Сабақтың тақырыбы: Бастауышым – балбұлағым.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Бастауышым – балбұлағым.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімнің сара жолы мектептен басталатынын,білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру. Оқуға, білімді болуға шақыру. 2. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра орырып, сәт-сапар тілеу. 3. Білім ордасы-мектепті, ұстаздарын құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Ата – анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу.

Көрнекілігі: 4 жыл бойғы оқушылардың еңбектері, шарлар, нақыл сөздер, суреттер.

1-Жүргізуші

Аса қадірлі аналар мен ұстаздар және әріптес оқушылар!

Бүгін ғылым әлемінің алғашқы баспалдағы Бастауыш атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрмыз.

Армысыздар, жиналған ата-ана , ұстаз,

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.

Арамыздан талпынып қанат қақты,

4 жыл бойы оң –солын таныған жас.

2-жүргізуші

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға,

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

1-жүргізуші

Шашу, шашу, шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке , бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.

Ән: «Отырардағы той.»

2-жүргізуші

Иә, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той. Өйткені 4жыл бойы білім беріп, ой-санамызды дамытқан , адалдыққа, адамдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақпыз.

Келесі сөз той иелеріне беріледі.

1-оқушы

1 қыркүйек күні мен

Аңқыған жұпар гүліммен

Келіп ем , қарсы алды мектебім

Сүйікті қоңырау үнімен.

2 -оқушы

Әлі есімде, мектепке алғаш барғаным

Өз қолыммен Әліппені алғаным

Ақтардым Әліппенің парағын

Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.

3-оқушы

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,

Жүргеніңді ұнаттық арамызда.

4-оқушы

Балғын шақта келіп едім,

Бал қызыққа еніп едім

Тағдырымның билігін де,

Сеніп сізге беріп едім.

5 -оқушы

Алғаш рет өзіңнен

Білім алар балалар.

Оқу сырын өзіңнен

Біліп алар балалар.

Жастың өсті санасы

Елжірейді жүрегі

Бастауышқа бар бала

Алғыс айтып жүреді.

6-оқушы

Шәкірттердің тыңдап жауап , сұрағын,

Жас анаға төгіп білім шуағын.

Хат танытып, жол сілтеген өмірге,

Барша жанға құрметті жан –мұғалім.

7-оқушы

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,

Шәкірттерін сүйген таза көңілден.

Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,

Өз соқпағын тапқан мына өмірден.

8-оқушы

Ұлағат ғұмырынан нұсқа алам да,

Барлық салт- дәстүрді ұстанам да.

Әр шақта тәліміңе тағзым етіп,

Ардақтап бас иемін ұстаз –ана.

Ән: « Мұғалім ол біздің.»

9-оқушы

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп етті тербетіле,

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетеді –дей келе бишілерге кезек берейік.

Би Қара жорға.

10-оқушы

Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,

Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі.

Пана болған , дара болған біз үшін ,

Жанымыздан артық көрем мен сізді.

11-оқушы

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім , мақтанамын.

Осы сырды үйреткен төрт сыныбым

Түстей болып , міне бүгін артта қалдың.

12-оқушы

Өтті оқу сан сабақ ,

Бүгін үлкен салтанат ,

Оқулықпен достасып ,

Бастауышпен қоштаспақ.

13-оқушы

Өзіңсің балауса көктемім ,

Мен сенен нәр алдым ,көктедім.

Өмірде алғашқы өткелім,

Рахмет саған , бастауыш мектебім.

14-оқушы

Оқытты ұстаз анамыз

Өсті білім санамыз.

Білгір ер боп өсетін

Біз бақытты баламыз.

Бойымызда бұла күш

Еркін өскен ұланбыз

Оқу білім үйреткен.

Хормен : Ұстаздарға мың алғыс !

Хор: « Мектеп ана »

15-оқушы

Бастауышым- балбұлағым ,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып , білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

16-оқушы

Өтті сенде қызық шағым ,

Бастауышым балбұлағым ,

Қоштасар күн жетті міне ,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

17-оқушы

Өсті міне , бойымыз ,

Өсті міне , ойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз.

18-оқушы

Көрмеген артық сөйлеп , артық күліп ,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен

«Ұстаз» әнін жаңғыртып айтып тұрып.

Ән: «Ұстазым»

Жүргізуші : Достар , бүгін бізде мейрам.Бастауышты бітіріп жатырмыз.

Бір – бірлеріңе қандай тілек тілер едіңдер?

1-оқушы: Құтты болсын , құрбыжан

Алға аттаған қадамың !

Білім деп соқсын жүрегің ,

Жолыңа бестік шашамын (бестік баға шашады)

2- оқушы: Жайнаса бұл-бұл бүлдіршін.

Бір сынып тағы өрлесін.

Жайқалып тұрған көктемгі

Өмірің сенің гүл болсын ! (гүл шашады)

3-оқушы: Өмір деген сан-саналы қиыр жол,

Адаспасаң одан да аларың мол.

Ұстаз , ана, әкенің ,құрбының да

Саған досым тілейтінім тек ақ жол!

4-оқушы:Шақырып алыс арманға,

Асулар күтіп тұр алда.

Өмірге ұлы самғауға ,

Жар бола көрсін бір Алла!

Жүргізуші :

Құрметті ата-аналар , ұстаздар,

Жақсы шәкірт азамат атанады.

Халқына, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата-ананы – деп

Ата-аналарға тілек кезегін береміз.

Жүргізуші :

Бітіруші түлектер

Жүктелер бар аманат

Айтылар ізгі тілектер ,

Болмасын еш жаманат.

Би: Өзбек биі

Көркем сөз : Тұрыңыздар , келе жатыр мұғалім.

Жүргізуші :

Бастауышта оқыдық ,

Ойға білім тоқыдық.

Бұлар бізден жалындар,

Ертеңгі ірі ғалымдар.

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай ,

Аман – есен болыңдар- деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізді аяқтаймыз.