Тақырыбы: «Өзіңді не үшін білу керек?»
Сынып: 4
Мақсаты: балаларды сабақтын мақсатымен таныстыру; сабақты жүргізу ережесімен таныстыру; балаларда өзін-өзі тану мотивациясын қалыптастыру.
Материалдар: дәптер, қалам, қарындаштар, смайликтер
Сабақтын барысы
1. Cабақтың мақсатымен таныстыру
Сабақта біз өзімізді және басқаларды түсінуге үйренеміз, сонымен қатар қарым-қатынас барысында білім мен дағдыдан басқа, жақсы көңіл-күй де аламыз.
2. Ережелерді қабылдау: әр қатысушы сабаққа белсенді қатысады, басқаның пікірін тыңдайды, бір-біріне сенеді, талқыланған мәселе осы бөлмеден әрі шығарылмайды.
3. Аңыз: «Гүлдің сыры»
Бір күні хан бақты аралап жүрген кезінде қурап бара жатқан талдарды, бұталарды және гүлдерді байқайды. Таңдаған хан еменге қарап мән-жайды сұрайды, сонда емен айтады: «мен қарағай секілді ұзын бола алмадым, сол себепті мен құса болып құрап бара жатырмын» - дейді. Хан қарағайға қарап еді ол: «жүзім ағаштары сияқты жеміс бере алмағандығымнан қурап бара жатырмын»- деді. Ал, жүзім ағашы болса өзінің раушан гүл сияқты құлпыра алмайтындығына өкінді. Тек бір ғана ырғай гүлі жайқалып өсіп тұрды. Таң-тамаша болған ханға ырғай гүлінің айтқаны: «Сен мені отырғызған кезде менен ырғай гүлінің өскенін қаладың. Сен егер менің орныма еменді, қарағайды, раушан гүлін өсіргің келсе, соларды отырғызушы едің. Сондықтан мен өзімнің ырғай гүлінен басқа ешкім бола алмайтынымды білгендіктен мені отырғызған адам маған қарап ләззат алсын деп, әдемі болып гүлдеуге тырыстым»- дейді.
Мәтінге сұрақ:
Гүлдердің әңгімесінен нені түсіндіңдер?
Қандай өсімдік өз ризашылығын білдірді?
Сен осы өсімдіктердің орнында болсаң не істер едің?
4. Жаттығу: «Менің көңіл-күйім» (смайликтерді таңдау)
Жаттығу: «Мен сенімен қарым-қатынас жасағаныма қуаныштымын»
(әрқайсысы шеңбер бойынша қасындағы адамға қолын созып: «Мен сенімен қарым-қатынас жасағаныма қуаныштымын» деп айтады).
5. Тақырыппен жұмыс. Өзіндік талдау: «Мен кіммін? Мен қандаймын?»
- Өздерін байқаған боларсыңдар, сендер әртүрлі адамдармен өздеріңді әртүрлі ұстайсыңдар. Кім өзін жақсы біледі? Сендерге өздеріңде түгелі ұнай ма? Басқалардан бізде қандай айырмашылығымыз бар? Өзіңді білу керек пе?
- Ендіше үш сөйлемге жазбаша жауап беріңдер.
- Менің ойымша, мен....
- Басқалардың ойынша, мен...
- Мен.... болғым келеді.
(әр сөйлемге тақтадан 5-10 анықтама сөздер таңдап, жазу)
«көрікті, әлсіз, әділ, дөрекі, мақтаншақ, еңбекқор, ұялшақ, батыл, сараң, айлакер, шыдамды, күлкілі, ұқыпсыз, ойшыл, жақсы, дені сау, әдепті, ұялшақ, шыншыл, әдемі, нәзік, мықты, ашық жүзді, ақкөңіл, қатал, қызғаншақ, ,ашулы, тұйық, салақ, кең пейілді, кыззбалық, қамқоршыл »
Жаттығу: «Ыстық орындық»
- Қазір көреміз, қаншалықты сендердің өз түсініктерін, сендердің сыныптастарының ойымен сәйкес келетінін. Әрқайсыларың мына ортадағы орындыққа жайғасасыңдар, ал қалған қатысушылар «Ол қандай?» деген сұраққа жауап береді. Ол үшін сендер тақтадағы жазылған анықтама сөздерден таңдап алу керексіңдер. Ортада отырған қатысушы «Менің ойымша, мен....» деп өзі жазған анықтамалардан сәйкес келгенін белгілеп отырады. Сәйкес келген анықтамалардың саны саналады.
6. Үй тапсырмасы: «Мен күн шуағында» атты сурет салу. Шеңбер салып, ортасына «Мен» деп жазу. Шеңберден шуақтарды салу: сәйкес келген жағымды мінез-құлық- қызыл түсті, жағымсыз- көк түсті.
7. Қоштасу рәсімі: «Әрдайым... , ешқашан... . »
Мақсаты: өмірге ризашылық білдіруге байланысты бір-біріне тілек айту
«Әрдайым.... , ешқашан..... . » (шеңбер бойынша тілек жолақшасын қолына сағат сияқты салып, өз ойларынан тақырыпқа байланысты тілек айтады)