Ашық сабақ жоспары əдебиеттік оқу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


52 бастауыш мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Екібаева Айбала


1. Оқушыларды ертегі түрлерімен таныстыра отырып, ертегіні түсініп оқу, мазмұнын айтуға дағдыландыру.

2. Ертегіні мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, ой-пікірлерін қорытындылап айту шеберліктерін, сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсу,сөз байлықтарын арттыру.

3.Оқушыларды ізденімпаздыққа,ұйымшылдыққа,

пікірлерді тыңдауға,сыйлай білуге,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.


5

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту


6

Сабақтың түрі

Аралас сабақ


7

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, өзін өзі тану


8

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер

Интерактивті тақта, маркер, флипчарт,түсті қағаздар, сөзжұмбақ, топтастыру стратегиясы, слайд, видео, деңгейлік тапсырмалар, БББ кестесі, постермен жұмыс.



9

Әдістері:

"Шаттық шеңбері"

"Миға шабуыл"

"10 сұрақ әдісі"

"Топтық жұмыс"

«Венн диаграммасы»

Деңгейлік тапсырмалар." Екі жұлдыз бір тілек"әдісі

"Не үйрендім?Не үйренгім келеді?


10

Сабақ кезеңдері:

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

11

Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)

Мұғалім балаларды шаттық шеңберіне шақырады.

Қуанамын менде,

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге де.

Сыныпқа психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылар арасынан 1 оқушы шығып тренингті өзі жүргізеді.(барлық оқушылар ортада тұрып жасайды)


12

Үй тапсырмасы

(10 минут)

Миға шабуыл

Оқушылар үй тапсырмасын қорытуға арналған сұрақтарды «сиқырлы сандықтан»алып дайын болған соң топтағы оқушылар бас бармақпен дайын болғанын көрсетуі керек.


«10 сұрақ әдісі»



1. Қазақ даласына ең алғаш білім жарығын алып келген адам кім?

2.Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?

3. «Ата-ана алдындағы борышың» деген тіркестегі «борышың» сөзін басқаша тағы қалай атауға болады?

4. Өлең жазатын адамды қалай атайды?

5. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

6. Қартқожа қай жазушының кейіпкері?

8. Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов туралы жазған жазушы кім?

9. Абайдың нақыл сөзін аяқта. «Адам баласының ең жаманы - ...»

10. Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде атаған бес жаман істі ата?

Оқушылар берілген тапсырманы орындап өз жауаптары дайын болғанда

бас бармақпен көрсетеді.бағдаршаммен бағалау.




13

Жаңа сабақ

Жаңа сабақтан күтілетін нәтижелермен оқушыларды таныстыру. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білдіреді.



[pic] [pic] [pic]





Топтық жұмыс.Сыныпты 3 топқа бөлу.Әр топ өздеріне берілген ертегі бойынша постермен жұмыс жасады . Топ мүшелері ертегінің түрлерін, ертегі кейіпкерлерін постерге түсіріп әр топ жеке-жеке тақтаға шығып қорғады.



Деңгейлік тапсырмалар:

Оқушылар деңгейіне қарай тапсырмалар беру:

1.Ертегі кейіпкерлерін атап, оларды сипаттау, суретін салу.

2.Аңдардың қалай дыбыс шығаратынын көрсету.

5.Кейіпкерлерді рет-ретімен бағанға орналастыру.

Венн диаграммасын пайдалана отырып, аңдардың ұқсастықтарын ,айырмашылықтарын ортақ қасиеттерін сызбаға түсіруі керек.

«Ойлан, ойлан» әдісі

Қулықтан қалай арылу керек?

Аңқаулық неге апарып соғады?

Өмірде осындай ертегідегі түлкі мен есек сияқты адамдар бар ма? Қалай ойлайсыңдар?


Сыныпты 3 топқа бөледі

Жұмбақтар тобы

Мақал - мәтелдер тобы

Ертегілер тобы


Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша өз пікірлерін сызбаға түсірді. Әр топтан баяндаушы сөйледі.Басқа топтар тыңдап өз ойларын ортаға салды.







Оқушылар рөлдерді бөліп алып, мәтінді оқып, өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.



Оқушылар тапсырманы өзі таңдап сол тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.

3 топ бір бірін бағалайды




Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды

Өз сызбаларын қорғайды

3 топ бір бірін бас бармақпен бағалайды.



14

Кері байланыс

Екі жұлдыз, бір тілек әдісі «ББҮ»кестесі бойынша өз ойларын жазады . сабақты қорытындылау

Оқушылар сабақта ұнаған екі әдіс,және өз тілегін жазады, өзінің сабақта не үйренгені, не үйренгісі келетінін жазып кері байланыс жасайды.

15

Үйге тапсырма

Ертегі мазмұнын айту, ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.



Бағалау

Оқушыларды формативті бағалау.