Урок на тему Көрші атам. Сәлем бере білейік

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы: 1 « а»

Пәні: ана тілі


Сілтеме

Сын тұрғыдан ойлау. Жұптық, топтық жұмыс

Жалпы мақсаты

1.Жуан, жіңішке, жұп дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықтау.

2. «Көрші атам», « Сәлем бере білейік» өлеңдерін оқып, мазмұнын түсіну.

3. Үлкен адамдарға сәлем беріп, бір –бірінің амандығын біліп , көршілермен тату қарым -қатынаста болуға үйрету

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

1.Жуан, жіңішке, жұп дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықтайды.

2. «Көрші атам», « Сәлем бере білейік» өлеңдерін оқып, мазмұнын түсінеді.

3. Үлкен адамдарға сәлем беріп, бір –бірінің амандығын

біліп ,көршілермен тату қарым -қатынаста болуға үйренеді.


Табыс критерийлері

1.Жуан, жіңішке, жұп дауысты дыбыстар бойынша білімдерімді пысықтаймын.

2. «Көрші атам», « Сәлем бере білейік» өлеңдерін оқып, мазмұнын түсінемін.

3. Үлкен адамдарға сәлем беріп, бір –біріміздің амандығымызды

біліп,көршілермен тату қарым -қатынаста болуға үйренемін.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1) Сындарлы және ашық диалогке қатысу балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.

2) Балалардың жауабын бақылау, жазып алу мен талқылау сауатты оқытуға ықпал етеді.

Орындалатын жұмыстар

Жұптық жұмыс «Өз ұяшығыңды тап!»

Топтық жұмыс «Моншақ» ойыны

Жеке жұмыс «Тест тапсырмасы»

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру


2мин


Психологиялық ахуал қалыптастыру .

Келген мұғалімдермен ұлдар «Ассалаумағалейкум!» деп

қыздар «Қош келдіңіздер!» деп сәлемдеседі

деп Топқа бөлу. (Стикер түстеріне байланысты)

Күй әуенімен

топқа бөлінеді

Үй тапсырмасын сұрау.


Жұптық жұмыс



6мин


«Нағашы ата » тақырыбында жазған әңгімелерін оқу




Электронды оқулық тапсырмасы №14



Дауысты дыбыстарды ұяшыққа салыңыз: з,л,ы,н,о,ғ,с,і,ц,й,ү,и,ж,ө,щ,а,қ,ә

«Нағашы ата » тақырыбында жазған әңгімелерін оқиды. «Критериалдық бағалау»


Ой қозғау

2 мин

   Электронды оқулықпен жұмыс :

«Сәлемдесе білеміз бе?» 

  Оқушыларды  сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады. «Көрші атам», « Сәлем бере білейік»




Оқушылар тыңдайды, сұраққа жауап береді.



Мағынаны тану

























Топтық жұмыс

15 мин


























7 мин

Оқулықпен жұмыс. 64- бет.

55- жаттығу.

1. Сөздерді салыстырып оқу

2.Жұптастырып берілген сөздердегі ұ,ү дауысты

дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқау.

3.Сөздерді жуан және жіңішке етіп тұрған дыбыстарды

атау


Сергіту сәті



Тақтамен жұмыс. 57- жаттығу

А – ә, А-ә, ы-і, ұ-ү, о- ө әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді

жазу. Ыстық, орын, әскер, көрме, киік, қорық


Ой шақыру.

  • «Көрші» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқулықпен жұмыс. «Көрші атам»

Ой шақыру.

  • Сәлемдесу қажет пе?

  • Сәлемдесу - әдептілік белгісі.

  •  Сәлемдесу адамдардың бір – бірінің амандығын білу.

  • Үлкен адамдарға сәлем беру – кішінің міндеті.

  • Сәлем беру -  мәдениеттілік белгісі.

Оқулықпен жұмыс. «Сәлем бере білейік»



« Моншақ» ойыны. Топтарға қима қағаздарға жазылған сөздер беріледі. Сол сөздерден бір жуан және бір жіңішке сөздерді тізбектей қойып шығу тапсырылады

Ереже.Сөзде дауысты дыбыстар жуан болса, сөз де жуан болады.т.б


Интербелсенді тақтада слайд.Тапсырмаларды орындайды

«Басбармақ» арқылы бағалау

Музыкаға би қимылдарын жасайды


Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды

«Бағдаршам»

арқылы бағалау


Оқушылар сұраққа жауап береді.

«Ишара» арқылы бағалау




Оқулықпен жұмыс


Өз жұмыстарын бір оқушы қорғап, ережені пысықтайды

« Үш шапалақ» арқылы бағалау

Ой толғаныс


2мин

  • Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?

-Баяғы өткен заманда бір әділ хан өзінің хандығын үш ұлының қайсысына мұрагерлікке берерін білмей қатты қынжылыпты. Ұлдарын жинап алып халықтың алдына барады. Мұндағы ханның айтқаны :   

-О, білгені мен көргені дарияның суындай сарқылмас халқым, өзім бір елді басқарып , неше дауды шешсем  де , бұл күнде түйіні жоқ тығырыққа тірелдім. Сол себепті өздеріңізден ақыл сұрап келдім. Мұрагерлік тағым халықты билеп , ел басқаруға ұлдарымның қайсысын қоярымды білмей қиналудамын. Үлкен ұлым – ер жүрек, батыр, өзіне сенімді. Ортаншы ұлым – елші боларлықтай қулығы бар жан. Ал ең кіші ұлым сабырлы, ісімен сөзін ойлап істейді, -деп сипаттапты.Сонда  ортаға бір қарияның шығып айтқаны:

  -Елің жауынгер болсын десең , таққа үлкен ұлыңды қой, саудагер  болсын десең ортаншы ұлыңды қой, тату болсын десең кенже ұлыңды қой,- депті.

  • Қалай ойлайсыңдар, хан қай ұлын таққа отырғызады?

     Сонда хан ойланып кіші ұлын мұрагер етіпті деседі. Себебі жылы, сәлемі жақсы ел тату болады, бірліктегі ел батыр болады.


Әр елдің сәлемдесу түрлері туралы білетіндерін ортаға салады

Жеке жұмыс

3 мин


Тест тапсырмаларын орындауды ұсынады

Өзіндік жұмыс

Кері байланыс


3 мин

Сахналық қойылым : «Әдеп»

- Сендер бүгін сабақта қандай жаңа білім алдыңдар?

-Көңіл – күйлерін қалай?


« Екі жұлдыз,бір тілек»

Үй тапсырмасы

2 мин

Көрші атам. Сәлем бере білейік . 56-жаттығу.

Күнделікке белгілейді

Сабақты бағалау

3мин

Мақтау, мадақтау.

Күнделікке баға қою



267 орта мектеп












Пәні : ана тілі

Сыныбы : 1 «а»

Өткізген : Г.Асқарова

[pic]





Қызылорда қаласы

2014 – 2015 оқу жылы