МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе …..............................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Шәй ағашы туралы түсінік .......................................................................4
2. 2 Шәйдің түрлері, көк шәйдің пайдасы ......................................................5
2. 3 Шәй ішудің құпиясы.................................................................................8
2. 4 Шәй ішу рәсімі .......................................................................................10
5. Шәйдің қалташарға оралу маңызы ............................................................14
2. 6 Шәй ағашының сиқырлы майы ...............................................................16
2. 7 Пайдалы кеңестер ......................................................................................18
ІІІ. Қорытынды ...............................................................................................21
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................25
Аңдатпа
«№270 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4 «А» сынып оқушысы Талғат Нұрғасырдың «Шайдың құпия сыры» атты ғылыми жобасы күнделікті өмірде жиі көріп, өзіміз тұрмыста пайдаланатын шайдың пайда болу тарихы, оның адам ағзасына пайдасы мен зиянын танып білуге, оның емдік қасиеттерін ашуға арналған.
Зерттеудің мақсаты: Шайдың өзіне ғана тән сырын айқындау, оның өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттау, пайдалы мен зиянын зерттеп танып-білу.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер шайдың өзіндік қасиеттері мен құпия сырларын жан-жақты таныстырылып, оның адамзат үшін пайдалы жақтары ашылса, сонымен қатар емдік қасиеттері жүйеленіп берілсе, шай туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, олардың пайдасын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік.
Зерттеу барысында:
1. Шайдың сан алуан қыр-сыры ашылды;
2.Олардың қоғам мен адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;
3. Шайдың көптүрлілігі мен олардың адам ағзасына пайдасы мен зияны суреттелді;
4. Шайдың дайындалу рәсімі мен оның емдік қасиеттері айқындалды.
Жұмыстың орындалу әдістері. Шай туралы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау; ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау.
Шай рухыңды көтеріп, жүрегіңе шаттық
сыйлап, шаршағаныңды басып, санаңды
оятып, күш-қуат беріп, теріңді нәрлендіреді.
Ежелгі Қытай трактатынан.
Кіріспе
Қазақ – шайқор халық. Ата-әжелеріміздің баяғыда «Шай ішсең, көңілің жай» деп мақалдайтыны тегін емес. Мұның сыры неде десек, шайдың адам ағзасы үшін пайдасы мен емдік қасиеті аз емес көрінеді. Шай-адамдар қолданатын ежелгі сусындардың бірі. Бірақ біз шайды сонау ерте заманнан бері ішіп келе жатсақ-та , бұл сусын туралы тым қарапайым нәрсенің өзін, мысалға, оны қалай дұрыс демдеуді де біле бермейміз. Бұл онша жеңіл-желпі қарайтын мәселе емес Менің достарым шайды әр түрлі бағалайды.Шөлді басатын сусын десе,біреуері. шай дастарханда бас қосу белгісі деп есептейді.Шайдың өзінің ерекше бір тарихы бар.Ол Қытай елінен келген.
Біздің елімізде қою сүт, қаймақ қатқан шай ішпейтін адам жоқ. Шай мен кофе, жеміс шырындары мен квас – негізінен, алкогольсіз сусындар. Олардың кең тарап, кең тұтылуының сыры – сүйкімді дәмінен, жұмсақ стимуляторлық әсерінен. Қазір ауыз суына хлордың қосылуы салдарынан бұл сусындардың дәмдік сапасы өз деңгейінде емес. Алайда хлорсыз, бактериялық жолмен өңделген, терең артезиан құдықтарынан алынған, мөлдір, таза күйінде дүкендерде сатылатын (бұлақ суы) ауыз суынан дайындалатын шай, кофе өте дәмді келеді. Әйтеуір, қандай судан қайнатып ішсе де шайдың жаманы жоқ және де қазақтай шайқұмар халық аз шығар, сірә...
Менің зерттеу жұмысыммен толық таныссаңыздар, онда шайдың адам өміріне деген қажеттілігі туралы білесіздер.
II.Негізі бөлім
2. 1 Шайдың тарихы
Шай өз бастауын Қытай жерінен алады. Шай – мәңгі жасыл шай өсімдігінің арнайы өңделген жапырағы, сондай-ақ осы жапырақтан әзірленген сусын. Шайдың өзіне тән хош иісі, тіл үйіретін дәмі, шөл қандырып, сергітетін әсері бар. Жас жапырақшалар қытайша «тщайей» дегенді білдіреді. Осыдан «шай» атауы шыққан. Байха шайы да қытайша «бай-хоа» аударғанда «ақ кірпікшелер" дегенді білдіреді. Шынында да шай жапырақшаларының бір беті ақ кірпікшелерге ұқсас жіңішке күміс талшықтармен қапталған. Қазіргі уақытта байха сөзі үгітілген денег мағынаны білдіреді.
Алдымен Қытай шай өндірушілерден жалғыз ел болғандықтан, оның құпиялары мықты қорғалған. Дегенмен, бір ағылшындық шай тұқымын ұрлап қана қоймай, оны өңдеудің күрделі жолын да біліп алған. Осының арқасында европалықтар шайды өз мекендерінде де егуді білген. Шайды тек әйелдер ғана жинаған екен. Себебі, әйелдің нәзік қолдары шайдың иісін одан сайын күшейтеді деп есептеген. Қытай императоры үшін шайды тек 16 жасқа дейінгі қыздар жинаған.
Camellia sinensis өсімдігінен қара шай мен көк шай алынады. Айырмашылығы тек жинау тәсілі мен жапырақтарын өндеуде. Көк шай қара шайға қарағанда ферменттелмейді, сондықтан оның адам денсаулығына қажетті табиғи элементтері сақталады. Көк шайда ғалымдардың айтуынша химиялық қосындының негізгі элементтер бөлігі сақталған. XIX ғасырдың аяқ кезінде америка ғалымдары шай құрамында 4-5 пайдалы элемент бар екендігін дәлелдеген, ал енді қазіргі кезде 300-ден астам элемент бар екені расталған.
Шай (Thea), [link]
Шайға сұраныс артқан соң қаржы шығындамау үшін (шайды кемемен Еуропаға жеткізу өте қымбатқа түсетін, әрі сапасы нашарлайды) шай бұталарын өз отарлары – Үндістан мен Цейлонда өсіруді қолға алды. Ең алдымен Үндістанның Ассам штаты кейінірек Цейлонда ( 1972 жылға дейін Британ доминоны осылай аталады, бұл қазіргі Шри-Ланка).
Канди ауданынан жиналатын Цейлон щайы бізге кең танымал. Ағылшындарға еңбек күшінің арзандығы, шай бұтасы егілетін алқаптардың үлкендігі өте көп пайда әкелді және Қытайға шай тәуелділігінен құтқарды десе де болады.
Үндістанға келсек, мұнда шай бұталары негізінен солтүстік бөлігінде өсіріледі. Бізге белгілісі Ассам мен батыс Бенгалия штаты. Орисса штатындағы көптеген алқаптар жарнамадан түспейтін «Брук Бонд», «Юнилевр-Липмтон» компаниялар иелігінде.
Ертеде шайды адамды түрлі улану кезінде және ой, дене еңбегінен шаршағаннан арылу үшін дәріге ішкен. Қара шайға қарағанда көк шай адам ағзасына өте пайдалы. Мысалы: Өзбекстан тіс дәрігерлері оқушылардың тіс ауруымен сирек ауыратыны байқаған. Кейін белгілі болғандай көк шайдың құрамында эмальдың бұзылуына жол бермейтін фторлы заттар бар екен.
Шай бүйрекке тас байлануды болдырмайды. Қытайлықтарға бұл аурудың белгісіз болып келуі сондықтан. Көк байха шайы қырқұлақ және дәрумен жеткіліксіздігіне бірден-бір ем. Алғаш Еуропада шай алтынға бағаланғандықтан, тіпті оның зияндылығы туралы пікір қалыптасқан. Әр халықтың шай әзірлеуде өзіндік ерекшеліктері бар дәстүр қалыптасқан. Мысалы қытай, жапон халықтары шайға қант қоспай ішеді. Орыс, голланд және көптеген Еуропа елдерінде қанты бар шайды ұнатса, қырғыз, қалмақ, моңғол, тибеттіктер шайдың дәмін тұзбен келтіреді. Ағылшындар сүт үстіне шай құяды, керісінше істеу надандық болып саналады. Олардың пайымдауынша бұлай ету шайдың дәмін жоғалтып хош иісінен айырады делінеді. Голланд, шотланд, қалмақтар керісінше шай қайнаған соң сүт қатады.
Шай ішу жапондықтар үшін үлкен рәсім. Қатал дзен-буддизмге құрылған «гя-до» шай ішу рәсімі әуелде Қытайда пайда болған. Кейін бұл рәсім жапон тұрмыс салтына еніп кеткен. Содан бері рәсім тәртібі онша өзгермеген. Жапондар өздерінің ерекше көк шай «о-тяны» қант салмай ішеді. Кез-келген мекемеде «отякумдар» яғни шай дайындап құюшы хатшы қыздар болады екен. Олар күніне 3 рет қызметкерлерге шай дайындап береді. Жапондар шай өсіргенімен оны сыртқа шығарып сатпайды десе де болады.
Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы ала аласыз!
10