Шебер сыныптың тақырыбы Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Қостанай облысы

Рудный қаласы

Қашар кенті

«№2 Қашар орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Бержанова Ж.Г.





Өтілетін күні:02.11.16.

Өтілетін орны:203 кабинет

Өтілетін уақыты :09-30.

Өтілу ұзақтығы:45 минут

Шебер :Бержанова Жұмагүл Г.

Шебер сыныптың тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Шебер сынып- сабағының мақсаты:Әріптестерге бағдарлама жайлы теориялық мағлұмат беру, ой бөлісу, әріптестердің СТО тәсілдері бойынша көз қарастарын көру.
Міндеттері:Сын тұрғысынан ойлау тәсілдері бойынша жеке тұлғаның өздігінен іздене білім алу дағдысының қалыптасуына ықпал ету

Сын тұрғысынан ойлау тәсілдері арқылы оқушылардың жан-жақты білім,білік дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтижелері:

Мұғалімдер бір - бірлерімен тәжірибелік әдіс алмасады;
• Cын тұрғысынан ойлау тәсілдерін жеке тұлғаға бағыттай жүргізудің тиімділігіне назар аударып,өз сабақтарында жоспарлауды қарастырады.
• Өз іс- тәжірибелерінде қолдануға деген қызығушылығы артады.
Негізгі идеясы: СТО тәсілдері пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру және олардың білім деңгейінің өсуіне өз әсерін тигізу.
Шебер сыныпта қолданылатын материалдар: үлестірмелі материалдар, А4, А3 қағаздары, музыкалық әуендер, маркерлер, видеопроектор,қима қағаздар.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, АКТ, СТО, жеке, жұптық және топтық жұмыс.
Дерек көздері: Интернет материалдары, Мұғалімге арналған нұсқаулық (МАН)
Тапсырмалар: Сұрақтар, ойластыру, зерттеу, қорғау,түйіндеу, т.б.
І.
Ынтымақтастық көңіл-күй қалыптастыру. Топқа бөлу.

Әріптестер әртүрлі қима қағаздардағы жазылған мақал-мәтелдерді құрастыру бойынша ынтымақтастықпен топқа бөлінеді. (3 минут)

«Сыйластық» І топ.

«Тапқырлық»ІІтоп.
«
Ойлампаздық»ІІІтоп.
«Тапқырлық» ІV топ

1.Сергіту сәті. «Әріпті бейнелейміз,түсіндіреміз.» (Әріптестер арасында психологиялық көңіл- күй қалыптастыру).

Жеребе арқылы әріптер дайындап, әр топқа 4 әріпті ұсыну.

  • Әр топта шыққан әріптерді денесімен жұптасып, топтасып бейнелеп көрсетеді,немесе басымен аяғымен жазып көрсетеді,ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылады.

  • Өмірмен байланысы:

Жаңбыр жауып басылды

Аспан шайдай ашылды

Желмен бірге жапырақ

  • Сыбдыр қағып шашылды.

  • Күзде судырлайды су, су, су, су,

  • Қыста қурайды қу, қу, қу, қу,

  • Көктемде гүлдейді гу, гу, гу, гу,

Жазда жайқалады жа, жа, жа, жа.(Қимылмен жасалады.)
III.Қызығушылықты ояту. (5 минут).

Музыка әуенін тыңдау,өз пікірлерін білдіру.
Миға шабуыл
-1.Сұрақ-жауап беріледі. (Айтылым дағдысы)

Өз тобыңыздың құралуынан шыққан мақал жайлы сыни ойлау тұрғысынан өз пікіріңізді білдіріңіз? («Су ішкен құдығыңа түкірме») «Сыйластық» І топ.
2. Сын тұрғысынан ойлау тәсілдері бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз? («Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді»)
«Тапқырлық» ІІ топ.
3.(«Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле») Сыни ойлау тәсілі арқылы мақалға жағымды көзқарасыңызды дәлелдеңіз. «
Ойлампаздық» ІІІ топ.
4.Сыни ойлау тәсілі арқылы«Ағайын тату болса ат көп,Абысын тату болса ас көп» тақырыбы бойынша мәтін жазыңыз
«Татулық» ІV топ. (3 минут)

Миға шабуыл-2.Барлық топқа бірдей мына сұрақ қойылады. Бүгінгі топқа бөліну мен топ аттары осы сабақтың негізінен қай мақсатына байланысты аса назар аударылып ұйымдастырылған? Сондай-ақ өз тобыңыздың мақалы қандай пәнаралық байланыста болып тұр? Әр топтың бас әрпіптерін құрастырғанда қай сөзді тауып аласыз? Сіздің жауабыңыз? Әр топ өз тобымен ойласып,жауаптарын айтады. (Айтылым дағдысы)

Жауаптары:1.Тәрбиелік мақсатына

2.Әдебиет,математика,қазақтілі

3.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Күтілетін нәтиже:

-Берілген сұрақ бойынша ой түйеді. Жұппен жұмыс жүргізеді, топпен өз пікірлерін бөліседі, өзгенің пікірінің құндылығына үңіледі. (5 минут)

Тапсырмалар:

1.Сыни тұрғысынан ойлау тәсілдері .Биопоэма (жұптағы жұмыс)

Берілген ұйқастарға өлең құрастыру. (Тақырыбын қою)

---------- ----------- барады,

---------- ------------ қарады.

--------- ------------ тарады,

---------- ----------- жарады. (7 минут)

Жауапты «А4» қағазына жазады.(Жазылым және тыңдалым,оқылым дағдылары жүзеге асады)


ІV. Мағынаны тану.

  • Тапсырма. «Стоп кадр» әдісі. Бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте.

  • топтық жұмыс «Шығармашылық» таңдап алған сурет бойынша «Эссе» жазу

(8 минут)

  • V. Ой толғаныс. Топтастыру немесе кластер стратегиясы

  • «Сыни тұрғыдан ойлау тәсілдері » атты тақырыпта кластер құру .Кластер құруға берілген тақырып бойынша маңызын ашып түсіндіреді.
    (7минут)
    VІ. Бағалау
    топпен өзара критерийлері бойынша «Бас бармақ» бағалау жүйесі жүргізіледі. (2минут)
    VІI. Қорытынды: Түйіндеме : Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйде берілмеуі

Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай,-
сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған шәкірттеріңіз көп болсын! Ой бөліскендеріңізге рахмет!

VІIІ. Кері байланыс. Әріптестер стейкерге шебер сынып бойынша өз пікірлерімен әсерлерін,және ұсыныстарын жазады,бағалайды.(смайликтер сызу)
(2 минут)







































БЕКІТІЛДІ : ––––––––––– КЕЛІСІЛДІ:––––––––––

«№2 Қашар орта мектебі»КММ Директордың ғылыми-әдістемелік ісі

директор:М.Ж.Ганиева жөніндегі орынбасары:Д.Р.Елжанова

«____» _________ 2016ж «____» _________ 2016ж










Шебер сынып

Тақырыбы:Сын тұрғысынан ойлау

[pic]







Мұғалім: Бержанова Ж.Г.

2016-2017 оқу жылы