Ашық сабақ «Есепті теңдеу құру арқылы шығару»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


БҚО. Бөрлі ауданы. Ақсай қаласы. №5 ЖОББМ

Дуйсенова Гульназ Мырзабаевна


Математика 4 сынып.

Тақырыбы: «Есепті теңдеу құру арқылы шығару»

Мақсаты:

а) Есепті теңдеу құру арқылы шығаруға машықтандыру және оқушыларды белгісіз санды таба білуге үйрету.

ә) Оқушылардың ой - өрісін, өзіндік іс - әрекетін дүние тануын дамыту. Пәнге қызығушылығын және белсенділіктерін арттыру.Есептеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін жетілдіру.

б) Зеректілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Теңдеу туралы түсініктері нығаяды, теңдеу құра біледі, өз беттерінше шығара алады.

Көрнекілігі: Карточкалар, сөзжұмбақ, филворд, кесте, оқулық т.б.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу.

Сабақтың формасы: жеке, топтық жұмыс.

Түрі: аралас сабақ.


Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Математика сабағы,

Оқытады жаңаны.

Мыңдық, ондық, бірлікті

Жаттап шапшаң аламыз , - деп оқушылар барлығы айтады.


- Саламатсыздар ма, балалар?! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Себебі, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарымызбен амандасып алайық.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жұмыстың жылдамдығы не ? ( өнімділік )

  2. Көбейту амалына кері амал . ( бөлу амалы )

  3. Бөлу амалының нәтижесі қалай аталады ? ( бөліндінің мәні )

  4. Орындалған өнімнің саны. ( жұмыс )


ІІІ. Ауызша есептеу.


Өрнектің мәнін тауып жасырын сөзді тап.

Е

663 : 3

Ң

150 : 3



ІҮ. Сөзжұмбақпен жұмыс. « Сөзжұмбақты » шешу.

Тігінен: 1. Белгісізі бар теңдік.

2. Ең кіші натурал сан.

Көлденеңінен: 1. Жеті ондық.

2. Математикалық таңба.


- Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбының атын таптыңдар. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Есепті теңдеу құру арқылы шығару»


Ү. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

1. Тапсырманы көрнекілікті пайдаланып орындау. Ол бөлшек және үлес түсінігі бойынша санды табу қабілеттерін бекітуге арналған.

Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөліп тапсырмаларды орындату.

2. Тапсырма. Теңдеулер жазыңдар және оны шешіңдер.


І топ. Ойлаған санмен 160- тың қосындысы 350- ге тең.

Х+ 160 = 350

Х = 350 -260

Х= 190

190 +160 = 360

350 = 350


ІІ топ. Егер 120- ны ойлаған санға қосса, онда 205 шығады.

120 + Х= 205

Х= 205 – 120

Х = 85

120 + 85 = 205

205 = 205


ІІІ топ. 370 - пен ойлаған санның қосындысы 9000 мен 10 - ның бөліндісіне тең.

370 + Х = 9000: 10

370 + Х = 900

Х = 900 – 370

Х= 530

370 + 530 = 9000 : 10

900 = 900

Сергіту сәті.

Музыка ырғағымен бойларын сергітеді.


ҮІ. Тақтамен жұмыс. Екі оқушы тақтаға шығып орындайды.

3. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

а) Болды - ? , Х кг алма

Алды - 8 кг алма

Қалды – 13 кг алма

Шешуі: Х – 8 = 13

Х = 13 + 8

Х= 21 кг ( алма )

Жауабы: Болды 21 кг алма


ә ) Сатып алды - 3 қорап айран және 1 нан – 64 теңгеге

Төледі – 514 теңге

Бір қорап айран - ? теңге

Шешуі: 3 х Х+64 = 514

3 х Х = 514 – 64

3 х Х = 450

Х = 450 : 3

Х = 150

Жауабы: 1 қорап айран 150 теңге тұрады.


ҮІІ. « Көңілді санамақ » ойыны.

« 2- екі »

Баласына ж2ріп

Ұрысып жатыр к2 лік

« 2леніп, с2ріп,

Алып қапсың 2лік.

2ншілей 2ңді,

Көрсетпе деп ж2рді ».

- « Көңілді санамақта » қандай құс туралы айтылған ?

- Кекілік ( көгершін, кептер ) деп аталады.

Шыққан құстың атының әріп санын осы санамақтағы айтылған санға көбейтіп мәнін табыңдар.

7 х 2 = 14

- Көбейтіндінің мәні нешеге тең болды ?

- Көбейтіндінің мәні 14 – ке тең болды.

- 14 қандай сан ?

- 14 жұп сан

Венн диаграммасы

[pic]

ҮІІІ. Өткен материалмен жұмыс. Ауызша орындау.

4. Суреттен параллель және перпендикуляр түзулер мен кесінділерді табыңдар.


ІХ. Карточкамен жұмыс. Өрнектерді салыстыр.

80 х 23 + 77 * 101х 80

160 + 400 : 40 * 560 : 40

32624 * 9316

823958 * 823985


Х. Қорытынды.

- Бүгін біз қандай тақырыпты өттік ?

- Есепті теңдеу құру арқылы шығаруды үйрендік.

Филворд шешіп, сергіп алайық. Мұнда өткен тақырып аттары шығады.

Шешуі: жұмыс, бөлшек, үлес, қашықтық, уақыт, теңдеу.


ХІ. Үйге тапсырма. № 7. 117 - бет

ХІІ. Бағалау. Мадақтау.