Ұйымдастыру 1.Топтасу. Гүлдер суреттері арқылы топтасу. 1-топ «қызғалдақ», 2-топ « сарғалдақ», 3-топ «раушан», 4-топ «лала» 2. Ертеңгілік шеңбері Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру!Қандай жақсы дос болу! – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
(МК; Ж; Қ) Мақалды түсініп оқып, мағынасын талдай алу білігін бағалау. «Ер қанаты - ер» мақалымен жұмысты «Ойлан, тап» ойыны арқылы ұйымдастыру Ойының шарты бойынша бір оқушы мақалды оқиды, екіншісі оның мағынасын қалай түсінетінін айтады. Қай жұп дұрыс оқып, мағынасын дұрыс түсіндірсе, сол жұп жеңімпаз атанады. Сергіту сәті: аудиоролик арқылы жасату (МК; Т; Қ) Сюжетті суреттердегі негізгі идеяны түсініп, сызбаларға сүйеніп сөйлем құрау білігін бағалау Суреттер мен сызбалардың көмегімен «Есен не істеді?» сұрағына оқушылардың жауап беруіне мүмкіндік жасау. Есеннің сабақтан бос кезде не істегенін бейнелейтін суреттердің көмегімен әңгіме құрату. «Есен мұражайға барды. Атасымен шахмат ойнады» (МК;Ж;Қ) Тыңдау арқылы және сюжетті суреттің көмегімен диалог құра алу білігін бағалау Диалогті қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру. Оқушылар жұбымен диалогті қалпына келтіреді. Диалог жауаптарын берілген. Олар осы жауаптардың сұрақтарын құрастырады. Мысалы: –– Атың кім? –- Ерлан. –– Жасың нешеде? –– Алтыда. –– Сен қандай баласың? –– Ақылды. |