Тақырыбы: Дос болайық, бәріміз!
Мақсаты: Балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері: -татулық, достық адами қасиеттердің өміріндегі
маңыздылығын түсіндіру,
-достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту,
-достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: ертегі кейіпкерлерінің маскалары, қолшатыр, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері: Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады. Бәрі бірге
«Татуласу» өлең жолдарын хормен айтады.
Әкел, досым, қолыңды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Корсет, кәне, соныңды.
Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Татулықтың белгісі,
Кел қосылып күлейік:
Ха-ха-ха, ха-ха-ха!..
Әңгімелесу: Балалар, сендер достық, татулық дегенді қалай
түсінесіңдер?
Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?
Балалардың достық туралы пікірлерін
Өз досың туралы айтып бер.
«Нағыз дос» -алма ағашына, досқа тән қасиеттерді теріп ілу (мейірімді,
салмақты, адал, кек сақтамау, ақылды, кешірімді, төзімді,
өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау).
Жағдаяттарды талдау:
Құрбылары Жанарға
Балмұздақ берген-ді.
Жанар кетті алға тез,
Алды-артына қарамай,
«Рақмет» деп жалғыз сөз
Айтуға да, жарамай!
-Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?
Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы, Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп, ала жөнелді.
-Жанар мен Сырымды шын достар деп айтуға бола ма? Неліктен?
- Олардың достықтары қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың ойын түйіндеу.
Дәйексөз: Мұғалім балаларға «достық» құндылығының мәнін аша түсу үшін
дәйексөздің мағынасын түсіндіреді. «Татулық – достық кепілі» деген халық мақалының мәні ашылады.
Сахналау:
«Саңырауқұлақтың саясы»
Қатысушылар:Жүргізуші, құмырсқа,
көбелек, торғай,қоян, түлкі, бақа.
(Оқушыларға рөлдер алдын-ала
берілген).
Достық туралы мақал-мәтелдер
айтып , түйіндеу.
Тыныштық сәті:
Ауызша жұмыстан жазбаша жұмысқа ауысу аралығында оқушылардың денесі,ойы сергітіледі.
Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтаріп,ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.Тұла бойылары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады.
Тапсырма:
Дәптермен жұмыс «Досыңды құрметте»
нақыл сөз шығу үшін әріптерді дұрыс
орналастырғызу.
Қағаздан қиған жүрекшелердің ішіне
досыңа тілек жазғызу,оқыту.
Жүректен жүрекке:
Оқушылар шеңбер құрып , бір-біріне кезекпен достық тілектерін білдіреді.
-Досыңа адал бол!
-Татулық тілеймін!
-Досыңа кек сақтама!
-Кешірімді бол!
-Достық тілеймін!
Қорытындылау:
-Достықтың күші-бірлікте, кепілі-татулықта. Біз де сыныптас достарымызды қолдап, қол ұшын беруге әрқашан дайын болайық.