Негізгі бөлім | 16-жаттығу. Оқушылар мәтінді оқып танысады. Мәтін кейіпкерлерін анықтайды. Боданбек пен Шоғанбекті суреттеген сөйлемдерді көшіріп жазады.
Боданбек аққұба өңді, жұқалтаң, қағілез. Боданбек елгезек. Шоғанбек жалпақ беттеу, бақабастау, тотыққан қызыл қоңыр, жұп-жұмыр, төртпақтау. Боданбектен жасы үлкен болса да, бойы үш елідей аласа.
17-жаттығу. Оқушылар суретте берілген құстарды өзара сипаттайды. Ол үшін құстардың көлеміне, түріне, түсіне назар аударады. Оқушылар сипаттап айтылғаннан кейін мұғалім оқушыларға бұл құстар туралы мәліметті таратады. Оқушылар сол мәліметтерді пайдалана отырып, екі құстың біріне сипаттау мәтінін өздері құрастырады. Жыл құсына жатады. Қысқатұмсықты, бас жағы қызыл түсті, бауыры ақ болады. Құйрығы айыр. Ол адамның досы, адамға қамқор боп жүретін адал құс. Көктемде келе салысымен ұя сала бастайды. Ұзамай 4-6 ақ шұбар жұмыртқа туады.Екінші рет тамыздың басында жұмыртқалайды. Қорегін ұшып бара жатып қағып жейді. Адамға үйірсек. Сүйкімді. Қазақ қыздарының арасында ең көп кездесетін есімнің бірі – Қарлығаш. | Кіші денелі, түзу ірі қысқатұмсықты құс. Денесінің көп бөлімі қара, тек кеудесі ақ болады. Қанатының кей жеріне ақ араласқандықтан оны қазақта алақанат сауысқан деп те атайды. Құрт-құмырсқа жейді, етқоректі, аздап шөп жеп қоректенеді. Отырықшы құстар қатарына жатады.
|