Күні:23 .02.2016.
Тоқсан:ІІІ Сыныбы:1Ә Мұғалімі: Сержанова Г.Ж.
Пән атауы: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Балаларыма. Тасымал.
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын ұғыну, өлеңді мәнерлеп оқу, мәнін ұғыну, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорларын молайтуға, тілдерін дамыту арқылы ой қорытуын жетілдіру.
2. Оқу - жазу дағдыларына, сөздерді буын жігімен тасымалдауға жаттықтыра отырып, түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа дағдыландыру.
3. Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кесте, сызбалар, магнитті тақта, бор, оқулық, дәптер №3, т. б
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым білім жолына
Енді қайық саламыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Бөдененің құйрығы неге қысқа?» мәтінінің мазмұнын сұрау,сұрақтарға жауап алу.
Тасымалдауға болмайтын сөздер(ереже жазу,жаттау)
99-жаттығу(ауызша)
Бір буынды және алғашқы буыны бір дыбыстан тұратын екі буынды сөз-
дерді тасымалдауға бол майды:ер,көл,шаш, ө-зен, е-мен.
[pic] III. Мағынаны ашу:- Слайд арқылы жаңа сабақты меңгерту.
Қазақ халқының аты аңызға айналған қаһарман батыры, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының өмірі, ерлігі, еңбегі туралы әңгімелеу, өмірбаянынан сыр шерту.
IV. Жаңа тақырыпқа көшу. Оқулықпен жұмыс./67 - бет/
Кезек тізбектеп оқу,
Мазмұнын әңгімелеу.
Сөздікпен жұмыс
Қаһарман - ешнәрседен қорықпайтын батыр
Дүниежүзілік - жер бетіндегі барлық халық..
Тасымалдауға болмайтын сөздердің астын сыз.
Ар, ұят, намыс, әке;
«Қазақ, намыс, батыр» сөздерін тасымалда.
а) тасымалданатын сөздер;
ә) тасымалданбайтын сөздер;
№1 жұмыс дәптердің 33 - 34 беттерімен жұмыс жасау.
1) тасымалдауға болмайтын сөздерді жаз: әке, от, ар, нан, ұят, бір, он, Отан, ат, ата, ана,
т. б.
2) «Балаларыма» мәтінінен Б. Момышұлының балаларға айтқан өсиетін тауып, көшіріп жаз.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс
1. Оқушылардың кезекпен оқуы.
V. Сабақты бекіту.
- Бүгінгі сабақта не үйрендік?
- Халқымыздың аты аңызға айналған Қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы Отан сүйгіш, батыл, ұлтжанды батыр екенін білдік.
- Олай болса, біз де Бауыржан атамыздай батыл, күшті, өжет, қайратты болуға үйренеміз.
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма.
а/ «Бауыржан Момышұлы. Балаларыма» Мәтінді, өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
ә/ Тасымал ережесін жаттау.
б/ 102 - жаттығу.