Ана тілі 1класс
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік.Мал атасы.Төлді қалай шақырады?
Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы түсінік
беру. Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынана таба
білуге үйрету. «Төлді қалай шақырады?» өлеңі
туралы түсінік беру.
2) оқу жылдамдықтарын арттыру,есте сақтау
қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларына молайту.
3) әдемі жазуға тәрбиелеу, малды сүюге, күтуге
тәрбиелеу. Тәртіптілікке үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекті-құралдар: төрт түлік суреттері
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, ойын түсіндіру, әңгімелесу, өзіндік
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау
-«Қоян» туралы әңгімені 3-4 оқушыдан жазған әңгімелерін сұраймын.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
Өткен сабақтардан алған білімдерін «Алма жинау» арқылы пысықтаймын.
1 алма-дауысты дыбыстарды ата
2 алма- дыбыстар нешеге бөлінеді?Ата.
3 алма-Сөз нелерден құралады?
4 алма-дыбыстар немен таңбаланады?
5 алма-Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ата
6 алма- мына сөздерден сөйлем құра: алма, алдым, сатып, мен.
IV. Мақсат қою кезеңі:
V. Жаңа сабақ
Дыбыстар туралы түсінікті қайталай келіп, дауыссыз дыбыстар туралы, түсінік беру. -
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.Мысалы:т,с,қ.
Біздің тілімізде 25 дауыссыз дыбыс бар.Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т, ф,х,һ,ц, ч,ш,щ (у). -У дыбысы кейде дауысты , кейде дауыссыз дыбыстың ролін атқарады. -Оқушыларға дауыссыздарды қайталату, оқыту.
Төрт түлік мал туралы түсінік беру.Суреттерін көрсету, төлдерін атату.
-17-жаттығу Өлеңді түсініп оқыту.
Қамбар ата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката, сөздерін жазғызып, дауыссыз дыбыстардың астын сызғызу.(тақтаға орындалады.)
18-жаттығу. Оқушыларға Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мағлұмат беріп өтіп, «Құлыншағым» өлеңін оқып беру.Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп жазып, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сыздыру.(Орындарында отырып өз беттерінше орындайды.)
«Төлді қалай шақырады?» әдеби мәтін тапсырмасын мәнерлеп оқып беру, түсіндіру.Әңгіме жүргізу.
VI. Жаңа материалды пысықтау:
Сұрақ-жауап арқылы өткен тапсырманы пысықтаймын.
1/Төрт түлікті ата. 2/Төлдерді қалай шақырады? 3/Қой, сиыр, түйе,жылқы, ешкі сөздеріндегі дауыссыз дыбыстарды ата. 4/Төрт түліктің төлдерін, иесін атаңдар.
VII. Бекіту кезеңі
Бүгін не туралы білдік?
Сабақ нады ма? Рефлекция
VIII. Үйге тапсырма өлеңді оқу 23 бет
бағалау