Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары ( қайталау сабағы)
Сабақтың мақсаты:
1. Өткен сөз таптарын еске түсіріп, алған білімдерін кеңейту. Сөз таптарын сөйлем ішінен тауып,оған сұрақ қоя білуге үйрету,сауатты жазуға дағдыландыру.
2. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана шығармашылықпен жұмыс істеуге дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойнайық та, ойлайық.
Сабақтың типі: Қайталау.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау,топпен жұмыс, көрнекілік, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
Психологиялық кезең:
Армысың, алтын күн,
Армысың, көк аспан.
Армысың, жан досым,
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым!
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды қазақ тілі сабағына дайындау:
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім !
- Ендеше, дүниеде ешнәрсе тең келмес, ұлттық қадір-қасиеттерімізді арттырар, тіліміздің қыр-сырын танытар, қазір қазақ тілі сабағы.
І топ «Әділ» Ұраны: Әділ істің-арты игі.
ІІ топ «Білгіштер» Ұраны: Білемін деп мақтанба,
Сенен де білгіш табылар.
ІІ. Негізгі бөлім. Біздің бүгінгі қайталау сабағымыз 6 кезеңнен тұрады. Олар:
І кезең «Ой қозғау»
ІІ кезең «Кім жылдам?»
ІІІ кезең «Ой толғау»
ІV кезең «Ойлан, тап»
V кезең «Мақал - сөздің мәйегі»
VІ кезең «Шығармашылық жұмыс»
І кезең «Ой қозғау»
Әр кезең бойынша дұрыс жауапқа домбыра сыйлаймын.
Қазір қандай жыл мезгілі?
Көктем.
Көктемде ағаштың жапырақтары бар ма?
Көктемде ағаш жапырақтары жоқ.
Ендеше мына ағашқа біз жапырақ ілеміз.
Ол үшін жапырақтардың артындағы сұрақтарға жауап беруіміз керек.
ІІ кезең «Кім жылдам?»
Сөз таптарын пысықтау үшін , семантикалық картамен жұмыс:
есімдер
сөздер
Сан есім
Сын есім
Етістік
Зат есім
ойнады
доп
әдемі
төртінші
биік
оқушы
биледі
оныншы
сопақша
алты
лимон
үшінші
бұлбұл
ұшырды
сатушы
Суреттегі заттарды салыстыру. Венн диаграммасын пайдалану.
алма қияр
ІІІ кезең «Ой толғау»
Ана тілі және әдебиеттік оқу пәндерінен өткен, жаттаған өлең сөздері ауыстырылып берілген.
1) Өлең кімнің өлеңі
2) Ауыстырылып берілген өлең шумақтарын ретімен жазу
Ыбырай Алтынсарин
Бір Аллаға сиынып,
Оқығанды көңілге.
Ықыласпен тоқылық!
Кел, балалар оқылық.
Абай Құнанбаев
Құмарланып шаттанда.
Ғылым таппай мақтанба,
Ойнап босқа күлуге.
Орын таппай баптанба.
Сергіту жаттығуы: «Қаражорға биі».
ІV кезең «Ойлан, тап»
I топ Сурет бойынша шағын мәтін құрастыру зат есім мен етістікті табу.
II топ Сурет бойынша шағын мәтін құрастырып, сын есім мен сан есімді табу.
V кезең «Мақал - сөздің мәйегі»
Сан есім кездесетін 2 мақал айтындар.
Мақал мәтелдерді жалғастыру
1. Оқу - білім бұлағы,
(Білім - өмір шырағы).
2. Отанды сүю (от басынан басталады).
3. Оқусыз білім жоқ,
(Білімсіз өмір жоқ).
4. Туған елдей ел болмас,
(Туған жердей жер болмас).
5. Ақыл — тозбайтын тон
(Білім — таусылмайтын кен)...
6. Отан оттан да (ыстық).
7. Оқу түбі — (тоқу).
8. Өнер алды (қызыл тіл)
9. Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
10. Өзге тілдің бәрін біл,
(Өз тіліңді құрметте).
VІ кезең «Шығармашылық жұмыс».
Мынау қызғалдақтың біреуін таңдап,«Көктем» тақырыбына эссе жазамыз.
Оқушылар білімін бағалау
Кімде қанша домбыра бар?
Қайсы команда жеңді, сол команданың оқушыларына «5»
Жеңілген командаға «4»
Үйге тапсырма: 1 – сынып ереже жаттау.
2 – сынып сөз таптарына 5 сөйлем құрастыру.
Рефлексия. Тақтада не бейнеленген?