Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат 1- сынып факультатив

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Павлодар облысының Білім басқармасы

Облыстық педагог мамандарының білімін арттыру институты











1-сыныптың сауат ашу пәніне арналған авторлық факультатив жоспары





«Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат».







Құрастырған:

Павлодар облысы, Качир ауданы, Жасқайрат жалпы білім беретін негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Асаинова Салтанат Жакенқызы.









Рецензент:

«Білім мазмұны» кабинетінің әдіскері: Барамбаева Бағадат Серикқызы



























Түсінік хат.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі «педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті» деп көрсетілуі, «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында елбасының «біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілестерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек» деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында.

Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Оқушының білім сапасын көтеру – негізгі мақсат. Біздің оқушыға қойған талабымыз:

  • Қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;

  • Ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;

  • Алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

  • Өзін-өзі талдауды, өзін-өзі бағалай білуді меңгеру;

  • Басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу ( интернет, электронды пошта);

  • Қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөлінді анықтай білу;

  • «Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны ары қарай дамыту үшін ең басты жағдайлар жасалуы керек ».

  • Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Көбінесе «дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торанстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады.

  • Оқытуды мұғалім оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.

  • Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдында барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

  • Өзіндік талдау ( оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

  • Ерікті таңдау ( мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

  • Оқушылардың өзін-өзі шығармашылық басқаруы;

  • Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

  • Ата – аналармен ынтымақтастық құру.

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығаршылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

  1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

  2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

  3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

  4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

  5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильдерді көрсету. Қорыта келгенде, О.Балзактың «ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

Әрине атқарылған әстер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын , толғандыратын әстер жетерлік. Атап айтқанда, олар білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, бізге ой – өрісі жоғары дамыған, зерделі,жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығару мүмкін емес.



















Факультативтің мақсаты:

  • Оқушылардың білімін жетілдіру, сабаққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • Оқушылардың есепке, жазу мен жүргізіп оқуға қызығушылығын арттыру;

  • Қазақстан халқының ұлы жазушылары мен ойшылдарымен таныстыру, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру;

  • Ойлау шеберлігін арттыру;

  • Сөз саптау мен буын санын анықтау, қай буында қанша әріп екенін өз бетінше анықтауға баулу.









Факультативтің міндеттері:

  • Оқушылардың қабілеттілігін арттыру;

  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, білімді өз бетінше меңгеру және қолдануға тәрбиелеу;

  • Экологияны қорғау мен табиғатты сүюге баулу;

  • Шапшаң есептеуге,ауызша есептеуге, өмірде сол қағиданы қолдануға баулу;

  • Логикалық тапсырмаларды орындауға бейімдеу;

  • Шығармашылыққа баулу.

























«Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат».

Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат

( Әліппе мен қазақ тілі)

1 – тақырып: Дыбыстарды шолу. ( 2 сағат)

-Дыбыстар туралы жалпы мәлімет беру;

-Дыбыс пен әріптің айырмашылығын меңгерту;

-Не үшін дауысты, немесе не үшін дауыссыз екенін дәлелдеуге баулу;

-Сөзде қанша дыбыс барын, нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз екенін анықтау.

2 – тақырып: Дауысты және дауыссыз дыбыстар. ( 3 сағат)

-Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбысты ажыратуға баулу;

-Дауыссыз дыбысқа дауысты дыбысты қосып оқу;

-Неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын меңгерту;

-Буын санын анықтауға меңгерту.

3– тақырып: Дауысты дыбыстар мен әріптер. (3 сағат)

-А,Ә,О,Ө,Е, (У),Ы,І,Э,Ю,Ұ,Ү,Ё,И,Я – дыбыстарымен таныстыру.

-Орыс тілінен енген әріптер мен дыбыстар жайында білімдерін шыңдау.

-Жуан және жіңішке дауыстылар туралы мәлімет беру.

-Жұп дауысты дыбыстар жайында мәлімет беру.

4-тақырып: Дауыссыз дыбыстар мен әріптер. (3 сағат)

-Б,В,Г,Ғ,Д,Ж,З,Й,К,Қ,Л,М,Н,Ң,П,Р,С,Т,(У),Ф,Х,Ш,Щ,Ч,Һ – дыбыстарымен таныстыру.

-Дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

-Жұп дауыссыздар жайында мәлімет беру.

-Дауыссыз дыбыстардың кестесін меңгерту ( қатаң, ұяң, үнді)

5-тақырып: Буын. (2 сағат)

-Буын туралы мәлімет беру.

-Бір буынды сөздерді меңгерту.

-Й,Ң,У-әріптері буынның қай бөлігінде қалатыны туралы анықтама беру.

-Буынға бөліп, буын санын анықтауға баулу.

6-тақырып: Тасымал. ( 2 сағат)

-Сөзді тасымалдауға үйрету.

- Қандай сөздер тасымалданбайтынын меңгерту.

-Сөзді тасымалдауға баулу.

7-тақырып: Сөйлем және сөз. (3 сағат)

-Сөйлем туралы жалпы мәлімет беру.

-Сөйлем қандай әріптен басталып жазылатынын меңгерту.

-Сөйлем жазуға баулу,онда қанша сөз барын анықтау.

-Сөйлемнің неше сөзден тұратынын анықтауды меңгерту.

8-тақырып: Заттың атын білдіретін сөздер. (3 сағат)

-Заттың атын білдіретін сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінін меңгерту.

-Кімдер? Нелер? Деген сұрақтарға қандай сөздер жауап беретінін меңгерту.

-Суреттен кім? не? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді табу, сөйлем құрауға баулу.

-Сөздерді оқып шығып, сұрақ қоюға баулу.

9-тақырып:Заттың қимылын білдіретін сөздер. (3 сағат)

-Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін меңгерту.

-Сөйлемнің ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді табуға баулу.

-Суреттен заттың қимылын білдіріп тұрған сөздерді тауып, сұрақ қоюға баулу.

10-тақырып: Заттың сынын білдіретін сөздер. ( 3 сағат)

-Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін меңгерту.

-Суреттен заттың сынын, сапасын, түр-түсін білдіретін сөздерге сөйлем құрап, сұрақ қоюға баулу.

-Суреттер бойынша сөйлем құрауға баулу.

11- тақырып: Заттың санын білдіретін сөздер. (3сағат)

-Заттың санын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін меңгерту.

-Суреттен заттың санын білдіретін сөздерді табу,сұрақ қоюға, сөйлем құрауға баулу.

-Сөйлемнен қанша? неше? нешінші? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді табуға меңгерту.

12-тақырып:Өткенді қайталау,тексеру. Тест. Грамматикалық тапсырмаларды орындау. Мәтінді құрастыру. Жатқа жазу. (4 сағат)







































«Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат» факультатив сабағына арналған бағдарлама.

34 сағат.







Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Математика 1 сыныпқа арналған «Атамұра» 2008

Авторы: Т.Қ.Оспанов, Қ.Ә.Өтебаева, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ә.Ерешева,М.В.Маркина.

2.Әліппе 1 сыныпқа арналған «Атамұра» 2008

Авторы: Ш.Әуелбаев,Ә.Наурызбаева,Р.Ізғұттынова,А.Құлажанова.

3.Сиқырлы әріптер мен сөздер әліменде. «ШИКУЛА»

4.Сиқырлы пішіндер мен сандар әлемінде. «ШИКУЛА и К»

5. Бастауыш мектеп №3. 2008жыл.