Сабақтың тақырыбы: Құстар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құстар тақырыбы бойынша сөздік қорларын байыту, етістіктің нақ осы шағын қайталап, дұрыс жалғануын меңгерту, берілген сөйлемдерден нақ осы шақты табу.
Дамытушылық: Дұрыс, қатесіз оқу, айтылым дағдыларын дамыту. Сауатты жазуға үйрету.
Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Нәтижесі: Сөздік қорлары байиды, мәтінмен жұмыс істеп, айтылым дағдылары дамиды, сауатты оқып, жаза алады.
Сабақтың көрнекілігі: интнербелсенді тақта, құстардың суреттері, слайдтар, үнтаспа, смайликтер.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 3-4 минут
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасайық!
Халдерің қалай?
Рахмет, жақсы!
Психологиялық ахуал туғызу.
Ендеше, сабағымызды жақсы көңілмен бастайық! СЛАЙДТА
Қайталаңдар!
Менің халім тамаша!
Сіздікі де тамаша!
Сенің халің жақсы ма?
Оның халі жақсы ма?
Барлығы да тамаша! Рақмет!
Балалар, тақтаның алдына шығып, шеңбер құрыңдар. Қазір мен сендерге суреттер таратамын, суреттерге қарап 3 топқа бөлініп отырыңдар.
СЛАЙДТА ТОПТЫҢ АТТАРЫ
1 топ : «Аққулар» 2 топ: «Көгершіндер» 3 топ: « Қарлығаштар»
- Сыныпта кім кезекші?
- Сабақта кім жоқ?
–Сыныпта оқушылар түгел
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыстың қай айы?
- Желтоқсан айында қандай мерекелер болады?
- Бүгін желтоқсанның нешесі?
-Аптаның қай күні?
СЛАЙДТА ІІ. Үй жұмысын тексеру. 10-12 минут
Мұғалім сөзі:
Өткен сабақта «Хайуанаттар бағы» тақырыбын өттік. Үйге қандай тапсырма берілді? Үйге 103 бет, 5-тапсырма мазмұндап келу. Жақсы. Балалар, қазір үйге берілген мәтінді суреттер бойынша мазмұндап беріңдер.
ІІІ. Жаңа сабақ 10-минут
Жаңа сабаққа көшу: Оқушылар интербелсенді тақтадан құстардың дауысын естіп, нелерді көргендерін айтады. Оқушылардың жауабы: Құстар
Дұрыс айтасыңдар. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Құстар» деп аталады. Балалар, құстардың қандай түрлері бар? ҮЙ ҚҰСТАРЫ және ЖАБАЙЫ ҚҰСТАР Бүгін сабақта топпен жұмыс істейміз, құстар тақырыбы бойынша жаңа сөздермен танысамыз, мәтінмен жұмыс істейміз, нақ осы шақтың жұрнақтарын қайталап, әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.
Жаңа сөздермен танысу. Слайдқа назар аударыңдар. Осы сөздерді слайдқа жазыңызшы, Әр сөздің қасына суретін қойыңызшы
1. Тұмсық - клюв
2. Мойын- шея
3. Құйрық- хвост
4. Қанат- крылья
5. Тырна- журавль
6. Ұя – гнездо
7. Қорғау керек – нужно защищать
[pic] [pic]
Мұғалім оқиды, 1-2 оқушы оқиды, оқушылар хормен оқиды. Ал, енді осы жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазыңдар.
Топпен жұмыс:
1 топ : жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастырады.
2 топ: жаңа сөздермен сөйлем құрастырады.
3 топ: жаңа сөздермен сын есімі бар сөйлем құрастырыңдар.
СЛАЙД: ЖЕЛТОҚСАННЫҢ ЖЕТІСІ
СЫНЫП ЖҰМЫСЫ
ҚҰСТАР
Дәптермен жұмыс: 3-минут Балалар, дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазыңдар.
Әр топтан бір оқушыдан шығып тақтаға өз сөйлемдерін жазады.
Сергіту сәті: 2-минут ВИДЕО-РОЛИК «ҚАРЛЫҒАШ».
Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. ( 10-12минут) МҰҒАЛІМ БЕЙНЕТАСПАДАН ТЫРНА ТУРАЛЫ МӘТІНДІ ОҚИДЫ
Балалар, мәтінді мұқият тыңдайды. Осы мәтінге ұқсас өз мәтіндерін құрастырып, постерге жазады.
1-топ: «АҚҚУ» туралы мәтін құрастырып жазады.
2 -топ: «КӨГЕРШІН» туралы мәтін құрастырып жазады.
3 -топ: «ҚАРЛЫҒАШ» туралы мәтін құрастырып жазады.
Оқулықпен жұмыс. Балалар, оқулықтың 105 бетін ашыңдар,
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Ақ тырнаның мойны қандай болады?
2. Ақ тырнаның қанаты қандай болады?
3. Аққу қандай құс?
4. Аққудың мойны ұзын ба?
5. Аққудың тұмсығы қандай болады?
«Етістіктер елінде»
Берілген етістікті нақ осы шақта жекеше түрде жіктеу. (АУЫЗША)
Сурет салу Қай топ бірінші болып орындайды (1минут)
М: І. Мен сурет салып отырмын
ІІж. Сен сурет салып отырсың
С.т.Сіз сурет салып отырсыз
ІІІж. Ол сурет салып отыр
САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:
«БЕСТАРМАҚ» өлеңін жазу
НЕ?
ҚАНДАЙ?
НЕ ІСТЕЙДІ?
ӘРЕКЕТ:
ҚОРЫТЫНДЫ:
СЛАЙДТА «ҚҰСТАР – БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ!»
СЛАЙДТА ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ: жаңа сөздерді жаттау, құстар туралы
3 мақал жаттау.
СЛАЙДТА САБАҚ АЯҚТАЛДЫ. САУ БОЛЫҢЫЗДАР!
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
«№ 23 орта мектеп» КММ
Сабақтың тақырыбы: ҚҰСТАР
[pic]
Өткізген: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Шопанова Гүлнұр Дәулетқалиқызы
Сыныбы: 4 «А»