Баяндама «Гуманитарлық білімде педагогикалық технологияның тиімділігі және заманауи әдістерді енгізудің жетістігі.»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы

Боровской орта мектебі» ММ., Боровской ауылы.

[pic]

Валиева Мейрамгуль Какимовна -бастауыш сынып мұғалімі



Тақырыбы: «Гуманитарлық білімде педагогикалық технологияның тиімділігі және заманауи әдістерді енгізудің жетістігі.»


Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында, және заман талабына сай қажетті жаңартылған өзгерістер мен ізденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудын жаңа технологиясы енгізілуде. Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, ақпараттық құралдар технологиясын пайдалану әрбір сабақта қолданылатыны анық, бірақ мен өзіме жақын «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі тіл және әдебиет сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытады деген ойға келдім. Сабақ беру процесіндегі тиімділігін көрсету үшін, осы модульді барлық сабақтарыма кіріктірудемін. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Оны қалай қолдануға болады?

«Сыни тұрғыдан ойлау –«ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға,бағалауға,талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.» Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Бұл технология несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ- жауап ретінде бергім келіп отыр.

- «СТО-ды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?

Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен;

Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен;

Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.

Осы жобамен жұмыс жасау барысында байқағаным мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы, ізденуі. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының философиясы – баланы өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, барлық баланы жеке зерттеу және бақылау болып табылады.

Сыни тұрғыдан ойлаудың нақты әдістері: топтастыру, көрнекілік, ой қозғау, болжау, «Дана үкі», «Семинарлық карта», «Эссе», «Венн диаграммасы», «Бес жолды өлең», «Миға шабуыл», «Жұптасып ойлау» т.б. сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолданудамын.

Енді осы аталған әдістердің кейбіреулеріне тоқталып өтейін. «Миға шабуыл» стратегиясын қолдану барысында байқағаным: оқушылар берілген проблеманы ұжымда талқылауға, мәселенің шешімін іздеп табуға үйренеді. Әр оқушының пікірі еркін тыңдалып, өз ойын айта алады. Аз уақыт ішінде көптеген пікірлер мен шешімдер табылады. «Миға шабуыл» стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Сонымен қатар тақырыптың негізгі идеясын ашу дағдылары дамиды және тез шешім қабылдауға дағдыланады. Логикалық ойлау қабілеттері артады. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі деп ойлаймын.

«Венн диаграммасы» стратегиясының мақсаты екі зат немесе мезгілдің айырмашылығы мен ұқсастығын көрсете отырып, салыстыруға, пайымдауға және осыдан қорытынды шығара білуге машықтанады. Жаңа сабақты меңгеру кезеңінде қолдануға тиімділігі зор. Бұл әдіс арқылы оқушылардың бірлесе отырып, ой пікірлерін талқылауға дағдыланады. Оқушылардың ойлары ашылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады. Оқушы өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырудың нәтижесінде қорытынды жасайды.

Сабақтың әр кезеңінде қолайлы стратегиялардың бірі «Топтастыру немесе кластер» стратегиясы. Бұл әдісті оқушылар жылдам меңгеріп, қызығушылықпен орындауға әбден үйреніп алды. Берілген тақырыпты талдайды, зерттейді, жинақтайды, қорытындылап, жан –жақты ашуға мүмкіндік алады. «Топтастыру» стратегиясын топпен де, жұппен де орындауға болады. Соның нәтижесінде оқушылардың арасында диалог жүргізіліп, сөздік қорлары көбейіп, білімдері толығады. Орындаған жұмыстарын қорғайды, басқа топтар өз пікірлерін, ұсыныстарын білдіреді.



«ЭССЕ немесе ой толғаныс» стратегиясын сабақты қорытындылау кезеңінде жиі қолданамын. Тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Әр оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізе отырып, өз ойын еркін жеткізе алады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. Өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренеді. Бұл әдіс дарынды оқушыларды анықтауға септігін тигізді. Әр оқушының жазған шығармасын тыңдаудың нәтижесінде, басқа оқушылар тақырыпты терең және жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік туады.

«БББ немесе маркировка кестесі» стратегиясын жаңа сабақты түсіну кезеңінде пайдаланады. «БББ» - білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Кесте үш бөліктен тұрады. Әр бөлікті оқушы тақырыпты оқи отырып толтырады. Негізгі қойылатын талап – оқушылар өз ойымен жазады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, жаңа тақырып бойынша білгісі келетін немесе түсінбеген тұстарын келесі сабақта толықтыруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл әдіс оқушының өз бетінше жаңа тақырыпты меңгеруіне, жинақтауына мүмкіндік береді.

«Бес жолды өлең» стратегиясы пән аралық байланысты нығайтуға қолайлы. Бұл әдіс арқылы сөз таптарын, синоним сөздерді, сөйлемдерді дұрыс құра білуге жаттықтырды. Өлең ұйқастарын шығаруға септігін тигізеді. Сөздік қорлары молаяды. Оқушының дарындылық және шығармашылық қабілеті шыңдалады.

Сыни тұрғыдан ойлаудың әдістерін сабақ барысында қолдануым үлкен нәтиже беруде. Атап айтсам: Сынып оқушыларын барлығы түгелдей жұмыс істеуге дағдыланды. Бірлесіп жаңа тақырыпты талдайды, зерттейді, қорытындылайды, проблеманы шеше алады, сыни ойлауға үйренді. Алған білімдерін өмірде қолдана алатын, жан-жақты жеке тұлға қалыптасуда.

Халық ағартушысы  Ыбырай Алтынсарин «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп айтқандай заман талабына сай жаңаша білім беруге, үнемі ізденісте болуға ұмтылайық.