Хайуанаттар дүниесі. ҚМЖ 4-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Әдебиеттік оқу

Сыныбы

4-сынып

Сабақтың тақырыбы

Хайуанаттар дүниесі. Бейсебай Кірісбаев

Мақсаты

Сынып оқушыларының төрт түлік мал,  мал шауашылығы және малшының тұрмыс - тіршілігі туралы алған білімдерін толықтыра түсуге жағдай туғызу. Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту арқылы сөйлеу тілдерін дамыта түсу. Төрт түлік малды құметтеуге, малшы еңбегі мен ауылшаруашылық еңбектің құндылығын сезіндіру арқылы ұлттық  тәрбиеге бейімдеу. 

Оқыту нәтижелері

Төрт түлік мал,  мал шауашылығы және малшының тұрмыс -тіршілігі туралы алған білімдерін толықтырады. Тіл байлықтары, сөздік қорлары дамиды. Төрт түлік малды құметтеуге, малшы еңбегі мен ауылшаруашылық еңбектің құндылығын сезінеді. 

Әдіс-тәсілдері

түсіндіру, әңгімелеу, ізденіс сабақ, сатылай кешенді талдау, жинақтау.

Көрнекіліктері

Төрт түлік малдың суреттері, төрт түлік малға арналған ырым- тыйымдар жазылған сөздер; интерактивті  тақта,  слайдтар,  оқулық

Негізгі ресурстар

Оқулық, интернет, әдістемелік құрал



Семей қаласы №41 жалпы орта білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі Камзина Гүлза Сайлауғалиқызы

4-сынып, әдебиеттік оқу пәні


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әдіс-тәсілдер

Ұйымдастыру

кезеңі

Ынтымақтас

тық атмосферасын орнату


Психологиялық дайындық

«Сәттілік тіле». Шаттық шеңберіне тұру арқылы бір-біріне тілек айтады.

Оқушыларды кеспе қағаздарын тарату арқылы топтарға бөлу: жылқы, түйе, сиыр, қой.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

«Кубизм» әдісі арқылы сұрақтарға жауап ала отырып, үй тапсырмасы пысықталады.

Бір-біріне тілектер айтады.


Топтарға бөлінеді.


Үй тапсырмасы пысықтайды.

Шаттық шеңбері




«Кубизм» әдісі

Қызығушылықты ояту

Интерактивті тақтадан гиперссылка арқылы жұмбақтар көрсете отырып, шешкізу.

Өзі үлкен жануар,  

Үстінде екі тауы бар. (түйе)                   

Төрт аяғы бар,

Басында екі таяғы бар,

Иегінде сақалы бар. (ешкі)

Қамыс құлақ, тастаған тұяқ
Мінсең қанат,

Сүті - дәрі, еті - тамақ. (жылқы) 

Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар
Екі сыбыртқысы бар.
(сиыр)

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Тастан-тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкірегі,
Аула оның тұрағы. (лақ)


Жұмбақтар шешеді







АКТ

Мағынаны тану

Төрт түлік мал бейнеленген сурет «Атамның қорасында»
Мына сурет сендерге қандай ой салады?
«Төрт түлігім ырысым»

Түйе -байлық

Қой- мырзалық

Ешкі- жеңілдік

Жылқы- сәндік

Сиыр- ақтық – деген қазақ атамыз.

Бүгін біз төрт түлік мал туралы алған білімімізді толықтыра түсеміз.
Әр топ өз тобының атауына байланысты өз білгендерін қағаз бетіне түсіруі керек.  «Постер» құрайды. (Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі)

  1. Автормен  таныстыру. Бейсебай Кірісбаев

  2. 1955 жылы 12 қыркүйекте туған. 1974— 1975 жылдары Ақсу аудандық (Талдықорған облысы) «Өмір нұры» газетінде әдеби қызметкер болды. 1980 жылы Қазақ мемлекеттік  университетінің журналистика факультетін бітірген. 1980—1982 жылдары республикалық «Білім» қоғамының баспа бөлімінде кіші редактор қызметін атқарды. 1982—1985 жылдары «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінің әдебиет және өнер бөлімінде жұмыс істеді. 1985—1992 жылдары «Балдырған» журналының бөлім редакторы, 1992 — 2003 жылдары бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. 

«Тамшы» атты алғашқы жинағы 1979 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген. 1982 жылы «Алты әзілкеш» («Жалын», 1982) атты ұжымдық жинаққа топтама өлеңдері енген. «Аппақ бақ-бақ» («Жалын», 1984), «Адамша кел» (топтама, «Жалын», 1991), «Кілтипан» («Жалын», 1992), «Ықылық» («Жазушы», 1998), «Жаңылтпаштар» («Балауса»,1998) кітаптарының авторы.
Оқулықпен жұмыс

Өлеңді әр топ өздеріне бөлінген шумақтарын мәнерлеп оқиды.

Оқулықта берілген өлең шумақтарын әр  топ мәнерлеп оқып шығады.

«Кубизм»  стратегиясы бойынша тапсырмаларды анықтау

1.Төрт түлік мал тақырыбына  бес жол өлең жазу

2. Вен диаграммасы «Қала өмірі мен ауыл өмірі» салыстыру

3. Венн диаграммасы  «Үй  жануарлары мен дала жануарлары» салыстыру 

4. Төрт түлік мал туралы жаңылтпаш айту

Топтардың пікірін тыңдау.











Постер құрады



Автор туралы мағлұмат алады.






















Оқулықпен жұмыс:

1.Мәтінді оқиды.

2.Өлең сөзіндегі ұйқасты табады.


СТО








Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер







Жас ерекшелік




Түсіну

















Топпен жұмыс



Қолдану


«Кубизм» әдісі


Вен диаграммасы



Ой толғау

Мақал-мәтел сайысы (тақтадан гиперссылка арқылы жасалған слайдтар көрсетіледі. Балалар мақал-мәтелдің сөздерін толықтырады.)

Берілген мақал-мәтелдің жалғасын табу:

1. Мал өсірсең … өсір,
Өнімі оның көл-көсір.

2. Ер қанаты – …

3. Ат айналып … табады,

Ер айналып елін табады.

4. Соңғы түйенің жүгі ...

5. Сиыр су ішкенде,
… мұз жалайды
.

6. Жүзден  -  жүйрік, мыңнан – …

Сұрақ-жұмбақ (сұрақтар гиперссылка арқылы әр топқа кезекпен беріледі)

1.Төрт түлік малды қалай шақырады?

2.Төрт түлік малдың иелерін, пірлерін ата.

3.Төрт түлік малдан алынатын сусындарды ата.

4.Төрт түлік малға байланысты тыйым сөздер

5.Төрт түлік малдың төлдерін ата.

6. Сүттен жасалатын өнім түрлерін айт.

Пікірлесе отырып, мағынасын ашады.

Дәптерге көшіріп жазады.

Талдау

Топпен жұмыс. 



АКТ


Рефлексия

Сонымен балалар төрт түлік мал адам үшін ішсе сусын, жесе тамақ, кисе киім, мінсе көлік.

«Бесбармақ» әдісі бойынша өтілген сабақты бағалау: сабақ ұнаса бармақты жоғары көтеру, орташа болса , бармақты көлденең көтеру, ұнамаса төмен түсіру.

Өз ойларын, көңіл-күйлерін білдіреді

«Бесбармақ»  әдісі

Бағалау

Оқушыларды мадақтау, бағалау

Топта бағалау

Оқыту үшін бағалау

Үйге тапсырма

Мәтіннен ұнағанын жаттау. Түліктердің жастарына қарай атауларын  жазып келу.  

Үй тапсырмасын орындайды.