БЕСІК ЖЫРЫ ( АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ) ДАЯРЛЫҚ ТОП

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Өтес орта мектебі ММ







[pic]

Ашық тәрбие сағаты



Пәні: Тәрбие жұмысы

Сыныбы: 0 «б»

Сынып жетекшісі:Сармолдаева М.

Әдіскер: Аятбергенова Гүлнар.

Күні: 15.02.16.











Сабақтың тақырыбы: «Бесік жыры»
Сабақтың мақсаты: 1. Ұрпақ тәрбиесінде ата – бабамыздың ұстаған

жолын, көп балалы болуды бақыт деп санаған,

баланың отбасындағы орнының жоғары

бағаланғандығын паш ету;

2. Бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлерді

үйрету;

3. Жаңа ғасырдың мұрагерлерін тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап .

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, сызбалар,

суреттер.

Пәнаралық байланысы: музыка, бейнелеу өнері.


Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, назарын сабаққа аудару.

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

- Сәлеметсіз бе?

Оқушылардың оқу-құралдарын түгендеу.

  • Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ашық тәрбие сабақ ретінде өткелі отыр. Яғни сабақта көптеген тапсырмаларды орындайтын боламыз.

  • Сабаққа белсене қатысып отырайық.


[pic]


ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударған. Тәрбие ағаш бесіктен бастап жер бесікке дейін үздіксіз жүріп отырған. Халқымыздың бала тәрбиелеуде түрлі әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлерді, жөн – жоралғыларды үнемі дамытып, өз тәжірибесінде кеңінен қолданған.
Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтететін артына ұрпақ қалдыруды көздейді. Бала – адамның бауыр еті. Халқымыз балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған.
Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі – деп, ұрпақты болуға, оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген. Қазақ ұл баланың дүниеге келуін «Ұл туғанға күн туар» деп ерекше бақыт санаған, шаңырақтың иесі ұл бала деп білген. Ал қыз балаға «Дүниенің тұздығы, бастауы» деп қараған.
Халық тәрбиені бала іште жатқан кезде бастайды. Бала дүниеге келген соң жасалатын әр түрлі рәсімдер бар. Сол рәсімдерді еске түсірейік.
ІІІ. Бала – үйдің мерекесі.
Шілдехана – сәби дүниеге келген күні, кейде бір күннен соң өткізіледі. Шілдеханаға жастар, әйелдер жиналады. Көпшілік ән салып, көңіл көтеріп, кетерінде «Сәбидің бауы берік болсын» деген жақсы тілектер айтып, үйлеріне қайтады.
Келесі той – бесік тойы. Әдетте сәбидің кіндігі түскен соң, жеті – сегіз күннен кейін салынады. Бесікке салуға бұл жолы жасы үлкен әйелдер мен әжелер жиналады. Бесік – нағыз халық мұрасы, бабаларымыздың ғасырлар бойы тұтынып келген ата мүлік. Бесік – көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра. Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты маржан сөз бар. Олар тегін айтылмаған. Бесік – ұлттық өнеріміздің туындысы, салтымыздың жұрнағы, ұлттық тәрбие құралы. Қазақта бесікке салынған бала «бес түлейді» дегенде мәтел бар. Бұл бесікке жатқан бала дені сау, салмақты, шыдамды, бауырмал, батыл болып өсетіндіктен екен. Сондықтан да бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептелген.
Бесіктің ең қарапайым түрі қайың, тал, тағы басқа оңай иілетін жеңіл ағаштан жасалған. Бесік құрамы он бес бөліктен тұрады (плакаттан көрсету).
Бір бел ағаш, екі бөген, төрт жақтау, төрт шабақ, екі сабау, екі жорғадан тұрады. Халық дұрыс бөленіп, бесік көрген баланың дені сау, тәрбиесі түзу болады деп есептеген. Сондықтан баланы бесікке бөлеудің мәні өте үлкен.

[pic]

[pic] [pic] Бесікке керекті жабдықтар – жөргек, жастық, қолбау, аяқбау, түбек, шүмек. Сәбиді бесікке кез келген әйел салмайды. Бұған ел – жұртына аяулы, құрметті, ұрпақты бәйбіше лайықты.

  • Міне, балалар, біз бүгін осы рәсімдердің ішінен бесікке салу салтынан

бейнебаян тамашалайық.
- Сәбиді бөлемес бұрын жиналған көпшілікке «Тыштырма» ырымы

жасалып, құрт – кәмпит, бауырсақ, тәттілер үлестіріледі.
Біздің бүгінгі тыштырмамыз – ерекше тыштырма, сұрақты тыштырма.
«Тыштырма» сұрақтары:
1. Қазақтың төрт – түлік малын, төлін ата.
2. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
3. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын айт.
4. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
1– оқушы: Бесікке бөлеу.
Мойнымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым.
Тағдыр берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын деп.
Бесігіне жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата қой!
Ән: «Бесік жыры».
2 – оқушы: Қойған ерте сайлап,
Басына үкі байлап.
Жат алаңсыз жайнап,
Ақ бесікке аунап.
3 – оқушы: Ақ бесікке сенің,
Алғаш тиді белің.
Кетпестей болып кейін,
Ұйықтатады бесік,
Жел қайықша тербеп.
Ү. Білімнен асар байлық жоқ (сұрақ – жауап).
1. Ата – ана кімдер үшін өмір сүреді?
2. Қандай балалар болатынын білесің?


4 – оқушы: Қонақ күту салтымыз,
Оқып – біліп жатырмыз.
Салт – дәстүрі сақталса,
Арта берер даңқымыз.
- Балалар, бесікке байланысты қандай тыйым сөздер бар.









Қорытынды:
Бесік – қазақта киелі орын. Тұңғыш баласы жатқан бесікке немере, шөбересін бөлеген әжелер өздерін өте бақытты санаған.
Қазақта бесікті ашық қалдыруға болмайды. Себебі, халық ұғымындағы пері деген жамандық иелері баланың періштесін шошытады.Сондықтан да осы қасиетті, құтты мүлігіміз, сәбидің алтын ұясы – бесікті қадірлейік. Ендеше атадан мирас болып келе жатқан әрбір қазақтың жылы ұясы бесікті сақтай білейік.