Қазіргі таңда қазақ тілінің хал-ахуалы қандай?
Сыныбы: 7
Тақырыбы: «Қазіргі таңда қазақ тілінің хал- ахуалы қандай?»
Мақсаты:
Оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды ұстамдылыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу.Өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру.
Түрі: пікірталас, дебат сабақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, жазушылар сөзі, асық.
Негізгі ережелер: құрылымды сақтау,әр топта 3 оқушының болуы, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық, шындық, сыйластық.
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Қазіргі таңда қазақ тілінің хал-ахуалы қандай?» тақырыбындағы дебатымызды бастаймыз.
Дебат мазмұнымен таныстырып өтейін:
1. Дебатқа 2 топ(даттаушы және жақтаушы), әр топта 3 оқушы қатысады.
2. Дебатта әр топ өз позицияларын қорғап,дәлелдерімен оқушылар өз ойларын баяндайды.
3. Дебатқа қатысып отырған оқушылары бір - бірлеріне сұрақ қояды.
4. Дебат мектепішілік формат- Карл Поппер форматының құндылық кейсі бойынша өтеді.
Жүргізуші: Ал енді құрметті оқушылар даттаушы топ пен жақтаушы топты анықтау үшін топ басшыларын ортаға шақырамын. Менің қолымда асық бар, сол асықтың бірінде "д" әрпі, бірінде "ж" әрпі белгіленген. "Д" әрпін алған топ даттаушы, "ж" әрпін алған топ жақтаушы топ болып есептеледі. (даттаушы-жақтаушы топтар анықталады,оқушылар өз позицияларын қорғауға дайындалу үшін 5 мин. уақыт беріледі. Оқушылар дайындалғанша ссарапшылар тағайындалады және уақыт сарапшсымен таныстырылады.)
Құндылық кейстің құрылымы:
1.Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата ....... жақсы/нашар деп есептейді)
2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)
3.Status quo-Қалыптасқан жағдай(қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер(интернеттен,газеттен айту)
4.Философия ()
5.Аргументтер()
6.Қорытынды.
7. Ойын барысы (спикердің рөлі,уақыт)
Ойын барысы:
Спикер Уақыт
Спикердің рөлі
1
Жақтаушы 1
6 минут
Команданы таныстырады. Кейспен таныстырады.
2
Даттаушы3-Жақтаушы1
3 минут
Даттаушы 3 Жақтаушы1-ге сұрақтар қояды.
3
Даттаушы1
6 минут
Өз командасымен таныстыру. Жақтаушы 1-дің кейсін (келіспейтін жағдайларын) даттап, қарама-қарсы өз командасының кейсімен таныстырады.
4
Жақтаушы3-Даттаушы1
3 минут
Жақтаушы3 Даттаушы1-ге сұрақтар қояды.
5
Жақтаушы 2
5 минут
Даттау тобының айтқан даттауларына жақтау айтып, өз кейсін қалпына келтіреді.
6
Даттаушы1-Жақтаушы2
3 минут
Даттаушы1-Жақтаушы2-ге сұрақтар қояды.
7
Даттаушы 2
5 минут
Даттауды жалғастырады.Жақтаушы 2-нің кейбір сөздеріне өз түсініктеме-лерін айтады.
8
Жақтаушы1-Даттаушы2
3 минут
Жақтаушы1 Даттаушы2-ге сұрақтар қояды.
9
Жақтаушы 3
5 минут
Ойын барысына қорытынды анализ жасайды,өздері ұсынған механизмнің ұтымдылығын айтады.
10
Даттаушы 3
5 минут
Ойын барысына қорытынды анализ жасайды,өздері ұсынған механизмнің ұтымдылығын айтады.
Жүргізуші: Дебат сүйер қауым, бүгінгі ойынға уақыт бөліп қатысқандарыңызға рахмет! Ойнды қорытындылау үшін сөз кезегін сарапшыларға береміз!
Қорытынды: Сарапшыларға сөз кезегі беріледі, сарапшылар ойынды қорытындылап, қай позиция ұтымды айтылғандығына пікірлерін білдіреді.