Конспект по казахскому языку Алмабек мектепте (1 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


2-БӨЛІМ: МЕНІҢ МЕКТЕБІМ 5 сабақ


Тақырыбы: Алмабек мектепте

Мектебі:

Күні, айы:


Мұғалімнің аты-жөні

1 - сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тыңдау,түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану,іс-әрекет жасау).

1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып,түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.3.1.Мәтіннің жанрын\ өлең,ертегі,жұмбақ,әңгіме және т.б.\ ажырату.

1.3.2.1.  Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.5.1.2.  Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану.

 

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Нешінші? деген сұрақты түсінеді, Сұрақ бойынша өзінің нешінші сыныпта оқитынын айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Неше? Нешінші сұрақтарының айырмашылығын түсінеді. Үлгі бойынша реттік сан есімдерді айта алды. Өзге балалрдан нешінші сыныпта оқитынын сұрай алады, өзі сол сұраққа дұрыс жауап бере алады.

Кейбір оқушылар:

Өмірлік жағдаятта реттік сан есімдерді еркін қолдана алады өзі туралы мол ақпарат бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(МК;Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы1- тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады.Осы диалог арқылы оқушылар нешінші сыныпта оқитынын сұрау және сол сұраққа жауап беру үлгісімен танысады:

-Сен нешінші сыныпта оқисың?

-Мен бірінші сыныпта оқимын.

Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім осы диалог арқылы оқушыларға реттік сан есімдерді үйретеді. Оқушылардың назарын мектепте, оқимын, оқисың сөздеріне аударады.

(МК) «Есте сақта!»

айдары бойынша мұғалім неше? нешінші? сұрақтарын салыстыра отырып көрсетеді.

Оқушылар неше? сұрағына бір, екі, үш, төрт, бес т.с.с. деп ал нешінші? сұрағына бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші т.с.с. жауап беруге жаттығады.

(Т)Мұғалім оқушыларға сандар жазылған карточкалар таратады. Оқушылар неше? нешінші? Сұрақтарын қою арқылы сандарды тағы бір реет қайталайды. Оқушылар сандарды бір-біріне қарама-қарсы тұрып та айтуларына болады.

(МК,Ұ) 2-тапсырманы орындағанда оқушыларалдыңғы тапсырманы бекіте түседі, олар бір-бірінші, екі-екінші,үш- үшінші, төрт-төртінші, т.с.с. деп қатар айтып жаттығады

(Ж) 3- тапсырма бойынша оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлесу дағдыларын жітілдіруге бағытталған. Бұл тапсырмада оқушылар алдыңғы үйренген сөйлеу үлгілерін еске түсіріп, оны жаңа сабақта үйренген сұрақтарымен толықтырады.

Алдымен диалогті тыңдайды, қайталайды, сонан соң жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі.

- Сәлем!

- Сәлем!

- Сенің атың кім?

- Менің атым-…

- Сен неше жастасың?

Мен… жастамын.

Сен нешінші сыныпта оқисың?

- Мен … сыныпта оқимын.

- Сау бол!

- Сау бол!

(МК,Ұ) 4-тапсырмада оқушылар жұмбақпен танысады. Оқу мақсатына сәйкес жұмбақ сөзі түсіндіріледі. Жұмбақты тыңдау, хормен және жеке-жеке қайталау жұмыстары жүргізіледі.Жұмбақты жылдам есте сақтау үшін, суреттер түстерге арналған карточкалар (көк, қызыл, қара, сары) қолданылады.

Жұмбақтың шешуі түрлі-түсті қарындаштар.

(МК,Ұ)Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө)Қосымша тапсырмалар арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.

Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдылары қалыптасады





Оқулық


Аудиодиск:

2.5.1;

2.5.3;

2.5.4;


















Сандар жазылған карточкалар.



























1 жұмыс дәптері


Қосымша тапсырма:

2.5

Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.

Оқушылар сабақ барысында нені білгені,қалай жұмыс істегені,не қызықты әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.


Қосымша ақпарат

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:


2:



Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:


2: