«Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойыны
Мақсаты:
Оқушыларды жан-жақты ақпараттануға, білімді болуға үйрету.
Жарысуға білуге, жарыс нәтижесінде жеңімпаз болуға ұмтылушылықтарын дамыту.
Озат,алғыр,дарынды болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: «Жұлдызды сәт» жазуы, сандар, шарлар, жалаушалар, ойын бөлімдері жазылған қағаздар, нақыл сөздер: «Білекті бірді жығар,Білімді мыңды жығар», « Білімнің басы – бейнет , соңы - зейнет»
Жүргізілу барысы:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі 2 - 4 кластар арасынан құралған «Жұлдызды сәт» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымыздың мақсаты: Оқушылардың білім дәрежесін анықтау. Сайысымызда 2 класс және 4 класс оқушыларынан құралған 2 топ қатысқалы отыр.
1 топ «Білгірлер» 2 топ «Ойшылдар»
Әділ- қазыларды тағайындап алайық.
Сайысымыздың шарттары:
Таныстыру 2. Қалауың білсін
3.Ескірмейтін есті сөз 4. Оқушының ойы.
5. Өнерлі өрге жүзер 6. Жекпе –жек 7 .Шым - шытыр
1.Таныстыру
Әр топ өздерін таныстырады.
2. «Қалауың білсін»
( ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану пәндерінен сұрақтар беріледі)
«Білгірлер» тобына Ана тілі
«Ойшылдар» тобына
Ана тілі
1.Мектебін аңсап, сағынып,
Балалар келер ағылып.
Ашылған гүлдей арайлы,
Көшенің бәрі қарайды. Қай өлеңнен үзінді? Авторы кім?
2. Қазақ еліне білім әкелген, дала жұлдызы3. «Баз бала әкесінен өтіп туады, Баз бала әкесіне жетіп туады.баз бала кері кетіп туады»Мақал ма, шешендік сөз бе? Мұны айтқан кім?
1. «....Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз» Осы үзінді қай мәтінде айтылған?
2. Өмірде болған адамдар төңірегінде құрылған мәтін қалай аталады?
3. «...Шошынған қабақпен алды- артына қарай берді. Жетім көзі белгісіз бірдеңені күткендей болады.Пайдасыз күту.Көзіне көрінер тірі жан жоқ.Қап- қараңғы түн болды. Тау ішінде келе жатқан жетім бала кім еді? » Қай мәтіннен үзінді?
Қазақ тілі
1.Мәтін дегеніміз не? 2.Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қояды?
3.Қосымша нешеге бөлінеді?
4.Заттың сынын білдіретін сөздерге мысал келтір.
5.Жұмысшы сөзінің түбірін, қосымшасын тап.
1.Сөйлем нешеге бөлінеді?
2.Сөйлем неден құралады.
3.Түбір дегеніміз не?
4.Заттың санын білдіретін сөздерге мысалдар келтір.
5.Құрылысшы сөзінің түбірін, қосымшасын тап.
Математика
1. 1 сағатта неше минут бар? 2.Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата?
3.Азайту амалының компоненттерін ата?
4.Фигуралардың периметрін қалай табамыз?
5. 89-дан тікелей кейін келетін толық ондықты тап.
1. 1 тәулікте неше сағат бар?
2. Массаның өлшем бірліктерін ата?
3.Қосу амалының компоненттерін ата?
4. Барлық қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны ата?
5. 7 ондықтан тікелей кейін келетін сан?
Дүниетану
1.Көкжиектің тұстарын анықтайтын құрал? 2.Судың қасиеті?
3. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?
4.Каспийде тіршілік ететін балықтарды ата.
1. Жапырақтағы жасыл түс қалай аталады?
2.Өсімдіктің неше түрі бар, ол қандай?
3. «Қара алтын» деген не?
4. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?
3. Ескірмейтін есті сөз (Тыйым, ырым сөздер сайысы)
Күнделікті өмірде ата- әжелеріміз, аға- апаларымыз айтып отыратын ырым мен тыйым сөздер жарысын бастаймыз. Қане, кім көп біледі екен?
4.Оқушының ойы.
Шарты: Қиындылар беріледі. Қиындылардан сурет құрастырады да, шыққан суреттегі затқа байланысты әңгіме құрастырады. (күшік, қаз)
5.Өнерлі өрге жүзер
Әр топтан қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді немесе көрерменді күлдіре білетін әрекеттер жасайды. (Өнер көрсету сайысы)
6.Жекпе- жек (топ басшылар сайысы)
Топ басшыларына кезекпен сұрақтар беріледі. Қай топ басшысының білімі жоғары екенін, қанша сұраққа жауап бергені анықталады.
7. Шым- шытыр
Бұл бөлімде сайыскерлерге түрлі қызықты , логикалық тапсырмалар беріледі.
8. Қорытындылау
Әділ –қазыларға сөз беру Жеңімпаз топты анықтау.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
- Сау-саламатта болыңыздар!