Сабақтың тақырыбы:Қарлығаш пен Дәуіт
Сабақтың мақсаты:Ертегі мазмұнын түсініп, жан-жақты талдауға үйрету; идеясын ашу мақсатында оқушының шығармашылық жұмыстарына мүмкіндік беру; негізгі идеясы болған достықты паш ету.
Жұмыс түрі: топтық жұмыс
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, «Шеңбер бойымен әңгімелеу», «Араласып кеткен оқиғалар», «Бес жолды өлең», «Ойтолғау», «Екі жұлдыз, бір тілек»,
Көрнекі-құралдар:оқулық, үлестірме материалдар, қима суреттер
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
Үй жұмысын тексеру
1.«Шеңбер бойымен әңгімелеу» әдісі
а)Оқушылар шеңберге тұрады. Бір оқушы үйге берілген мәтінді ойдан жаңғыртуды бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта жалғастырады.Соңына дейін солай жүреді.
ә) Салып келген суреттерін көрсетіп, моторлы қайыққа қойған атауын атайды.
3. Топқа бөліну. Топ ережесін еске түсіру.
Оқушылар сурет қималарын құрау арқылы 3 топқа бөлінеді. (қарлығаш, көкек, дәуіт)
Қарлығаш, көкек, дәуіт туралы білгендерін жинақтау, сабақ тақырыбын ашу.
ІІ.Мағынаны тану
Мәтінді «Араласып кеткен оқиғалар» әдісі арқылы оқыту.
Мұғалім ертегіні бастайды: -Бір Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті.Қанаты қатпаған балапандары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтумен болады екен.
-Әрі қарай не болғанын мәтін бөліктерін дұрыс орналастыру арқылы білетін боласыңдар.
Мәтінді үш бөлікке бөліп, топтарға таратып беру керек. Бөлінген бөліктерді дұрыс қою арқылы мәтінді толығымен түсініп оқиды. Әр бөлімге ат қою арқылы жоспар құрады.
Ойқозғау
-Ертегідегі нағыз достықты неден көруге болады?
-Көкек пен қарғаның мінезіндегі кемшіліктер өмірде кездесе ме?
Сергіту сәті.
«Бес жолды өлең» әдісі арқылы ертегі кейіпкерлеріне сипаттама беру.
Ойтолғау.
-«Бір күні Көкек торға түсіп қалыпты ...» деп бастап, ертегіні ары қарай жалғастырыңдар.
-Өз ертегілеріңде Қарлығашты қалай бейнелер едіңдер? Мейірімді, кек сақтамайтын, әлде бұрынғы ренішін ұмытпай, Көкектен немесе Қарғадан өшін алатын.
Оқушылар топпен ертегіні ары қарай жалғастырады, сыныптастарыңа әңгімелеп береді.
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар бір-бірінін жұмысын бағалайды.
Құрған ертегілері бойынша Қарлығаштың қылығын мақалмен байланыстыру.
-Бүгін біздің танысқан ертегіміз және сендер құрған ертегінің осы мақалмен байланысы бар ма?
Жақсылыққа жақсылық, әр кісінің ісі.
Жамандыққа жақсылық, ер кісінің ісі.
Сабақты қорытындылау. -Сабақтан алған әсерлерің қандай?
-Қандай тапсырма орындаған оңай болды?
-Қандай тапсырма қиындық келтірді?
Кері байланыс. «Көңіл-күй шоғы»
Оқушылар өзінің көңіл-күйіне сәйкес түсті гүлді таңдап, құмыраға салады.
Үйге тапсырма: мазмұны, Дәуіт туралы қосымша мәлімет іздеу