Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінү. 1.1.5.1.Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған \ көрген мәтінді түсінгенін білдіру. 1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.3.4.1.Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою. |
Сабақтың басы (6-40 минут) | (МК, Ұ) Бұл сабақта оқушылар 4- бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген.Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке жеке қайталайды. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогты толықтырып айтады. (МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға оқулықтағы тапсырмада берілген сұрақтар бойынша сұрақ қояды, оқушылар оған өз қалауы бойынша жауап бере алады. Мысалы: Мынау не? (Мұғалімнің қолында немесе тақтада бір аңның немесе бір үй жануарының суреті болу керек). Мынау піл ме? (Мұғалім бір суретті көрсетеді). Ауылда не бар? Сен не істейсің? Сен не саласың? (Ж ) Сонан соң оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді. Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады. (МК, Ұ) Сондай- ақ бұл сабақта мұғалім аңдар, үй жануарлары, ауладағы, айналадағы зат атауларын, сандарды қайталауға арналған қосымша тапсырмалар (ойындар) ұйымдастыра алады. Осы бөлімнің соңында оқушылардың: - аңдарды атай алу (аю,арыстан, кірпі, түлкі, керік, піл, қасқыр, қоян); -үй жануарларын атай алу (қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе); -Бұл не? сұрағына жауап беретін сөздерді атай алу ( аңдар, үй жануарлары, ауладағы гүлдер, ағаштар); -Мынау піл ме? Сияқты сұрақтарға жауап бере алу. (Иә, мынау –піл. Жоқ піл емес); -Аңдардың, жануарлардың санын, түсін айта алу; -1-20 сандарын, үйренген түстерін атай алу; - аулада не бар екенін айта алу (аулада ағаштар, гүлдер бар); Аулада не істейтінін айта алу (Мен аулада ойнаймын.Мен аулада сурет саламын) - қандай сурет салатынын (Мен ағаш саламын) айта алу дағдылары қалыптасуы қажет. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысын да алған білімдерін бекіте түседі. | Оқулық
Аудиодиск: 4.6.1. 4.6.2. 4.6.3. 4.6.4.
Аңдар, үй жануарлары, ауладағы айналадағы заттар, сандардың суреттері бар карточкалар.
№ 1 жұмыс дәптері |