Жамбыл облысы
Тараз қаласы
№11 орта мектебі
Мұғалім:Чмаева Ж.Д.
2 «Б» сыныбы
Қазақ тілі Сабақ №
Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы.
16-19 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік «У» дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын және кейде жуан, кейде жіңішке болып келуін меңгерту. «У» әрпінің емлесі: дауыссыз дыбыстан кейін келген «У»-дың алдында ұ, ү дыбыстары естілгенмен, жазылғанда олардың орнына «у»-дың өзі ғана жазылатынын; дауысты ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге у қосылғанда, ы, і әріптерінің түсіп қалатынын таныстыру.
Дамытушылық: Сауаттылыққа баулу, сауатты және көркем жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Тіл және сөйлеу.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Дауыссыз У дыбысы.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Дауыссыз У дыбысы.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
«У» дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатыны. Мысалдармен дәлелдеу.
Егер у дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келген сөз буынға бөлінгенде у дыбысы екінші буынның басында келеді.
«У» дыбысының кейде жуан, кейде жіңішке болып келуін.
«У» әрпінің емлесі: дауыссыз дыбыстан кейін келген «У»-дың алдында ұ, ү дыбыстары естілгенмен, жазылғанда олардың орнына «у»-дың өзі ғана жазылуы. Мысалы: ту, жу т.с.с.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
16-жаттығу орындалады.
Өлеңді көшіріп жаз. У дыбысы бар сөздердің астын сыз.
Осы сөздерді буынға бөл.
У дыбысы қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз екенін байқа.
17-жаттығу орындалады.
Берілген сөздерді фигура түсіне қарай бағандарға бөліп жаз.
Неліктен солай топтағаныңды айт.
Ереже:
Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады: әуе, Зәуре, уақыт.
Сергіту сәті.
18-жаттығуды орындау.
Көру диктанты
Бота
Бота – екі көзі жәудіреген сүйкімді төл. Оған қызықпайтын, сұқтана қарамайтын адам аз. Сондықтан қазақтар жаңа туған ботаны көлденең көзден жасырып, көрсетпеуге тырысады. (22)
Тапсырма:
1. У дыбысы дауыссыз сөздердің астын сыз.
2. У дауысты дыбыс болатын бір буынды үш сөз жаз.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 19-жаттығу, Ереже.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.