Тәрбие сағатының тақырыбы: Жан жылуы- өмір шырағы
Тәрбие сағатының мақсаты:
Қайырымдылық, жақсылық жасау дәстүрлері жайында түсінік беру, бір-біріне көмектесу, халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жалғастыруға бағыт беру және жадында ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қайырымдылық жайында жазылған ұлағатты сөздер: «Жасаған жақсылығың сатулы болмасын», «Адамға қылған жақсылық өмірінде тозбайды», «Бір-бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтастықтың ауылы да алыстай береді», т.б.
1.Тренинг. Ән: Сен мені сүюге үйреттің.
2. Видео ролик
3. Пікірталас. Постер қорғау.
3. Көрініс
4. Тақпақ
6. Ән «Дос болайық бәріміз»
7. Би «Қазақ биі»
8. Ән: Армансыз адам болмайды.(Бәрі бірге
1.Тренинг. Ән: Сен мені сүюге үйреттің.
Табиғаттағы барлық жылу- күннен
Өмірдегі барлық жылу – адамнан
Өзгеше тағдыры бар, өмірдің бар қиындығын көріп, өмір үшін күн сайын күресіп, өмірден күдер үзбеген адамдар бар. Жанын жаралаған қатал тағдырына мойымай, өмірді шексіз сүйетін ерекше адамдардың шын жүрегімен Қашан да жылаған жүректерді жұбатып, құлағанды демеп, қуанғанның қасынан табылу Көгілдір экраннан ата-анасынан айырылып, балалар үйіне тап болған бүлдіршінді, өз баласындай бауырына басып, тәрбиелеп өсіруге ниетті ата-аналар табылды.
Мен бүгінгі «Жан жылуы- өмір шырағы» атты шараны Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
.... Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.
2. Видео ролик
3. Пікірталас. Постер қорғау.
1. Ана мен баланың арасында қандай қатынастар жетіспейді? (түсінбеушілік, ашық сөйлеспеу т.б)
2.Жақсылық жасау арқылы қандай нәтижелерге жетуге болады?
(Өзіңді өзің сыйлатасың,т.б)
3. Көрініс
Көрініс «Ғылым, ақыл, жүрек» (Абайдың 17-қара сөзінен алынған).
Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді.
Сезім
Кеуде тұсына қызыл жүрек бейнесін ілген.
Жүрек. Мен адам баласын алаламаймын;
Жақсылыққа елжіреп,еритұғын-мен,жаманшылықтан жиреніп,тулап кете тұғын-мен.
Әділет,нысап,ұят,рақым,мейірімділік дейтұғын нәрселердің бәрі меннен тарайды.
Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарата сөз сөйлейді.
Ей,ақыл! Амал да, айла да-бәрі сенен шығады,жақсының,жаманның,екеуінің де сүйенгені-сен екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің соның жаман.
-Ей,қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап,кейде жамандықты берік ұстап кетесің-соның жаман. Ортада бой таластырған үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді.
Басына шалма ораған, ойлы,қолында кітап (Бихан)
Білім.
-Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім. Бірақ сонда билеуші,әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.
Жүргізуші. -үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті.
Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.
Біреуінің күні жоқ,біреуінсіз.
Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.
1 сынып
О,ата-ана!
Таянышы,тірегі!
Бар бақытты бір басыңа тіледі.
Балаларым жақсы болсын деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің,
Өмір берсе жаратқаным жетімге,
Берді оған күшпен тірлік етуге.
Күресуге келмесе де шамасы
Жаралмаған мәңгі жылап өтуге.
Көңілінен ана сөзі кетпейді,
Әрбір күні өкінішсіз өтпейді.
Тұрса-дағы мейірбандар алдында,
Ананың ақ жүрегіне жетпейді.
Жылап жүрсе қазақтың бір баласы,
Ішінде оның ашу,ыза наласы.
Болмас еді жетім деген сөз мүлде,
Өз баласын тастамаса анасы.
Ата-ананың жоқтығына өкінген,
Қиындықпен күресуге бекінген.
Ұғынсаңшы,анасы,сенің балаң бұл,
Жаралмаған мәңгі жылап өтуге.
Жан-жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оралғанда сапардан
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба
4 сынып
Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын
Бекер айттым екен деп айта қайта алмаймын
Өйткені біреулерге бақыт қонса,
Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым.
Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын
Сазды әуенге елітіп алданбаймын
Бір әумесер есірсе есі кетіп,
Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың.
Бұл өмір тәтті де емес тамсанатын
Жеткізіп айта алмаған қаншама ақын
Ойсыздарға ой салған оқпан болып
Асып – тасқан жерінде ән салатын
Күлкі емес күмбір қағып мөлдіреген
Анаңның жүрегі емес елжіреген
Еркелетіп бойына үйретіп ап,
Кеудеңе кептеп қояр желді үдеген
Кейде жұрттың бәрінен артық етіп,
Түсірмейді қолынан асық етіп.
Бұл өмірге, апыр ау дауа барма?
Кейде нұқып тастайды жасық етіп.
Қызығы да өмірдің осы болар,
Сан қилы мінезімен тосып алар.
Бірде сипап маңдайдан, бірде соғып,
Бауырындай құшақтап қосып алар.
Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,
Жамандарды іздемен, өзі ақ табар,
Жақсыларды табуың қиын екен...
Өтеді ғой... Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына,
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына.
Атаң болса, анаңмен -
Алтыннан соққан қорғаның,
Ағаң болса ақылды -
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса жанашыр -
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл -
Өкпе – бауыр, жүрегің.
7. Ән: Армансыз адам болмайды.(Бәрі бірге)
Қорытынды
Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямалық ағайын!
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле - өлгенше соны таныр қиядан
Өнер - білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған
Жақсы - жаман болса бала солардан,- деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты.Білім деп жүріп жақсы тәрбие беруді ұмытып кетпейік. Яғни білім мен тәрбие егіз. Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып «Жан жылуы- өмір шырағы» атты мейірімділік, қайырымдылыққа байланысты шарамызды аяқтаймыз.
Тағдыры өзгеше болса да, өмірдің бар қиындығын көріп және жанын жаралаған қатал тағдырына мойымай, өмір үшін күн сайын күресіп, өмірден күдер үзбеген қайратты да, батыр адамдар бар. Ал біздер қашан да жылаған жүректерді жұбатып, құлағанды демеп, қуанғанда қасынан табылуымыз біздің міндетіміз. Біз бір-бірімізге жан шуағымызды, жылы сөзбен, ігі істермен бір-бірімізге жылу сыйлайық, қолымыздан келгенше көмегімізді аямайық.
Бақытыңды балаңнан ізде
Мақсаты: Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру
Әдісі: пікірлесу, сұрақ - жауап, тренингтер, ситуациялық сұрақтар
Түрі: пікірталас
Барысы: Құрметті ата - аналар «Отан отбасынан басталады» демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата - ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата - ананың бақыты неде?
Баласы ата - анасын қалай бақытты етпек?
Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Бақытыңды балаңнан ізде»атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Мен бүгінгі пікірталасымызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
.... Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.
- Өз балаларымызды қаншалықты білетіндігімізді байқау үшін «Кім жылдам» ойынын ойналық:
Ата - аналар дөңгелене тұрады
Мұғалім сұрақ қойып допты береді ата - ана жылдам жауап беріп келесі ата - анаға береді
1. Балаңыздың туған күні қашан?
2. Сынып жетекшісінің аты - жөні кім?
3. Балаңыздың парталас көршісі кім?
4. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
5. Балаңыздың сүйікті асы не?
6. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
«Әрбір баланың мінез құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Сондықтан, ата - аналар, мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.
1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
2. Бала үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?
3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
4. Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?
5. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
6. «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?
- Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету
1 - жағдаят Өзінен кішілерге әлімжеттік көрсетіп ақша тартып алу
2 - жағдаят Бала міндетіне салғырт қарау
3 - жағдаят Балаларға қымбат зат алып беру
Ата - аналардың пікірі тыңдалады
Осы жерде мен ата - аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр.
Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз
1 - қателік «Егер сен мен қалағанындай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»
2 - қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»
3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»
4 - қателік Балаларды тым еркелету
5 - қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»
6 - қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету
7 - қателік Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау
Міне құрметті ата - аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.
«Ата - ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата - ана баласының түйсігіне қандай із салса бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.
Енді «Жұмбақ кейіпкердің» әңгімесін тыңдасақ
1. Ата - аналар, бұл жағдайға не айтасыздар?
2. Сіздердің түсініктеріңізше «Бақытты жанұя» қандай болуы керек?
3. Балаға, ата - анасына қандай ақыл кеңес айтар Келесі кезекті ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасқа арналған ойынға береміз
Ойын «Жазалау» деп аталады
Ортаға 3 ата - ананы шақырамыз
1. Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғалімге дауыс көтеріп айқайласты
2. Балаңыз көрші үйдің затын ұрлап алыпты, оны көршіңіз сізге келіп айтты
3. Мектепте өзінен кіші баланы ұрып төбелес жасапты, оны мұғалімнен естідіңіз
Ата - аналар енді сіздер балаларыңызды жазалауларыңыз керек
- Ата - анаға жадынама (Үлестірмелер таратып беру)
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің
- Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады
- Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады
- Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына алуға бейім тұрады
- Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал сабырлы, ұстамды келеді
- Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады
- Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау - дамайдың ортасында жүреді
Жағдаятқа ену
Ортаға оқушыларды шақырамыз
Оқушылар ата - аналарына барып өздерінің басынан өткен жағдайларын баяндап айтады
1 - оқушы Анашым, мен бүгін сабаққа бармай - ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы
2 - оқушы Әке мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым
3 - оқушы Анашым, мен бүгін сіздің жақсы көретін құмыраңызды сындырып алдым
4 - оқушы Әке мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым
Ата - аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын(қуаныштарын, реніштерін іс - қимылын салып) көрсетеді
- Ортаға ақ және қара жәшік қойылады
Ата - аналардың қолына ата - анаға қатысты жақсы жаман қасиеттер жазылған үлестірме қағаздар таратылады
Ата - ана осы қасиеттерді іріктеп жақсы қасиаттерді «егер мен баламнан бақытымды көргім келсе» деп ақ жәшікке
Жаман қасиеттерді қара жәшікке салады
Құрметті ата - аналар! «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туысқандарына беген сүйіспеншіліктен басталады»деп елбасы Н. Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі балалардыңдұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан балаларыңыз елін, Отанын сүйген азамат болып өсіп сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер!
- Ата - аналардың пікірлері тыңдалады
Бүгінгі пікірталас сайысымыздан қандай әсер алдыңыз?
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле - өлгенше соны таныр қиядан
Өнер - білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған
Жақсы - жаман болса бала солардан,- деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты.
Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып «Бақытыңды балаңнан ізде» атты пікірталасымызды аяқтау.
Бақыт жайлы пікір айтып қызулы топ таласты
Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген - барлық байлық емес пе?
Керегінше киіп, ішсең «бақыттысың» демес пе?
Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой»
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой.
Бірі айтады: «Бақыт деген - жүйрік мініп той тойлау»
Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, қарт ойнау.
Бірі айтады: «Бақыт деген - адал жар мен перзент қой!»
Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой
Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым
Бақыт адам баласына келмес оңай соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да
Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда
Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты,
Оны алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты!- деп ақын ағамыз айтқандай бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту осы отырған барлық азаматтың борышы.