Бекітемін:
Тақырыбы: «Қазақ отбасындағы ұлттық тәрбие»
Мақсаты: - Отбасы - халық тәрбиесінен үнемі нәр алып отырған. Халық тәрбиесі - отбасы тәрбиесінің бастауы.
- Халық тәрбиесінің отбасындағы ролі, мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәнінен тоқталу.
Тәрбиелік мәні: Ата - ананың мектеппен байланысын нығайту, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру.
Көрнекілігі: Отбасы өмірін бейнелейтін суреттер, қанатты сөздер: «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлынша қина, ал он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла». «Тәрбие баламен баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл кеңес берумен ғана шектеледі» (А. С. Макаренко)
Сабақтың барысы І. Кіріспе
Мұғалім: Ғасырлар бойы халқымыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап өсіп өнуіне қалыптасуына ерекше мән берген. Ата - ананың жүрек жылуын сәби жарық дүниеге келместен бұрын ана құрсағында жатып сезу керек. Дүниеге келген нәресте бір мен бес жас аралығында адамгершілік әліппесі және дүниетану тәрбиесін ұғынады. Бесіктегі балаға тіл қату, бесік жырын айту, тілі жаңа шыққан баланың қойған сұрақтарына ойланып жауап беру, түсіндіре білу керек, ол да тәрбиенің алғашқы қадамы. 6 жастан бастап мектеп есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамгершілік асыл қасиеттерді қастерлеп өмір заңдылықтарын үйренеді.
Бастауыш сынып баланы тәрбиелеу мен білім берудің алғашқы сатысы. Баланың бойына адамгершілік қасиеттер сабақ үстінде, қоршаған ортадағы адамдармен қарым - қатынаста қалыптасады. Бұл мақсатқа нағыз балаларды сүйетін өз ісіне берілген мұғалімнің қатысуымен ғана қол жеткізуге болады:
- Әр оқушының жүрегіне жол табу;
- Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін көре білу.
Қазіргі жаңару кезінде келешек ұрпақты ұлттық құндылықтар жүйесінде тәрбиелеу басты бағытымыз болу керек. Сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың адамгершілік қасиеттерінің ата - баба дәстүріне тәрбиелеуге мүмкіндік туады. Халықтың баға жетпес құндылығы саналатын мақал - мәтелдердің жастарға тәлім – тәрбие бере алатын, жеке тұлғаны жан - жақты қалыптастыратын тұстары өте көп.
Пікірталас. Тәрбиенің мәнін ашатын тәлім - тәрбие туралы мақал - мәтелдерді бір - бірден айтып, мағынасына тоқталамыз.
Оқушылар жауабы тыңдалады.
1. Үлкенге үнемі сәлем бер
2. Үлкенге қарсы шықпа
3. Үлкеннің батасын қабыл ал.
4. Атаға бөлінгендер адыра қалады.
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
5. Үлкен кісіні ренжетпе
6. Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
7. Кәрі келсе асқа,
Жас келсе іске.
8. Кәрі, кәрінің сөзі - дәрі
9. Ақылды қария - ағып жатқан дария
10. Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.
Мұғалім: Қазақ отбасында әуелі әке содан соң шешесі отбасы мектебінің ұстаздары. Әке мен шешесінің баласына қоятын ең басты талап - тілектері баланың «әдепті» болып өсуі.
Солндықтан қазақ отбасы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген, Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үйінде үнемі осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл ағылшын, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Әйелдің еріне қарым - қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс - қимылы, қас - қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы: ерлі - зайыптылар балалар көзінше бір - біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала - шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жағына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын етеді.
Бұл жағынан аналардың балалара: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», әкеңнің айтқанын істе», т. б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет. Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар, «Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала - Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!»- дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жеберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүреке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
Көрініс:
Оқушы: Бүгінгі біздің сүйікті атамыз Мақалбай бізде қонақта. Ол бізге мейірін, бар ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата ендігі сөз өзіңізде.
Мақалбай ата: ата - анаңды құрметтесең, сенде жақсылық игілік көресің.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
Ата - бәйтерек,
Бала - жапырақ,
Әке - асқар тау,
Ана - бұлақ
Бала – жағасындағы құрақ.
Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең қартайғанда сені де етер ізет.
Маған мынаны айтып беріңдрші, балаларым!
Дүниеде не қымбат?
Не қатты?
Не тәтті?
Жеті жоқты апап беріңдерші?
Балалар жауабы тыңдалады.
Мақалбай ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой. Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
Мақалбай ата: Ал, балаларым, жарадыңдар. Енді өздеріңе ақ батамды берейін.
Сабағыңды оқы беске
Балалар үйінің қуанышы бол
Бауырыңның жұбанышы бол
Сенімін ақта үлкендердің
Түлесін көктеп мекенің.
Мұғалім: Сонымен бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса алмасотыра алмайды. Отбасының мақсаты баланы өмірге келтіру ғана емес, оған ата - бабасының салт - дәстүрі, ақыл тәрбиесін беру, бүгінгі өмірдің құндылықтарын қабылдату, ата - анасына, қоғамға, еліне қамқор болар ұл - қыз тәрбиелеу. Ал осы тәрбиені тәрбиелі ата - ана ғана баласына бере алады.
Қатты тәртіп берсек бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан
Өлелгенше соны таныр қиядан.
Өнер білім берем десең басынан
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған
Жақсы, жаман болса, бала солардан - деп ХІ ғасырда Ж. Баласағын айтқандай, ата - аналардың баланың жеке ерекшеліктерін танып, жақсы тәрбие беруі қоғам алдындағы міндеті. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана дені сау, жан дүниесі бай, өмірге құштар, ой - өрісі кең, білімді ұл - қыз өседі.