Конспект урока Төрт түлік

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 21.01.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік

Мақсаты:

а) Білімділік: Төрт түлік түрлерімен таныстыру, оларды қалай шақыру керек, пірлерін қалай атайтыны, пайдасы туралы әңгімелей отырып, өлеңді сауатты, мәнерлеп, жүргізіп оқуға үйрету, малды ұрмау дағдыларын қалыптастыру.

ә) Дамытушылығы: тіл байлықтарын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, ой – өрісін, өз ойларын ашық, жүйелі баяндау іскерлігін және танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.

б) Тәрбиелігі: оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, төрт түлік суреттері.

Түрі: аралас

Әдісі: топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық .

Қайырлы тан досым

Қайырлы күн болсын

Бүгін алар бағамыз

Өте жақсы болсын.

Оқушыларды екі топқа бөлу.

1-топ «Құлыншақтар» 2- топ «Қошақандар».

II. Өткен сабақты бекіту.

Қандай дыбыстарды өттік?(дауысты )

Қандай дауысты дыбыстарды білеміз?

Қоян мәтінің сұрау.

Басқа андар туралы не білесіңдер?

III.Жаңа сабақ.

Дыбыс 2 – ге бөлінеді. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Дауысты дыбыстарға; а, ә, е, ё, и, ө, о, ү, ұ, ы, ю, і, э, я, (у).

Дауыссыз дыбыстарға; б, в, г, ғ, д,ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р,с, т, ф, х, h, ц, ч, ш, щ, (у). Дауыссыз дыбыстар, созылмайды.

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын, мына жұмбақтарды шешіп көрейік.

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Үстінде тауы бар,

Өзі қызық жануар. (түйе)

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпеуіш сияғы бар. (сиыр)

Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Міңсен – қанат, сүті дәрі,

Еті – тамақ. (жылқы)

Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар, игенді сақалы бар. (ешкі)


Мына суреттерге қарай отырып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын болжайық. Біздің ата – бабаларымыз негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығы деп білген. Сол себептен олар мал шаруашылығымен айналысқан. Малдың сүті, еті- тамақ, терісі мен жүні – киім, мінсе көлік болған. Солмен бірге тұрмысқа қажетті әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланған. Сондықтан қазақ халқы өздері асыраған малды қастерлеп, төрт түлікке бөлген.

Сиыр, жылқы, түйе, қой мен ешкі.

Осы малдарды сақтап жүретін иелері мен пірлері болған деп сенген.

Түйе иесі – Ойсылқара, жылқы иесі – Қамбар ата, сиыр иесі – Зеңгі баба, қой иесі – Шопан ата, ешкі иесі – Сексек ата.

Төрт түлік малдан алынатын өнімдері туралы айтатын болсақ:

Түйеден алынатын өнім: жүні, шұбаты, еті, терісі, тезегі.

Жылқыдан алынатын өнім: сүт, тері, еті, сүйек, тезек.

Сиырдан алынатын өнім: сүт, жүн, ет, май.

Сиырды аухау, - аухау, қойды пұшайт – пұшайт, ешкіні шөре – шөре, жылқыны құрау- құрау, түйені көс – көс деп шақырған.


ІҮ.Оқулықпен жұмыс.

Дыбыстық талдау жасау. Мына сөздерде қанша дыбыс бар.

Түйе – 4 дыбыс, 4 әріп, 2 буын.

Сиыр- 4 дыбыс, 4 әріп, 2 буын

Оқушыларға өлеңдерді шумақпен оқыту. /оқушыларға жеке – жеке оқыту/

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы – қырлы жерлермен

Ытқып ытқып жүгірді

Қарап еді артына

Қиығын сап өзінің

Келе жатқан томпандап

Көжегі екен өзіннің


Ү.Дәптермен жұмыс.

1. Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката сөздерін жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.

18- жаттығу.

Құлыншағым – құндызым

Құлдырайды, шабады.

Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.

19- жаттығу. Сөздерді көшіріп жазыңдар, дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.

Бота, құлын, лақ, қозы, бұзау.

Топтасыру :

Төрт түлік – жылқы

-түйе

-сиыр

- қой (ешкі)

«Ой қозғау»

Жылқы – терісі, еті, қымызы, майы.

Түйе – шұбаты, жүні, еті.



ҮІ. Бекіту.

- Сонымен балалар төрт түлікке нелер жатады?


Мал атауларын ата. Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе.

Пірлері: Түйе иесі – Ойсылқара, жылқы иесі – Қамбар ата, сиыр иесі – Зеңгі баба, қой иесі – Шопан ата, ешкі иесі – Сексек ата.

Төлдері: Қозы, лақ, құлын, бота, бұзау.

Шақыру: Сиырды аухау, - аухау, қойды пұшайт – пұшайт, ешкіні шөре – шөре, жылқыны құрау- құрау, түйені көс – көс деп шақырған.


- Сәйкестендіру (төрт түліктің төлдерін табу)


-Сөздерден мақалдар құрастыру.

Сиыр, сүт, төкпе, теппе.

Ер, ат, қанаты.

Қонақ, егіз, табады, қой.

Теріс, малға, мінбе.


ҮІІ.Үйге тапсырма. Төлді қалай шақырады мәнерлеп оқу. 23-24 бет

ҮІІІ. Бағалау. Оқушыларды 3 деңгейде бағалаймын. Өте жақсы, жақсы қанағаттанарлық.