Тақырыбы | 3 санын қосу және азайту |
Мақсаты | екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмімен таныстыру; күрделі теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру; есептің өтілген түрлерін шығару дағдыларын бекіту.
|
Жалпы мақсат | Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру. |
Күтілетін нәтиже | Сыни тұрғыдан ойлау арқылы еркін сөйлейді, өз ойларын ортаға салады
|
7 модульдің қолданылуы | АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | «Миға шабуыл», «Сәйкестендір» «Топтастыру» стратегиясы, топтық, жұптық жұмыстар |
Қолданылатын ресурстар | Слайд, маркерлер, тақта, стикерлер, ноутбук |
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг | Сабақты алдымен сыныпта атмосфералық ынтымақтастырудан бастаймын. «Көңілді амандасайық!»(көзбен, құлақпен, иықпен,шынтақпен,тіземен, өкшемен) | Мұғаліммен сәлемдеседі.
Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады. 2 топқа бөлінеді конфеттер арқылы
|
Сабақ кезеңдері |
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Білу Қызығушылық тарын ояту | «Сәйкестендір» әдісі Математикалық диктант «Иә», «Жоқ» | Үйге берілген тапсырманы алдарына беріген карточка арқылы дұрыс жауапты түсіру. Топ бойынша өткен тақырыптар бойынша сұрақ- жауаптарға дайындық жасау. «Иә-жоқ» математикалық диктантын жүргізу тиімді. • 25 пен 3-тің көбейтіндісі 85-ке тең. • 5 санын 10 есе арттырғанда 15 шығады. • 12 мен 5 сандарының қосындысын 4 есе арттырғанда 68 шықты. • 50-дің бестен бір бөлігін 12-ге арттырғанда 130 болады. • Бірінші көбейткіш 25-тің бестен бір бөлігіне тең, екінші көбейткіш 12-ге тең. Көбейтіндінің мәні 60-қа тең. • 11 мен 9-дың көбейтіндісі 100-ден кіші. • 67 мен 37-нің айырмасын 4 есе арттырғанда 100 шықты. • Бөлінгіш 72, бөлгіш 20 мен 11-дің айырмасы. Бөліндінің мәні 9-ға тең. • Бірінші көбейткіш 37 мен 4 сандарының қосындысына тең. Екінші көбейткіш 2-ге тең. Көбейтіндінің мәні 82.
| Мұғалім берген тапсырманы орындау. Үй тапсырмасына берілген сұрақтарға жауап береді, шапшаңдылық таныту, өз ойларын жеткізу. |
Түсіну | Дәптермен жұмыс «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі (топтық жұмыс) | Сәуірдің он бесі Тақырып: жазбаша көбейту және бөлу Мұғалім 32 • 4 мысалын баған түрінде жазуды ұсынады және кез келген оқушыға шығарып көруді тапсырады. «Ойланыңдар, көбейтуді неден бастаймыз? Алынған нәтижені қайда жазамыз? «Бірліктердің астына. Бірліктерді көбейтіп болғаннан кейін, нені көбейтеміз? Неше болды? 2 ондық болды. 12 санын қайда жазамыз? 10 ондық - бұл ? жүздік. Жүздікті қайда жазамыз?». Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге берілген бірінші мысалды мұғалім тақтаға жазып түсіндіреді. Көбейтудің бірліктерден басталатыны естеріне түсіріледі. №1 тапсырма арқылы жаңа сабақ бойынша алған білімдері тиянақталады.
| Әр топқа салыстыру парағы таратылады, сол арқылы салыстырады нәтижесін тақтаға шығып көрсетеді
|
Қолдану
| Салыстыру, сатылай кешенді талдау (топтық, жұптық жұмыc
| Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіруде өзіндік жұмыс беріледі.Әр топтан бір оқушы жауптарын оқиды. | Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Топ бойынша жаңа тақырыптың идеясын ашады, талдайды, бір- біріне түсіндіреді
|
Сергіту сәті | «Қара жорға» әнін тыңдаймыз | Оқушылар сергіту сәтін жасайды | Экранда көрсетілген бейнероликке назар аударады |
Қортындылау | «Арнайы қатені тап» | Жазбаша көбейту мен бөлуге байланысты төрт тапсырма таратылады | Тақырыпты меңгере отырып топтастыру арқылы сабақты жинақтайды |
Бағалау | Бағалау критерийлері | Әр топқа бағалау парақтарын талдату | Бағалау шкаласы арқылы өз білімдерін топпен жеке бағалау |
Үй тапсырмасы | 104 бет, № 7, №8 |
|
|
Рефлексия | Стикерлерді толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
| Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру |