп жауап берді?
1. Қасқыр – гүл- өмірдің сыйы, ауа тазарады, жердің сәні.
2.Ақбөкен – жасыл желек – ну орман, өсімдік, табиғат сәні, саяжай, бау-бақша
3. Қоян – мөлдір су – тазалық, сусыз тіршілік жоқ.
4. Арқар – жылылық – қоршаған орта, сезім, сөз.
5. Киік – нөсер – табиғатқа сән береді, егін өседі.
6. Түлкі –ашық аспан, тыныштық, бейбітшілік
7. Аю – шалқыған көңіл – ұйымшылдық, достың көп болуы, қуаныш.
Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмып, орманды елестетеміз.Таза ауа, құстардың сайраған үні, судың сыбдыры құлаққа жағымды естіледі. Көздерін ашып табиғаттың көрінісін тамашалайды.
– Балалар сендер қандай сезімде болдыңдар?
Дидактикалық ойын: «Иә немесе жоқ»
Мамыр - қыс айы
Қоян - жыртқыш аң емес
Сергіту сәтін өткізу: Құстар ұшады,
Арыстан ақырады, қоян секіреді,
Түлкі қылмыңдайды, аю қорбаңдайды.
Әңгімелеу: Балалар көктем мезгілінің суретіне қарап әңгімелейді, тақпақтар айтады.
-Көктем
Балалардың жауабы тыңдалады
-көктем
Балалардың жауаптары тыңдалады
қимылмен көрсетеді
Рефлексивті- түзетушілік
Бүгінгі сабақта не жайында әңгімеледік?
Не жайында тақпақтар айттық? Қандай ойындар ойнадық? Кімге не ұнады?
Балалардың пікірін тыңдау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау, жұлдызша беру.