Математика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы Қосу кестесімен шығарамыз (1 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2A бөлім – Сандарды 20 шегінде қосу және алу Сынып: 1А

21.11.16


Мектеп: Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББ мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметкалиева С.Т.

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны: жоқ

Сабақ тақырыбы

Қосу кестесімен шығарамыз


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.4 бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану.

1.5.2.2 **«+», «-», «=» белгілерін пайдалану

1.5.2.4 өрнектерді оқу және жазу барысында қосу және азайту амалдары компоненттерінің атауларын пайдалану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін біледі, құрады және қолданады; .“+”, “–”, “=” таңбасын қолданады

Көпшілігі:

Бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, өрнектер шығарғанда пайдаланады.“+”, “–”, “=” таңбасын қолданады

Кейбір оқушылар:

Бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, өрнектер шығарғанда пайдаланады, дәлелдеп айтады.

Бағалау критерийлері

Қосудың шаршы түріндегі кестесін пайдаланып, өрнектерді орындайды.

Тілдік мақсаттар


Сандардың заңдылығын түсіндіреді, сандардың ретін айта алады

Құндылықтарды дарыту



Еңбекқорлық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе, қазақ тілі мен әдебиеті

АКТ қолдану дағдылары

Нөмірлерді тауып, ашу

Санамақты әншілермен бірге айта алу.


Бастапқы білім


100-ге дейін тура және кері, санай алуы; ондықтармен санау

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут


Ертеңгілік шеңбер

«Санамақ» әнін бірге орындау, қимылмен көрсету

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты: Сандармен операциялар. бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану –

- Балалар, бұлар ағаштар сендер тапсырманы орындау арқылы қаншалықта тапсырманы қаншалықты дұрыс орындауына байланысты өз ағаштарыңды отырғызасыздар. Сабақта барлығымыз жұмыс істейміз, соңында еңбегіміздің жемісін көреміз.


Ағаштардың макеті,

алмалар (қызыл,сары,

жасыл)



Сабақтың ортасы

5 минут











5 минут

















9 минут















1 минут


11 минут





1.Ауызша санау.Ненің іздері.(қосу кестесін пайдалану) (оқушылар топта мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шығарып,жауаптарындағы сандарды өсу ретімен орналастырса іздердің иесі шығарады. Қалғандары саусақпен бағалайды)

10-9=1 Б 7-4=3А 4+4=8Р 7+2=9Ы 6+4=10С

Төбешіктің ар жағында не жасырынып отыр?

Мысалдарды шығарып жауаптарды ретімен жаз.

1+9=10Қ 3+6=9О 9-3=6 Я 5-3=2С


2.(Ж) Фигураны тап.Кестені қолданып,мысалдар құрастыр. Тақтада және оқушылардың алдында ұқсас кіші көлемдегі шаршы сұлбаны тарату. Оқушыларға кестедегі бағандарды 1-ден 9-ға дейін сан ретімен қойып нөмірлеп шығу керектігін тақтада көрсету. Соңғы цифр 9 болуы тиіс Кейін қатарларды да осы ретпен нөмірлеп шығу. Жұппен әрбәр мысалдағы амалды орындап фигуралардың орнындағы жауапты табу.


Ойлан

Құрастырған кестені қарап шығыңдар. Қандай сандар жазылған? 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

+

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

2

3

4

5

6

7

8

9

10


3

4

5

6

7

8

9

10



4

5

6

7

8

9

10




5

6

7

8

9

10





6

7

8

9

10






7

8

9

10







8

9

10








9

10









- Әрбір мысалдағы амалдардың компаненттерін ата.

- Бағанның нөмірін көрсет.

  • Қатардың нөмірін көрсет.

  • Сандар қалай орналасқан?

  • Қалай жаздыңдар? Сандардың орналасу ретінен не байқадыңдар? Сандардың бұлай орналасуын қалай қолдануға болады? Қандай ерекшелік байқадың? 1және 1 санының қиылысына қандай сан жазу керек? Неліктен 2? Жалғастыр

Қорытынды: мәндері ретімен орналасқан; келесі мән алдыңғы санға 1-ді қосқанға шығады

Сергіту сәті «Он саусақ»


3.(ТЖ) «Қатені тап?»

Әр жұпқа жапырақ суреттері мен А3 форматта қосу кестесі таратылады.

Тапсырма: өз ағашыңды тауып жапсыр.

1 топ 6+4=9 Қатені тап, есепте.

2 топ 10-8=3 Қатені тап, есепте.

3 топ 9-7=1 Қатені тап, есепте.

4 топ 2+7=8 Қатені тап, есепте.

- Не байқадыңдар?

Жасаған жұмыстарын тақтаға ілу, айтып беру.

-Менің жапырағымдағы дұрыс жауап 9,емен ағашына апарып жапсырамын т.с.с.

Интерактивті тақтадағы “Қосудың шаршы түріндегі кестесінің” презентациясы немесе қосу кестесі; топтарға арналған әріптер жазылған конверттер.




Қосудың шаршы түріндегі кестесінің сызбасы дайындалан А1 форматты парақ;

Әрбір оқушыға арналған жеке қосу кестесі;

Қосудың шаршы түріндегі кестесін құруға арналған қағаз

Слайд












Дидактикалық материал







Сабақтың соңы


5 минут



















2 минут

4.(Ж) Шығарып көр.Суретші абайсызда мысалдарға бояу төгіп алды.Қандай сандарға бояу тигенін анықта.

8+ =9 8+ =10 6+ =9

5+ =10 4+ =8 + =7


5.Ө)Дәптермен жұмыс

Сурет бойынша мысалдар құрастыр. Берілген тапсырма кесте бойынша кері орындалатын әрекетті қамтиды. Бұл жолы оқушылар ұяшықтары боялған кестедегі суретті қарап шығуы керек. Үлгіге сүйеніп, боялған ұяшықтар негізінде оқушылар мысалдар құрастырып жазуы керек.

Жауабы:

1 + 5 = 6; 3 + 3 = 6; 4 + 3 = 7;

2 + 5 = 7; 3 + 4 = 7; 4 + 4 = 8;

2 + 6 = 8; 3 + 5 = 8; 4 + 5 = 9;

3 + 1 = 4; 3 + 6 = 9; 5 + 5 = 10.

3 + 2 = 5; 4 + 2 = 6;

Өрнектің суретін сал. Оқушылар мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шығара алады. Дұрыс жауаптары бар ұяшықтарды қызыл түсті бояумен бояйды. Нәтижесінде олар қазақ халқы ою-өрнегінің элементін алады.Қосудың шаршы түріндегі кестесін пайдаланып, түсіп қалған сандарды 84-беттегі кестеге жаз.


6.Рефлексия

- Сендер қанша тапсырма орындадыңдар!

- Біз не құрдық? Не істедік?

-Қандай ағаш ектіңдер? Оны өздерің анықтайсыңдар.

Түсіндім –емен ағашы

Кішкене түсінбей қалдым – қайың ағашы

Түсінбедім –шырша ағашы


Жұмыс дәптері

83-84 бет

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?







Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Басқаларға көмектесу.

Топ басшысы рөлін атқару

Қорытындыны дәлелдеу

Оқушылар сабақ соңында:

10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту үшін бір таңбалы сандарды қосу кестесін қолдануды;

қосу кестесіне сүйеніп, мысалдар құрастыра

алуды меңгереді.

Оқушылардың сабақтан алған білім деңгейін тексеру мақсатында мынадай сұрақтар қоямын:

Қосумен берілген мысалдардың нәтижесін табу үшін қосу кестесін қалай пайдаланамыз?

6-ға 3-ті қосқанда қанша болады?

Қандай бір таңбалы сандарды қосқанда 6 шығады?

10 саны шығу үшін 7-ге қай санды қосуға болады?

7-ден 2-ні азайтса қай сан шығады? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткіземін.

Жазу барысында партада дұрыс отыруды қадағалау

Сергіту сәті


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?