Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша тақырыбын қайталау, пысықтау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түбір мен қосымша жайлы ұғымдарды кеңейту, қосымша жұрнақ пен жалғауға бөлінетінін бір-бірінен тапсырмалар орындату арқылы ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Грамматикалық талдау арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру, салыстыра білуге, тұжырымдап айта білуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Бірінің жауабын бірі тыңдай білуге, бағалай білуге, қатесін түзей білуге, түсіне білуге, орындаған тапсырмалардың нәтижесін көре білуге дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қима қағаздар, ребустар, тапсырмалар.
Түрі: Қайталау – пысықтау сабағы .
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру.
2.Қайталау – пысықтау.
1 тапсырма: Мына ребусты шешсеңдер бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады. Ребусты көрсетемін.
Оқушылар шеше алмаса көмектесемін .
Мынау не? (Ағаштың түбірі) (әрі қарай өздері шеше алар деп ойлаймын) Түбір мен қосымша.
2 тапсырма. Сөздік жатжазу.
Оқу, мектеп, егін, домбыра, кітап, ән, мақал, дастархан, қазан.
Дәптерлеріне жазылған сөздерді екі оқушы оқиды.
-Бұл қандай сөздер ?
-Бұл түбір сөздер.Ережесін айт,дәлелде.
3 тапсырма : Қосымшалы сөз жасап жаз.
- Қосымшалы сөз қалай жасалады?
Ережесін айт,дәлелде. Қима қағаздарды тарату. Мына сөздерге қандай қосымша жалғауға болады?
С-.7-8. қима қағазы боынша.
Ән Бес Орман
4 тапсырма. Кітаппен жұмыс.
Еңбеккер мен еріншек.
Еріншек ерініп жатты,
Күн көзіне керіліп жатты.
Еңбеккер еңбегін істеді
Демалып, күлшесін тістеді.
Нан иісі жалқауды тұрғызды
Нан еңбектің сыйы еді,
Жалқауға қайдан тиеді?
Қарамен жазылған сөздердің түбірін,жұрнақ , жалғауын сызықшамен бөліп жаз.
Еңбегін сөзінде неше жалғау бар? Түбірдің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндір.
Бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.
-Бұл өлеңде кімдер туралы айтылған?
-Еріншек деп кімді айтамыз?Тағы қалай айтуға болады(жалқау адамды)
Еңбеккер деп кімді айтамыз?Тағы қалай айтуға болады(жұмыскер адамды)
Еңбеккер не істеген?-Күлшесін тістеген.Күлше –дөңгелек піскен ыстық нан. Түрлі пішінде пісірілген нан болады.Мақсатым : Оқушы нені ұғып,не жазып отыр сезінуі,түсінуі керек.сонда тапсырма нәтижелі болады.Дәптерге орындалады.
5 тапсырма : Мына әріптерден сөз тер:д,а,ғ,п,т,а,р.Балалар терген сөздерін оқиды.
6 тапсырма : С-7-9.Қима қағазы бойынша.
Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар .Ол сөздердің түбірін тауып алыңдар.
7. Қорытынды.Үйге тапсырма : Әңгіме құрап келу.