Қазақ тілі Тұрақты сөз тіркесі 4 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы:


Тұрақты сөз тіркесі

Сілтеме:

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы:

Суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер

Жалпы мақсаттар:

Тұрақты сөз тіркесі туралы түсінік беру, сөйлемдерден сөз тіркестерін табуға жаттықтыру, көркем, таза жазукаллиграфиясына төселдіру.

Сөйлеу кезіңде сөз тіркестерін саналы түрде пайдалана білу дағдысын қалыптастырып, ойлану, тілін дамыту.

Кішіпейлділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі:

Оқулық, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Топқа бөлу:

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылар сабақтың алдында шеңбер құрып тұрады. Оқушылардың сабаққа қатысымы тексеріледі. Қандай күн екені сұралып, ана тілдің қуатын дарытатын қазақ тілінің басталатыны хабарланып айтылады да, әр оқушының қолына сұрақтар жазылған үлестірмелер таратылады. Содан соң оқушылар қолдарындағы сұрақтар қай сөз табына жатады сол орынға барып отырады.

1-топ: «Зат есім» тобы- Кім?не?кімдер?нелер?

2-топ: «Сын есім» тобы- Қандай?Қай?

3-топ: «Сан есім» тобы- Қанша?Неше? Нешінші?

4-топ: « Етістік» тобы – Не істеді? Қайтті?

( Топ басшысын сайлау, топты бағалау парақшасымен таныстыру)

Ынтымақтастық атмосферасы:

Қайырлы таң ұстазым ! Доброе утро учитель!

Қайырлы таң достарым! Доброе утро друзья!

Шеңберге тұрайық, Посмотрите друг на друга,

Жылулық сыйлайық. Пожелайте добра.

Гуд моонинг, гуд моонинг.

Гуд моонинг ту ю.

Гуд моонинг, гуд моонинг.

Уй ю гләд ту се ю.


Үй тапсырмасын тексеру

Тест түрінде тексеру

1. Сөз тіркесі неден құрылады:

А) бір не екі сөзден В) екі не одан көп сөзден

С) бір ғана сөзден Д) буындардан

2. Бір сыңары күрделі сөзден жасалған сөз тіркесін белгіле:

А) әкенің өсиеті В) кітап оқу С) сегіз дәптер Д) қоңыр салқын жел

3 .Мәндес сөздерді тап:

А)еңбек, іскер, жалқау. В) қайрат, жігер, ел.

С)жаратылыс, табиғат. Д) бет, жүз, ауыз.

4. Қарсы мәндес сөздердің ерекшелігі:

А) мағыналары бірдей болады.

В) мағыналары әртүрлі болады.

С) мағыналары бір-біріне қарсы болады.

Д) мағыналары мәндес болады.

5. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін тап

 а) Екі бала               

в) Тұнық су           

с) сегіз жыл                

д) тез оқу

6. Қарсы мәндес сөздерді табыңыз

а) ағаш,бұта    

в) терең-таяз,күн-түн       

с) жол-жол        

д) ажарлы,әдемі

7. Қорқақ сөзінің синонимін (мәндес сөзді) табыңыз

А) ержүрек                   

В) сужүрек            

С) батыр              

Д) қоян

8. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін тап

а) Екі бала

в) Тұнық су

с) сегіз жыл

д) тез оқу

9. Бір сөзбен қалай аталады? "Төбе шашы тік тұрды"

а) Береген

в) Ұялу

с) ұрланды

д) қорқу

10. «Омоним» сөзі деп қандай сөздерді айтамыз?

а) Мағыналары мәндес сөздер.

в) Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

с) Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер.

д)Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөз.


« Бағдаршам» арқылы өзін-өзі бағалау

« [pic]

« Жасыл»- дұрыс

«Қызыл»- 1 қате

« Сары»-2 одан да көп қате

Қызығышулықтарын ояту

« Еркін жазу»

  • Балалар « тіркес» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • «Тіркес» сөзін естігінде нені елестетесіңдер?

Топқа мақсат қою:

1. Тұрақты сөз тіркесі туралы білімді меңгеру

2. Сөйлем ішінен т сөз тіркестерін таба білу

3. Тұрақты сөз тіркесімен, сөз тіркесінің айырмашылығын білу

4.Суреттермен жұмыс жүргізу, тапсырманың мағынасын түсіне білу

5.топтық жұмыстарды жете меңгеру

6.Тіл дамыту жұмыстарын белсенді орындау

7 .Дәптерге таза, әдемі жазу.

8.Сөйлем ішінен тұрақты сөз тіркестерін таба білу.



Мағынаны тану

Жаңа тақырыптың мағынасын ашу.

Дәптермен жұмыс

Қарашаның жиырма сегізі.

Сынып жұмысы.

Көркем жазу: Аа ,ауыз, Аузы аққа тию

Оқулықпен жұмыс.

21-жаттығуды оқушыларға оқытып, талдау жұмысын жүргізу.

- Бағанның сол жағындағы сөз тіркестері не туралы?

- Оң жақтағы сөз тіркестері ше?

Қорытынды ереже шығару. Үш сөздің тіркесуі арқылы жасалған үріп ауызға салғандай «сұлу» деген мағынаны білдіреді. Мұндай тіркестер біріге тұрып, бір-ақ мағына береді. Оларды тұрақты сөз тіркестері деп айтады.


Кестемен түсіндіру.


Тұрақты сөз тіркестері

Беретін мағынасы

Бүйрегі бұрды

Қой аузынан шөп алмас

Төбе шашы тік тұрды

Ешкімнің ала жібін аттамайды

Жаны ашыды

Жуас, момын

Қорықты

Қиянат жасамайды



Топтық жұмыс.

1-топ- 22 жаттығу.

2-топ- 23-жаттығу.

3-топ -24- жаттығу.

4-топ -25 жаттығу.

«Сәйкестендіру» арқылы тапсырма орындау

1-топ. Екі езуі екі құлағына жету – қуану

Екі көзі төрт болды – қорықты

Көз байлау – алдау

Көзге түртсе көргісіз – қараңғы

Көзден ғайып болу – жоқ болу

2- топ

1. Ат ізін салмау -------------------------

2. Инедей қадалу
3. қол ұшын беру -----------------------

4. мұзға отырғызу
5. тіс жармау -----------------------------

3-топ:

1. ит тұмсығы өтпейтін
2. мойны жар бермеу ----------------

3. жерге кіріп кете жаздау
4. төрт көзі түгел -----------------------

5. аузын қу шөппен сүрту

4-топ
Тату, дос – арасынан қыл өтпейтін
Алыс, қашық – ит арқасы қиянда, ит өлген жер
Ұялу – жерге кіріп кете жаздау
Ұрлық – қолды болды
Момын – қой аузынан шөп алмас
Топтарға тапсырма:
 
Сөйлемнің ішінен тұрақты сөз тіркестерін тауып атаңдар.
 
І топ: «Зат есім» тобына- Болаттың ағасы бармағынан бал тамған адам екен. ІІ топ: «Сын есім» тобына- Спортшылар орта жолда тоқтап, жүрек жалғады. ІІІ топ: «Сан есім» тобына- Асанның атасы сөйлегенде сөздің майын тамызды. ІV топ-«Етістік» тобына- Қайсардың тамаққа тәбеті тартпады.
 
Топтарға тапсырма: Берілген тұрақты сөз тіркестерін сол сөздің
 
мағынасын білдіріп тұрған сөзге қарай сызбамен көрсетіңдер.
 
«Зат есім» тобына: Төбесі көкке жету. жалқау адамдар
 
Ешкімнің ала жібін аттамайды. өнерлі адам
 
Ас ішіп аяқ босатарлар. адал адам
 
Бармағынан бал тамған. қуану
 
«Сын есім» тобына: Сөздің майын тамызды. жоғалтпау
 
Жүрек жалғау. тамақ ішкісі келмеді
 
Көздің қарашығындай сақтау. қызықты айтты
 
Тәбеті тартпады. тамақтану
 
«Сан есім» тобына: Бөркін аспанға лақтырды. шабандоз
 
Темірден түйін түйеді. тою
 
Ат құлағында ойнайды. қуанды
 
Аузы аққа тию. шебер адам
 
«Етістік» тобына: Қой аузынан шөп алмас. тез
 
Қуанышы қойнына сыймау. қорқу
 
Қас қағымда. момын
 
Жүрегі тас төбесіне шығу. қуану
 


Ой толғаныс

« Суреттер сөйлейді» ойыны ( жылдамдыққа)

Тақтадан суреттер көрсетіледі . суретке байланысты тұрақты сөз тіркесін құрау.

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]



1. Құлағы елең етті.

2. Көз байланды.

3. Жылан жалағандай.

4. Қолы ұзарды, қол көтерді.

5. Қасқыр шапқан қойдай.

6. Тіс жармады, тіс батпады.

7. Түймедейді түйедей қылды.

8. Шие жегендей қылды.

9. Түлкі бұлаңға салды.

10. Ит арқасы қиянда.

11. Бала басты болды.

12. Ат ізін салмады.

13. Қой үстіне бозтоғай ұялады.

14. Ас иесімен тәтті.

Шығармашылық жұмыс

- Балалар алдымызда қандай мейрам келе жатыр?

- Президент күні!

- Ендеше біз қазір постермен жұмыс жүргіземіз.

1. Бес жолды өлең құрастыру.

2. Постерді қорғау

















Үйге тапсырма:

1.Бес тұрақты сөз тіркесін жазып келу.

2.Ереже жаттау.

Рефлексия:

[pic]



Бағалау



Қосымша материалмен

жұмыс

«Сурет

тер сөйлейді»

ойыны

Шығар

ма-

шылық

жұмыс

Қоры

Тын

ды баға

1.









2.









3.









4.









5.









6.









Бастауыш сынып мұғалімі: Байсугурова Алия Кабаевна



























































«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ – сі











Ашық сабақ

Тақырыбы: Тұрақты сөз тіркесі

Қазақ тілі 4 «Б» сынып













Мұғалім : Байсугурова Алия Кабаевна















[pic]