Әдибеттік оқу
Тақырыбы: Дала жұлдызы . С Мәуленов
Мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы түсінік бере отырып, сабақтың тақырыбын ашу, мазмұнын игеру, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау;
2.Дамытушылық: ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге дағдыландыру;
3.Тәрбиелік: зиялы адамдар өмірімен таныстыра отырып білімге деген құштарлығын арттыру, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі : аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Ыбырай Алтынсариннің суреті, кітаптағы суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өлеңді жатқа айту, өздері құрастырған сөзжұмбақты шешу.
ІІІ. Өткенді қорыту: Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесің?. Он жаста деген сөз неге қарамен жазылған екен? Білім алу не үшін керек екен? Өз ойың?
ІY. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық .
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Жұмбақты шешіп, ортақ тақырып ойлап табу.( Кітап, қалам, бор – оқу құрал саймандары). 2. Берілген сурет топтамасымен жұмыс істей отырып, қазақ даласына білім жарығын алып келген Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы әңгімелеу.(оқушы 1-2 сабақта алған білімі бойынша түсінігін баяндайды) 3. Мәтінді түсініп оқу, сұрақтарға жауап алу, сөздік жұмыс жүргізу.Сергіту сәті
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. Мәтінде кім туралы әңгімеленген? 2. Мәтіндегі оқиғаға қатысушыларды төмендегі үлгі бойынша ата.
Ыбырай Алтынсарин ...
...
Жазушы, ақын, ағартушы ұстаз.
...
...
3. Суретпен жұмыс: а). Суреттегі адамдарға ат қой. ә) Қай оқиғаға сәйкес келеді деп ойлайсың? б) әңгіме құр. 4. Мәтіндегі түсті бояумен ерекшеленген сөздерге қарама-қарсы мағыналы тіркесті сөздер тап:
Жалғыз өскен емен- ... ( мыңдаған бұтақ, қалың орман,...)
Жалғыз жұлдыз - ... ( мыңдаған жұлдыз,топ жұлдыз,...)
ҮІІ. Қорыту: Осы сөздерді елестетіп, қиялдап, сурет салып көр.Әр жұлдызға ат қой.
ҮІІІ Үйге тапсырма 1.тақырыпты түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.