9 санын қосу және азайту 1-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 9 – ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік

жағдайларын пысықтау арқылы 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту,

есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, танымдық

шығармашылық қабілетін дамыту,

Тәрбиелік: оқушыны ізденуге салыстырулар жүргізе білуге , бірлесе жұмыс

істеуге , ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық плакат, суреттер, қима қағаздар.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап,топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу

  2. Оқушыларды үш топқа бөлу (Үшбұрыштар.Төртбұрыштар.Бесбұрыштар.)

Психологиялық икем:

«Армысың досым,

Кел, маған қосыл.

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық ( қолдарынан ұстайды).

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық ұқсайық. ( айналады).

Қолымызды көтеріп, күннің нұрын алайық.( колдарын көкке созады).

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық (құшақтасады).

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.

Сабақ шарттарымен таныстыру. Топ жетекшілерін сайлау

  1. Үй тапсырмасын тексеру. 4 – мысал. «Қай сандар жасырынып тұр?» Әр топ оқып шығады.

  • Аң патшасы арыстанның тапсырмасын орындайық.

«Үйлерге орналастыр» Сандар құрамын ата:

[pic]

- Балалар аңдар қысқы азығын қалай табады?. Суреттермен жұмыс, ауызша орындалады. (қасқыр, түлкі, қоянның тапсырмалары)

5+4 3+5 4+3 2+4 4+4 1+5

  • Қосудың компоненттерін ата

  • Азайтудың компоненттерін ата

  • Қосудың ауыстырымдылық қасиетін

  • Жұп сандарды ата. ( 2, 4, 6, 8, 10)

  • Тақ сандарды ата. ( 1, 3, 5, 7, 9)

  • 1 – ден бастап екі сан тастап сана. (1, 4, 7, 10).



  1. Мағынаны тану: (Тиіннің тапсырмасы) «Сөзжұмбақ» шешу

  • Қыстың екінші айы (қаңтар)

  • Ұйытқып борап соғады. ( боран)

  • Қыстағы аязды суық. (ызғар)

  • Өрнек сызып, терезені торлайды. ( қырау)

  • Аяздан қатқан су. ( мұз) ( ТОҒЫЗ )

  1. Жаңа сабақ. 9 санын қосу және азайту. Плакатпен жұмыс

1 + 9 = 10 9+ 1 = 10

10 – 9 = 1 10 – 1 = 9

Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді. Қосындының мәнінен қосылғыштардың біреуін азайтқанда екінші қосылғыш шығады.

  1. Дәптермен жұмыс: 1 – мысал.

1 + 9 = 10 9 + 1 = 10 10 – 9 = 1

- Балалар, аю қыс бойы уйқыда болады. Неліктен уйқыға кетеді?7 Сондықтан 2 – есепті бәріміз бірге отырып шығарайық.

1). Оқулықпен жұмыс.

2 – есеп. Есеп шығару.

Сұрақ - жауап

Есеп не туралы?

Не белгілі?

Не белгісіз?

Белгісіз туралы не айтылған?

Сурет арқылы есепті түсіндіру. Есептің шартында белгісіз туралы кем десе азайту, артық десе қосу арқылы шешіледі.

Аққу - 7

Қарақу - ? 2- еуі кем.

Шешуі: 7 – 2 = 5

Жауабы: 5 қарақу

  1. Сергіту сәті: 1, 2, 3 – қарлығаш боп ұш,

4, 5, 6 - қарлығаш боп қалқы,

7, 8, 9, 10 - қарлығаш боп қон.

1). 3-мысал. Өзіндік жұмыс: Берілген шарларды бояу.(жасыл,қызыл,көк)



2). Қима қағазбен жұмыс: «Жолбарыстың тапсырмасы» 3- тапсырма: «Кім жылдам?» ойыны. Кестедегі бос орынды толтыр. Ауызша орындалады.



3). 4- мысал. Өзіндік жұмыс. Әр топ оқулықтағы берілген тапсырманы орындайды.

1 - топ 2 - топ 3 - топ

6 + 4 = 10 10 – 6 = 4 10 – 7 = 3

7 – 4 = 3 7 + 3 = 10 8 – 5 = 3

2 + 6 = 8 8 – 5 = 3 3 + 4 = 7

  1. «Ой толғаныс» Жауабын тап.

1 + 9 10 – 9 9 + 1 10 – 1

- «Топпен жұмыс» шығармашылық жұмыс

5 - тапсырма. Кеменің жүру жолын жалғастыру.

  1. Қорытынды:

  • Бүгінгі сабақта не өттік?

  • 1 + 9 – ды қалай қостық? 9 + 1 = 10

  • 10 – нан 9 – ды қалай азайттық? 10 – 9 = 1

  1. Бағалау. Әр топтын фигура жинағанын топ жетекшілері санайды.Жеңіске жеткен топ марапатталады.

  2. Үйге: 5 – мысал 137 бет. 10 –ға дейінгі қосу,азайту кестелерін қайталап жаттау.