2-сынып. Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға төрт түлік мал туралы білімдерін жетілдіре түсе отырып, төрт түлік малдың пайдасын адам өміріндегі алатын орны туралы түсініктерін қалыптастырады;
2. Ырым-тыйымдарды, мақал-мәтелдерді жатқа айтуға, топпен жұмыс істеу арқылы бір-бірін тыңдауға, ойын еркін жеткізуге дағдыланады;
3. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, салт-дәстүрді меңгеруге, төрт түліктерді сүюге тәрбиеленеді.
Сабақтың міндеттері: Шығармашылық қабілеттерін арттыру.Топтық жұмыс арқылы тапсырмаларды бірлесе отырып шешуге, топ ережесін сақтауға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді.
Әр бала өз ойын еркін жеткізе біледі.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Диалогтық сұрақ-жауап
Қамтылатын модульдер: СТО стратегиялары, АКТ.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық проекторлар, асық, мал жүні, қырықтық қайшы, балаларға таратылатын ресурстар,
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, музыка.
Сабақтың жоспары:
Сабақты ұйымдастыру формасы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру формасы
«Амандасу» жаттығуын ұйымдастырылады.
Психологиялық ахуал
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөліну
Сыныпты 4 топқа бөлу.
1-топ: «Қошақандар»
2-топ: «Ботақандар»
3-топ: «Құлыншақтар»
4-топ: «Бұзауқандар»
Оқушылар төрт түлік малдың төлдері бойынша топқа бөлінеді.
«Миға шабуыл» Жұмбақты шешу
І тапсырма:
Жұмбақ арқылы оқушылар өлеңнің жалғасын табады.
1.Баладай баққан аталар, Түйе баласы ...(боталар)
2.Момақан-ақ өзі, Қой баласы ..(қозы)
3.Ұмытпағай ұлым, Жылқы баласы ... (құлын)
4.Біліп жүр ұл мен қыз-ау, Сиыр баласы ... (бұзау)
Топтар бірін-бірі бағалайтынын ескертіп,бағалау парағын топтарды бақылап отырған бақылаушыға тапсыру, сонымен қатар қай топтағы оқушылар сабаққа қатысып отырса, оларға асық беріліп отырады.
Тапсыр малар
1-топ
2-топ
3-топ
4-топ
Ітапс.
ІІтапс.
ІІІтапс.
ІVтапс.
Vтапс.
Балалар ойлана отырып, өз тобымен жұмбақты шешеді.
Оқушыларға видео ролик арқылы төрт түлік мал туралы маұлұмат беріледі.
Негізгі бөлім
ІІ тапсырма: Оқулықпен жұмыс Өлеңlі мәнерлеп оқу. Әр топтан бір баладан мәнерлеп оқиды.
Сөздік жұмысы жүргізіледі.
Дәптермен жұмыс. Күннің жады жазылады. Төмендегі сөздерді көшіріп жазады.
Сырдаң-жұтаң, кедей жоқ-жұқа
«Сен білесіңбе?»
Қытайдағы қазақ ағайындарымыз біздің ұлттық тағамдарымызды әлемге паш етіп, 1111 метр қазы «Гиннесс рекордтар» кітабына тіркелді. Ол 44 жылқының етінен жасалған дәлелдеп, танытты.
Дәптермен жұмыс.
Өлеңнен түсініксіз сөздерді сұрайды және оларды дәптерге жазады.Оқушылар төрт түлік туралы өз ойларын айтады. Сөздік жұмысы бойынша өз ойларын мысалдар арқылы айтады.
Қосымша мәлімет беріледі.
Топтық жұмыс
Сергіту сәті:
«Қошақаным» әнін айтып, қимыл-қозғалыс
жасау.
ІІІ тапсырма:
Төрт түлікке байланысты ырым-тыйымдар айту.
ІVтапсырма:
І топ: Төрт түлік суретін салу.
ІІ топ: Төрт түлікке байланысты «Бес жолды» өлең құрастыру.
ІІІ топ: Эссе жазу (төрт түлік)
ІV топ: Мақал-мәтелдер айту
Vтапсырма:
Оқулықтағы малдың пайдасын мынадай сызбағы түсіреді.
Жүнне жасалатын заттар Сүтінен жасалатын тағамдар
Терісінен жасалатын заттар
Әр топтағы айтқан балаға асық беріліп отырады.
Әр топ өзіне берілген тапсырмаларды қорғайды.
Топтар бірін-бірі бағалап, олар бағалау критерийлерін айтады.
Оқулықтағы берілген сызбаны ойлана отырып жазады.
Сабақты бекіту
Барлық топқа: «Кім жылдам?» тапсырмасы бойынша әр топ өз ойын жинақтай отырып сұраққа жауап береді.
- Ешкінің баласы?
- Қойдың пірі?
- Жылқының етінен не жасалды, қандай кітапқа тіркелді?
- Сиырдың баласы?
- Төрт түлік малдан қандай тағам жасалады?
Әр топ біріге отырып берілген тапсырмаға ойлана отырып жауап береді.
Сабақты бағалау
Топтар бірін-бірі бағалағанын анықтап,бағалау парағын бақылаушыға оқыту:
Осы жоғарыдағы бағамен салыстыра отырып,балаларды мадақтап,бағалау.
Барлық қойылған бағалардан қорытынды баға шығады. Сонымен қатар қай топ асықты көп жинағанын анықтайды.
Кері байланыс парақшасы
Стикерлер таратады.
Б.Б.Ү. бойынша балалардың түсінігін бүгінгі сабақтан алған әсерін анықтау.
Білемін Білгім келеді
Үйренемін
Әр топ келесі топқа өз пікірлерін жазады.
Б.Б.Ү. сызбасына өз стикерлерін жапсырады.
Үйге тапсырма
Төрт түлік мал туралы буклет жасау.
Төрт түлік малға байланысты мақал-мәтелдер жинақтау.
Өлеңді жаттап келу.