Дүниетану
Сабақ тақырыбы: «Ауа. Ауаның қасиеті»
Сабақтың мақсаты:
1. Ауаның тіршілік үшін, тірі табиғат үшін пайдасын ғылыми түрде дәлелдеу, ауаның серпімділік, сығымдық қасиеттерін тәжірибелер жасау арқылы көрсету.
2. Оқушылардың қоршаған орта туралы білім - біліктерін дамыту, диалог арқылы сөйлеу тілін, ой - өрісін, шығармашылығын дамыту.
3. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: ой шақыру, әңгімелесу, тәжірибелер жасау, сұрақ - жауап, ой қорытындылау, интерактивті тақтамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі.
Көрнекіліктер: интерактивті тақтадан табиғат көріністері, тәрбиелік мәні бар сөздер, сызбалар,, май шам, доп, шыны ыдыстар, резеңке, шар,.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушыларды сабаққа дайдығын тексеру.
- Сабаққа дайынбыз ба?
- Өткен сабақта біз қандай тақырыппен таныстық?
Қызығушылығын ояту.«Көрінбейтін сиқыршы»
- Балалар, сендер білесіңдер ме? Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен сендер күнделікті кездесіп отырасыңдар. Бірақ оны көрмейсіңдер, тек сезесіңдер. Есікті тарс жапты, терезені ашып жіберді, ағаштың бұтағын жанап өтті. Кейде тіпті арқаңнан ептеп итеріп жібергенін сезесіз, «дөрекіленіп» бас киіміңді де жұлып әкетеді. Егер сен кенеттен жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көрсең, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанына сене бер. Теңселіп тұрған егінді, басын шұлғып ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көзбен көрмегенмен, оның күнделікті ісі мен мінез - құлқы сендерге таныс. Ол үнемі сендерді қоршап тұрады.
- Бұл не?...
- Ауа.
- Ол қайда? Оны қалай сезесіңдер? (Әңгімелесу)
2. Жаңа сабақ
Ой шақыру стратегиясы(топ ішінде желпеуішпен желпу)
- Бетіңе не соқты?
- Ауа бетке соққанда салқындайсың.
- Ауаны көрдің бе?
- Сездін бе?
-Егер сен ауаны көрмесең, онда ауаның бар екендігін қалай дәлелдейсің?
- Бір уақыт мұрындарыңды қысып, дем алмаңдар. Қанша уақыт шыдай аласың?
- Ауа тіршілік үшін өте пайдалы. Ал ауа болмаса айнала қандай күйге түсер еді? (топпен талқылау, дәлелдеу)
Тәжірибе
-Тәжірибе жұмысы деген не? Қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?
1.Қауіпсіздік ережесінің сақталуына жағдай жасау.
2. Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу
3.Әр топқа арнайы нұсқау жазылған парақшалар тарату.
- Ауа тіршілік үшін өте пайдалы. Ал ауа болмаса айнала қандай күйге түсер еді?
5 (міндетті түрде мұғалімнің
көмегімен)
Қажетті
Заттар
Стақан
дағы су, қант
Шар, суы бар шыны сауыт,
стақан
доп
Апельсин немесе иіс суы
2 шырағдан,
шыны құты,сіріңке
Бақылау нәти-желері(әр тәжі-рибеден кейін толты-рылады)
Әр заттың бойында ауа бар, ауа мөл-дір ж/е түссіз
Ауаның пішіні жоқ, кез келген зат-тың пішініне сәйкес болады
Ауа сы-ғылады,
серпіледі
Таза ауада иіс болмайды
От жану үшін ауа керек
1. Тәжірибелер жасау.
2. Дәлелдеу.
3. Өз ойларын ортаға салу.
● Оқушылар өздері дәлелдейді.
1 - тәжірибе: - Бір стакан суға қант сал. Не байқадың? Заттың бойында не бар? Түсі қандай?Ол не туралы айтады?
2 – тәжірибе: Шарды үрле. Не байқадың? Қандай қорытынды шығарасың?
3- тәжірибе: Бос стақанды суы бар ыдыстың ішіне төңкер. Су кірді ме? Неге? Стақанның бір жағын қисайт. Не байқадың? Қорытынды шығар.
4 - тәжірибе: - Доптың екі бүйірін қыс. Не байқадың? Жібергенде не байқадың?
5 - тәжірибе: Мандаринді аршы. Не сездің? Қорытынды шығар. ( жұппен жұмыс)
6- тәжірибе: Майшамды екіге бөліп, жағып, біреуін стаканмен, екіншісін банкамен жауып, ашық қалдырамын.
- Қай шырағдан бұрын сөнеді? Ауа отты жандырады.
Әр топ өз қорытындыларын шығарады.
-Біздің топта не жоқ?
Ауаның төмендегідей қасиеті бар ма? Жеке жұмыс, өзара тексеру
Ауаның қасиетіне тоқталу.
Ауа → дәмсіз → иіссіз → түссіз → көзге көрінбейді
Ауа → сығылады → серпіледі
Топпен жұмыс:
Топтастыру стратегиясы:
Дәмсіз иіссіз түссіз
Көзге көрінбейді сығылады
Серпіледі отты жанғызады
ІІІ. Сабақты қорытындылау: топпен жұмыс
Ауаға байланысты бес жолды өлең
Ауа
Таза, мөлдір
Көрінбейді, серпіледі, сығылады
Ауа бізге өмір береді.
Тыныс
Рефлексия
-«Алма түстерімен бағалау» жасыл түс- түсіндім, сары- түсіндім, бірақ сұрақтарым бар, қызғылт – түсінбедім.
- Мен сабақта не білдім?
-Не істедім?
- Денсаулығым үшін не жасадым?
- Топтастарыма қалай көмектестім?
-Нені білгім келеді?
Ауа - тіршілік көзі. «Ауа өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса өмір де тоқтайды. Ең қымбатты, қасиетті нәрсе «Ауадай қажет» деп ауаны ерекше бағалайды.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?,
Тіршілікте адам қымбат сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат алатұғын дем қымбат.
Үйге тапсырма:
Ауаға байланысты қандай мақал-мәтел білесіңдер? (іздестіру)
Бағалау.
Ұйымдас-тыру кезеңі
2 мин
Психологиялық ахуал туғызу.
«Көрінбейтін сиқыршы»
- Балалар, жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар екен. Онымен сендер күнделікті кездесіп отырасыңдар. Бірақ оны көрмейсіңдер, тек сезесіңдер. Есікті тарс жапты, терезені ашып жіберді, ағаштың бұтағын жанап өтті. Кейде тіпті арқаңнан ептеп итеріп жібергенін сезесіз, «дөрекіленіп» бас киіміңді де жұлып әкетеді. Егер сен кенеттен жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көрсең, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанына сене бер. Теңселіп тұрған егінді, басын шұлғып ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көзбен көрмегенмен, оның күнделікті ісі мен мінез - құлқы сендерге таныс. Ол үнемі сендерді қоршап тұрады. Қалай ойлайсыңдар, бұл не?..
Топқа бөлініп отырады.
Өз ойларын айтады.
-Ауа
5 мин
Ой шақыру стратегиясы(топ ішінде желпеуішпен желпу)
- Бетіңе не соқты?
- Ауа бетке соққанда не болады? Бүгін не туралы айтамыз?
- Ауаны көрдің бе?
- Сездін бе?
-Егер сен ауаны көрмесең, онда ауаның бар екендігін қалай дәлелдейсің?
- Бір уақыт мұрындарыңды қысып, дем алмаңдар. Қанша уақыт шыдай аласың?
Тәжірибеге шығу
топ ішінде желпеуішпен желпу
тақырыпты ашады,
өз ойларын айтады
- Ауа тіршілік үшін өте пайдалы. (топпен талқылау, дәлелдеу)
Тәжірибе
15 мин
7 мин
5 мин.
-Тәжірибе жұмысы деген не? Қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?
1.Әр топқа арнайы нұсқау жазылған парақшалар таратылады.
2.Әр стансаға 3-4 минут уақыт беріледі.
3.Арнайы белгіден кейін оқушылар келесі стансыға сағат тілімен ауысу керектігін ескертіледі. Әр топ өз стансысна оралатындығын хабарланады.
Тәжірибелер жасау.
1 - тәжірибе: - Бір стакан суға қант сал. Не байқадың? Заттың бойында не бар? Түсі қандай?Ол не туралы айтады?
2 - тәжірибе: Шарды үрле. Не байқадың? Қандай қорытынды шығарасың? Бос стақанды суы бар ыдыстың ішіне төңкер. Су кірді ме? Неге? Стақанның бір жағын қисайт. Не байқадың? Қорытынды шығар.
3 - тәжірибе: - Доптың екі бүйірін қыс. Не байқадың? Жібергенде не байқадың?
4 - тәжірибе: Иіс судың қақпағын аш. Не сездің? Қорытынды шығар.
5- тәжірибе: Майшамды үшке бөліп, жағып, біреуін стаканмен, екіншісін банкамен жауып, үшіншісін ашық қалдырамын.
- Қай шырағдан бұрын сөнеді?
Өмірмен байланыстыру (пештің оты жел үрлеген сайын күшті жанады)
Салыстыру (басқа топпен), не алдың?
-Біздің топта не жоқ?
Топтастыру стратегиясы:
Дәмсіз иіссіз түссіз
Көзге көрінбейді сығылады
Серпіледі отты жанғызады
1. Қауіпсіздік ережелерін айтады.
2.Әр топ арнайы нұсқау жазылған парақшалармен танысады.
3.Әр стансада 3-4 минут тәжірибе жасайды, парақшаларда белгілейді.
Өз ойларын ортаға салады, талқылайды.
4.Келесі стансыға сағат тілімен ауысады. Әр топ өз стансысына оралады.
1.Ауа мөлдір және түссіз. Кез-келген заттың бойында ауа бар.
2. Ауаның пішіні жоқ. Кез-келген заттың пішініне енеді.
3.Доптың ішінде ауа бар. Ауа сығылады, серпіледі.
4. Таза ауада иіс болмайды.
5. От жану үшін ауа керек. Ауа отты жандырады.
Тәжірибеден шығарған қорытындыларын айтады.
Қызыл түспен белгілеу
Әр топ нені қарастырмағанын байқайды.
Тақтада сәйкестендіреді.
3 мин
Ауаның төмендегідей қасиеті бар ма?
Жеке жұмыс, өзара тексеру
-
Ауаның қасиеті
Иә
жоқ
білмеймін
1
Ауа – мөлдір
2
Ауа – түссіз
3
Ауаның пішіні жоқ
4
Таза ауаның иісі бар
5
Ауа айналадағы бүкіл кеңістікті, ашық жерлерді толтырып тұрады
6
Ауа жану үшін керек
-Ауа болмаса не болушы еді? Өз ойынды дәлелде. Жеке жұмыс жасап, белгілейді.
Өзара тексереді.
Оқушылар жауабы
ІІІ. Сабақты қорытынды
Лау
Рефлексия
Бағалау
Үй жұмысын беру
5 мин
2 мин.
2 мин.
Ауаға байланысты бес жолды өлең
Ауа Таза, мөлдір Көрінбейді, серпіледі, сығылады
Ауа бізге өмір береді.
Тыныс
-«5 саусақ»
-Мен сабақта не білдім? -Не істедім? –Денсаулығым үшін не жасадым? Топтастарыма қалай көмектестім? –Қаншалықты меңгердім деп ойлайсың? «5 саусақтан жұдырыққа»
Ауаға байланысты мақал-мәтел іздестіру.
Оқушылар жеке жұмыс жасайды.
Оқушылар айтады, көрсетеді.
Тақырыбы: «Ауа. Ауаның қасиеті»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ауа және оның қасиеттері туралы білімдерін кеңейту
Дамытушылық: танымдық қызығушылығын тәжірибе арқылы дамыту;
Тәрбиелік: топтың ішінде бір-біріне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: ой шақыру, әңгімелесу, тәжірибелер жасау, сұрақ - жауап, ой қорытындылау, интерактивті тақтамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі, ана тілі, география, физика.
Көрнекіліктер: интерактивті тақтадан табиғат көріністері, тәрбиелік мәні бар сөздер, сызбалар,, май шам, доп, шыны ыдыстар, резеңке, шар,.
Сабақтың барысы:
5 (міндетті түрде мұғалімнің
көмегімен)
Қажетті
Заттар
Стақан
дағы су, қант
Шар, суы бар шыны сауыт,
стақан
доп
Апельсин немесе иіс суы
3 шырағдан,
шыны құты,сіріңке
Бақылау нәтижелері
(әр тәжірибеден кейін толтырылады)
Әр заттың бойында ауа бар, ауа мөлдір және түссіз
Ауа
ның пішіні жоқ, кез келген заттың пішініне сәйкес болады
Ауа сығылады,
серпіледі
Таза ауада иіс болмайды
От жану үшін ауа керек