№ 1. Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Мақсаты: Сөз және оның мағынасы туралы 2-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс:
а) өткенді еске түсіру. Сөз дегеніміз не? Сөздің қандай мағыналарын білесің? ә) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу (тірек сызба көмегімен сөз таптарын еске түсіру) б) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу А а А а Алма.
2-жаттығу. Сөздерді оқу, ондағы ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсету, сөйлем құрау. Мысалы: Жазда аралар гүлдерден бал жинайды. Айдостың ала сиыры жайылып жүр. 3-жаттығу. Аспанда: ай, жұлдыз, күн, бұлттар, құстар, тікұшақ. Жерде: топырақ, тастар, жәндіктер. Суда: балықтар, балдырлар, кеме, қайық .
в) Сергіту жаттығуы. 4-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде балаларға сурет бойынша сөйлем құрап жаздырту. 5-жаттығу Оқушылардың үстел жайында білімдерін ауызша сұрау, суретпен жұмыс жүргізу.
ІҮ.Бекіту: а) 6-жаттығудағы ақпаратты есте сақтап талдау. ә) Ойын «Кім тапқыр?» Ойының шарты: оқушыларды 4 топқа бөліп, зат, сын, сан есім, етістік бойынша сөздер айтқызу, сұрақ қою.
Ү. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөз туралы не білеміз? Сөз мағынасына қарай қалай бөлінеді?
ҮІ. Үйге тапсырма: 7- жаттығу 5-бет.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау