Шілдехана.
Балаға ат қою.
[pic] [pic]
2 «А»сынып
2010-2011 ж.ж.
Шілдехана.Балаға ат қою.
Мақсаты:
ата-баба дәстүрінің қасиеттілігін,мағынасын жеткізу,есте сақтау.
Көрнекілік:
Презентация,сазәуен, ұлттық киім,дастархан,киіз үй.
Жүргізушілер:
Зарина , Лаура, Индира.
Қатысушылар :2 «А»сынып оқушылары.
1 жүргізуші Зарина:
-Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар.Ата-баба дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асым мұра деген сөз бекер айтылмаған.Ендіше бүгін біз халқымыздың салт-дәстүрінің бірі шілдехана,балаға ат қою рәсімін көрсетелік.
Жас нәрестенің дүниеге келуі ата-анаға,ағайын туыс қауым жұртқа зор қуаныш әкелуімен үлкен борышта жүктейді.Дәлірек айтсақ,ұрпақ тәрбиелеудегі халықтық мектеп сәбидің дүниеге келуіне арналған шілдехана тойында:
Әжелер :
(Индира М.,Динара А. Әндетіп)
Сен келді деп өмірге,
Шырақ жағып көңілге,
Қуануы қауымның
Тегін емес тегінде!
2 жүргізуші: Лаура
-деп қарт әжелер ән шырқауында да үлкен мән –мағына бар.
Ел жиналып болғаннан кейін шілдехана тойын әнші жігіт домбырасын безілдете той бастайды.
1әнші жігіт-Тамирлан:
Ау,халайық тыңдаңдар,
Босқа қарап тұрмандар№
Қуанышқа қосылып,
Шілдехананы тойландар!
Нәрестенің жолына
Шашу шашып,жинаңдар!
Шашу ды әжесі шашады.(Индира М.)
2-ші әнші жігіт-Асылхан
Бүгін мұнда сән бөлек,
Себілетін дән бөлек.
Ағын судай арқырап,
Төгілетін ән бөлек.
Тамылжыған шапағы,
Балқып атқан таң бөлек!
Айдай туып ақ бөбек,
Шаттандырды елді ерек.
Бәйшешектей құлпырған,
Құтты болсын бал бөбек!
Келген қонақтар өз ниетін білдіріп ,көтермелей қостайды.
(сынып оқушылары дастархан басына отырады,тілектерін айтады)
3-ші жүргізуші-Индира Б.
-халқымыз балаға ат қою рәсімін көбінесе шілдехана тойында жалғастырған.Балаға ат қою рәсімін негізінен отбасындағы ең үлкен ұлағатты кісі орындаған.Балаға ат қою да ұлағаттылық пен жауаптылық қажет,бұл рәсімді аталар дәстүрінен аумай ,салтанатты түрде өткізүдің мәні зор.Қәзір осы рәсімді тамашалайық.
3-ші әнші жігіт Бауржан Б.
-Шекер ме екен,бал ма екен
Шынар ма екен,тал ма екен.
Арқаласа ауыр жүк,
Қайыспайтын нар ма екен.
Ұл ма,қыз ба нәресте,
Айтатын жан бар ма екен?
Жүргізушілер:-Ұл туды,ұл!
Әжесі-Индира М.
-Қария ауылымыздың сыйлы ақсақалдарының бірісіз.Мына немереме ат қоюды сізден өтінейін деп отырмын.Азан шақырып баланың атын қойып беріңіз.(баланы жастықпен қарияның қолына береді)
Қария кісі –Ерназар Н.
-Наурыз мейрамының қарсы алдында туыпсың сәбиім.Атыңды Наурызбай деп атайын.
(баланың құлағына 3 рет Сенің атың Наурызбай! -деп азан шақырады)
Бұл аты қойылған баланың елімен алғашқы жүздесуі деп саналады.Бұдан кейін бата беріледі.
Қария кісі : Ерназар Н.
Ал батамды берейін,
Арта берсін мерейің.
Қойға толсын өрісің,
Алшы түссін кеңейің.
Құлын-тайың шұрқырап,
Тассың бағың-мерейің!
Басына бақыт қонсын!
Өмірің гүлге толсын! –
Жалғасында өлең орындалады.
«Дәстүрлер»