Сабақтың тақырыбы: «Ақ қыс» Т.Айбергенов
Сабақтың мақсаты: а/ Мәтін мазмұнымен таныса отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ашу,
жүйелі сөйлеуге үйрету;
ә/ Мәтін бойынша танымдық тапсырмалар беру арқылы өз ойларын
тұжырымдап, жеке топта жұмыс жасауға, өз ойын еркін қысылмай айтуға дағдыландыру;
б/ Оқушыны ізденіге жетелеу. Жауапкершілікті сезінетін өнерлі тұлғаны
тәрбиелеу;
Сабақтың өтілу барысы:
І.Психологиялық дайындық
Қорыққанда : - «ой» дейміз
Таң қалғанда:- «ах» дейміз
Шаршағанда :- «уф» дейміз
Кейігенде : - «ей е» дейміз
Біліп алып : - «е-е-е-» дейміз
Қуанғанда : - «алақай» дейміз
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Шығарма: «Қыс көрінісі»
Ой қозғау
Жыл мезгілдерін еске түсірейік
Қазір қандай жыл мезгілі?
Қыстың сәні не?
Қысқы табиғат құбылыстарын ата
Осы жылғы қыс айларында қандай әлемдік іс-шара болды?
Осы олимпиадаға біздің еліміздің спортшылары қандай спорт түрлеріне қатысты?
[pic]
Балалар, бүгінгі біздің әдебиеттік оқу сабағымызға кеше ғана Сочи қаласында өткен қысқы олимпиада ойындарының бойтұмарлары, бас қаһармандары – леопард, ақ аю және қоян қонаққа келіпті. Олар өздерімен бірге көпдеген қызықты тапсырмалар ала келіпті. Ол тапсырмаларды сабақ барысында орындайтын боламыз.
[pic]
7-23ақпан күндері Ресей Федерациясының Сочи қаласында ХХІ қысқы олимпиада ойындары өтті. Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спорттың 11 түрінен қатысып, 58 спортшымыз басқ сынап 5 орынды иеленді. ҚР Ұлттық құрамасы сапында Батыс Қазақстан облысынан алты бірдей шорт-трек шеберлері Айдар Бекжанов, Артур Сұлтанғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғплиев, Инна Симонова өнер көрсетті.
[pic]
Леопардтың тапсырмасы.
Қыс деген сөздің әрбір әрпіне бірнеше сын есім тауып жазу керек. (қыс мезгіліне байланысты)
Қ – қаһарлы, қызықты; Ы – ызғарлы, ылғалды; С – суық, салқын
Әңгіме құрау. «Қыс кереметі»
Қыс мезгілінде қар жиі жауады. Ақ мамықтай ұлпа қарлар жауып жер бетін таңғажайып ақ әлемге айналдырады. Қардың шын бейнесі ол қатқан жаңбыр. Қыстық өте суықтығының әсерінен аспаннан жауған жаңбыр тамшылары қатып, ұлпа қарларға айналады. Қыс мезгілінде жаңбыр тамшылары ғана мұзға айналмайды. Ауа райы аяз болған кезде, кез келген су да мұзға айналады. Көптеген жануарлар ұйқыға кетеді. Міне аю да өз апанында ұйықтап жатыр. Қыста оның жейтін азығы болмайды. Сондықтан ол қысты өз апанында, ұйқымен өткізеді. Балалар да шаңғы, коньки теуіп, қарда ойнайды. Осы қызықтардың барлығы да қыс мезгілінде болады.
ІІІ.Жаңа сабақ.
«Ақ қыс» Төлеген Айбергенов (1937-1967)
Қ [pic] азақтың біртуар ұлдарының бірі , ақын Төлеген Айбергенов 1937жылы 8-наурыз күні Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында дүниеге келген. Ақыннң алған жырлар жинағы 1961 жылы «Жас дәурен» деген атаумен басылып шықты. Одан кейін де жарық көрген шығармалар жинағы мынадай: «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Мен саған ғашық едім», «Бір тойым бар». 1987 жылы Т.Айбергенов «Мир созвездий» атты таңдамалы жырлары орыс тілінде жарық көрді.
Т.Айбергенов қазақ поэзиясы әлемінде Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Жарасқан Әбдірашев т.б. жас ақындарға ұстаз бола білді. Адам бойындағы асыл қасиеттерді ту еткен талантты ақын 1967 жылы Қарақалпақстанның астанасы Нүкіс қаласында көз жұмды.
Оқулықпен жұмыс
Рояль – пернелі музыкалық аспап, фортопьяноның бір түрі.
Өлеңнің мазмұны бойынша жұмыс
Ақын қысты қалай суреттеген?
Қар бетіндегі адам іздерін неге ұқсатады?
Қысқы далада қандай дыбыстар естіледі?
Жұмбақ шешу
Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді (қар)
Табаныма байладым
Қос аяқпен айдадым (шаңғы)
Жаңылтпашты жаңылмай айт
Ақ қыс, қағаз, аққу-ақ,
Ақ тіс, ақ бу, ақ бұлақ.
Аппақ дейін, ақ дейін
Ақ емес бірақ ақ тиін
Қарға қара,
Қар ақ ...
Қар жамылған дала ақ.
Дарақ та ақ,
Тал ақ.
Тағы не ақ?
Санап, жаңылысты Қанат.
А [pic] юдың тапсырмасы. «Адасқан әріптер» ойыны
Тақтадағы орындары ауысып кеткен әріптерден қыс мезгіліне және қысқы олимпиада туралы сөз құрау керек.
[pic]
Сергіту сәті
О [pic] й толғаныс
Қоянның тапсырмасы
Өлеңнің бастапқы екі жолы беріледі. Сол бойынша өлеңді жалғастыру керек.
Жапалақтап ақша қар,
------ ------ қайталап
Қырға шықты балалар.
---------- аралап
Қандай ---- ----- -----
Бәрін шебер істеген
-----, ------, -------
Боялған ақ түспенен
Үлпілдеген ақша қар,
------------- жауады.
Айналшақтап ауады,
------- -------- жабады.
ІҮ.Қорытынды.
Ү.Үйге тапсырма.
ҮІ.Бағалау.
Фишкалар арқылы