ШҚО, Семей қаласы «№18 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Бастауыш сынып мұғалімі: Еспаева Гаухар Амангелдіқызы Пәні: Өзін-өзі тану Сыныбы: 2 Тақырыбы: «Үлкенге –құрмет, кішіге-ізет» Өзгеге жасаған ізетің, Өзіңе жасаған құрметің. Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру; - сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; - үлкендерді сыйлауға; кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, дәптер, оқулық, ақ қағаздар. Шаттық шеңбері Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Барлығына бас иіп Сәлем бердік біз Әңгімелесу. -Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе? - Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады? - Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Мәтінмен жұмыс. «Үш дос» Әңгімені оқу, талдау. - Балалар неге бірге ойнай алмады? - Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?
Ойын-жаттығу. «Құрмет-ізет» Жаңа ақпарат. Оқушылар оқулықтағы жаңа ақпараттарды оқи отырып, адамдардың арасында көп нәрсе сыйластыққа байланысты екенін түсінуі қажет. Өмірде адамдар бір-бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру. Дәптермен жұмыс Сабақта айтылған ойларды оқушылардың түсінгенін білу мақсатында дәптердегі тапсырма орындалады. 1- Тапсырма: «Менің айтар ақылым». Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі), ініңе арнап хат жаз. 2- Тапсырма «Менің айтар ақылым». Үйдегі үлкендердің өзіңе айтқан ақылдарын жазуға ұсыныс жаса. Сахналау «Кішілік-кісілік» Көп ойланып есебі, Келсе керек білгісі. Сөз сұрапты деседі автор Қариядан бір кісі: — Уа, қария, данамыз, Алайық бір түсініп. Үлкендік деп ұғамыз? бір кісі Дейміз нені кішілік? — Ағайынмен, досымен, Тату болса ісімен. Санаспай-ақ жасымен, Сыйлас болса кісімен; Кезек күтіп сөйлесе, қария Көрсетсе ізет, білгендік. Кеуде кере келмесе, Сол — Кісілік — үлкендік. — Сіз үлкендік дегенмен, Басқаша ұқтық мұны біз. Мәмілешіл бар елмен бір кісі Кішілік қой мұнымыз. — Жөн-ақ өзің аңдасаң, Сөздің мәнін түсініп. Ұйқасады әрқашан қария Кішілік пен кісілік. Жүректен жүрекке Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін төмендегі өлеңді бірге айтып, сабақты аяқтайды. «Ақ әжем» әнін айтқызу
|