Бастауышым - балбұлағым ертеңгілігі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Аягөз қаласы, Дулат Бабатайұлы атындағы мектебінің [pic]

бастауыш сынып мұғалімі

Ережепова Жаңагүл Құдайбергенқызы





Бастауышым – балбұлағым


Жаңыл: Армысыздар ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әжелер.

Жанерке: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

Жаңыл: Бастауышым – балбұлағым. Білім жолын бастаған.

Жаңерке: Білім шыңы биікте

Беліңді бу жас данам дей отырып.

Жаңыл: «Бастауышым – балбұлағым» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат

етіңіздер.

Жаңерке: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, темір балқытқан жұмысшы

да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да.

Жаңыл: Көкті шарлаған ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие.

Екеуі: Сондықтан біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.

Жанерке: «Ұстаздың еткен жалықпас үйретуден балаға» деп Абай атамыз

айтқандай, ұстазымыз 4 жыл бойы білім нәрімен хат танытты, еңбек ете

білуге үйретті, білімге жетеледі. Әдептілікке үйретті.

Жаңыл: Олай болса, 4 жыл оқытқан ұстазымыз жайлы тебіренісімізді қабыл

алыңыздар.

Қымбат: Әліппемен аштым мектеп есігін

Тербетейін білім бөбек бесігін

Өмір деген өрлі өзенге шомылып

Жаттап өстім ұстазымның есімін.


Бауыржан: Есімде ерен ұстазым

Басымнан сипап өткенің

Аянбай бізге қыс-жазы

Молынан мейір төккенің.


Арна: Жанымды менің жайнатып

Баураған өзің мұғалім

Өзіңмен бірге таң атып

Өзіңмен бірге шығар күн.


Өмірсеріков: Шәкіртің өткен іздерден

Үмітің гүлдер мұғалім

Білеміз ертең бізден де

Өмірдің талап сұрарын

Сонда ардақты мұғалім

Уәдемде берік тұрамын.


Ақмарал: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.


Аманбек: Енді міне сағымдай өте шыңты

Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті

Ұстаз ғана жасады мына бізден

Ел танымас, азамат бір-бір мықты.


Жансая: Тек үйрендік әділ мен адамдықты

Жирендік, ажыраттық жамандықты

Жалғастырар ақ жолын сенің салған

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.


Еламан: Алдымызда мақсатпен асқан үстем.

Ұстаз сізді құттықтап мақтанышпен

Қимастықпен қалдырып өзіңізді

Біз міне қоштастық бастауышпен


«Ұстазым» әні. Жаңыл.

Жанерке: Әр адамның балалық балдәурен шағының қайта оралмас қызыққа толы

тарихына айналған алтын ұя жайлы не айтар екен?

Жаңыл: Мектептің алғашқы сатысынан аттағалы отырған түлектердің мектебі

жайлы не айтар екен?


Берікжан: Құшағыңда шыңдалып

Қияларға өрледім

Терең білім, үлгі алып

Көкке құлаш сермедім

Мектеп сенің алдыңда

Қарыздармын сол үшін

Бірақ илан ұлыңа

Өтелмей қалмас борышың.


Еркежан: Мектебім алтын ұям, нұрың жарық

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып

Сүйкімді сенің күміс қоңырауын

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.


Зарина: Өткіздім мұнда балғын жасымды мен

Жаныма сіңді сенің асыл киең.

Сарқылмас ббастауысың ұлылықтың

Мектебім, саған мәңгі басымды ием.


Ұлпан: Мектебім, жылы ұям, бесігім

Күнде ашық мен үшін есігің

Білімнің шуағын мол сепкен.

Ұстазым, қымбат қой есімің.


Қуаныш: Мектебім, сүйікті мектебім

Бауырынды түлеймін, жетемін.

Сен-бұлақ, мен қайың бүр ашқан.

Өзіңнен әр алып көктедім.


«Мектебім» әні Самғат.

Жанерке: Туған тілім – тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Жаңыл: Өссе тілім, мен де бірге өсемін

Өлсе тілім, мен де бірге өлемін.

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін деп Әбділда Тәжібаев ағамыз айтқандай әр адам басқа тілдерді білсе де өз тілін, ана тілін ешқашан ұмытпауы керек.

Анар: «Ана тілі» Ғафу Қайырбеков


Жанбике: Сүйемін туған тілді – анам тілін

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутынан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.


Арман: Ана тіл ұмыта көрме ата салтын

Бәріне сәлемім бұл қазақ халқым

Жалғастыр дәстүріңді ғасырларға

Аздырмай ел жұртымның атақ даңқын.


Меруерт: Ана тілім менің

Әлдилеген әнім

Ана тілім демім

Ана тілім жаным


Жанерке: Ақ сүтінен ананың ауыздандық

Ана тілде өренім білім алдық.

Жаңыл: Орыс тілі әлемге кең тараған

Артық болмас бұл тілді де біліп алған.

Жанерке: « Первфй школьный денек»

Жанерке: «Әке – асқар тау».

Жаңыл: «Ана-жағасындағы бұлақ» - дегендей бізді қанаттыға қақтырмай.

Жанерке: Тұмсықтыға шоқтырмай, әлдилеп.

Жаңыл: Мәпелеп, осы күнге жеткізген ата-анамызға деген алғысымыз шексіз.


Омарғалиев: Қамқорсың әке өмірде

Қуатым сенсің көңілге

Әлпештеп мені өсірдің

Ұшармын ертең көгіңде


Айнұр: Анашым өзің мені мәпеледің

Болашақ ғұмырым деп жетеледің

Бүгін міне ержеттім деп қуанамын.

Жан анам көңіліңді мұңайтпаймын.
















































«Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретінорта мектеп» КММ









Бастауышым-балбұлағым









Бастауыш класс мұғалімі:Ж.К.Ережепова.