6.09.16ж. Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тіл және сөйлеу туралы білімдерін тереңдету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Сөйлеудің түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сөз мағынасын түсіне, әдеби тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап, мақалдың мағынасын ашу,
Көрнекілігі: суреттер, тапсырамалар, таблица,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Көркем жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ. Тіл және сөйлеу.
1. Жаңа сабақты сызбаларда берілген сұрақтар арқылы, пікірталас:
Тіл және сөйлеу не үшін қажет?
Ата — бабамыз бізге мұра етіп нені қалдырды?
2. Сөйлеу түрлерін таныстыру.
Сөйлеу Ауызша Жазбаша Әңгімелесу Сызу
Пікілесу сурет салу Хабарласу Таңбалау Кітап оқу хат жазу
3. Дәптермен жұмыс
Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқта.
1). Жексенбіден кейін ________________________
( жыл, сағат, дүйсенбі)
2). Алманың ішінде әруақытта ________________________
( құрт, тұқымы, гүл)
3). Тау өзенінің ағысы ________________________
(ақырын, күлкілі, қатты)
4). Бүгіннен кейін ________________________
(биыл, ертең, былтыр)
5). Әкеден кейін ________________________
( немере, бала, шөбере)
6). Сағат тілі ________________________
( жоғарыдан төмен қарай, оңнан солға қарай, солдан оңға қарай қозғалады).
ІV. Оқулықпен жұмыс.6 - жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы. Баланың қуаныш сезімін білдіретін бөлікті көшіріп жаз. 7-жаттығу. Өлеңнен ризалық сезімін білдіретін жолдарды теріп жаз. 8-жаттығу. Ауызша орындау. 9- жаттығу. Ауызша. Жұппен жұмыс. 10-жаттығу. "Мақалдың жалғасын тап" ойыны.
1.Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді. 2.Тіл тас жарады, Тас жармаса , бас жарады.
V.Сергіту. Ойын: Кім жылдам? YI Бекіту.
1. Сөйлеу не үшін қажет?
2. С. Торайғыровтың тіл туралы өлеңін оқып беру.
3. Тіл туралы мақал — мәтелдер сұрау.
VII. Қорыту. Тіл — ұлттың жаны, тіл — ұлттың асыл қазынасы — дей отырып бүгінгі сабағымызды анықтаймыз.
VІ. Үйге тапсырма. Тіл туралы мақал жазу.
VІІ. Бағалау.